Қандастар Ассамблея

27-ақпан

21.08.2013 2092
Доминикан Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1863). Гаити аралының шығыс бөлігі мен соған шектесіп жатқан шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Санто-Доминго қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Ел аумағы әкімшілік жағынан 29 провинцияға, 1 ұлттық округке бөлінеді. Елді және атқарушы үкіметті президент басқарады. Заң шығарушы органы - екі палатадан тұратын Ұлттық конгресс. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Оңтүстік Америка мемлекеттері. Сондай-ақ БҰҰ, Америка мемлекеттері ұйымына, Латын Америкасы экономикалық одағы, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше. 2001 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі өнер ұжымының тұсаукесер рәсімі өтті. Оркестр Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанынан құрылды. Құрамында 50-ден астам арнаулы жоғары кәсіби білімді мамандар бар. Оркестрдің репертуарында халық композиторлары Құрманғазы мен Динаның, Түркештің, Дәулеткерейдің күйлері, Н.Тілендиевтің, К.Күмісбековтың, А.Жайымовтың, Е.Брусиловскийдің, С.Мұхамеджановтың, т.б. шығармалары, орыс және Еуропа композиторларының туындылары бар. 2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды. 1919 жылы  Ресейде  тұңғыш радиохабар таратылып, Морзе әліпбиімен бірге эфирде алғаш рет адам дауысы тыңдалды. Радиохабар Төменгі Новгород өнертапқышы Михаил Бонч-Бруевичтің зертханасынан таратылды. 2007 жылы  Алматыда Литваның Құрметті консулдығы ашылды. Екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынасы 18 жыл бойы жалғасып келеді. 2007 жылы  Оралдық белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайыр Бектұрғановтың «Ат жалы» атты повестер жинағы жарық көрді. Орал қаласындағы «Дастан» баспасынан басылып шыққан бұл кітап жазушы шығармаларының үшінші томы болып табылады. Мұндағы алты повестің бәрі де орта жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған. 2007 жылы  Солтүстік Қазақстан облысы Ішікі істер департаментінің интернетте жеке сайты ашылды. Сайттың 12 бөлімінде ІІД құрылымы туралы ақпарат, департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Басқармалардың парақтарында жол апаты кезінде өзіңді қалай ұстау қажеттігін, қаруға рұқсатты қалай рәсімдеуге болатынын білуге, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына түсу ережелерімен танысуға болады. «Кері байланыс» бөлімінде солтүстікқазақстандықтар өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады, олардың жауаптары кейіннен сайтта орналастырылады. Веб-сайтта «Назар аударыңыздар! Іздеу», ішкі істер департаментінің телефон анықтамалығы, сенім телефондары бар.

Доминикан Республикасының Ұлттық мерекесі - Тәуелсіздік күні (1863). Гаити аралының шығыс бөлігі мен соған шектесіп жатқан шағын аралдарда орналасқан мемлекет. Астанасы - Санто-Доминго қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Ел аумағы әкімшілік жағынан 29 провинцияға, 1 ұлттық округке бөлінеді. Елді және атқарушы үкіметті президент басқарады. Заң шығарушы органы - екі палатадан тұратын Ұлттық конгресс. Негізгі сауда серіктестері АҚШ, Оңтүстік Америка мемлекеттері. Сондай-ақ БҰҰ, Америка мемлекеттері ұйымына, Латын Америкасы экономикалық одағы, т.б. халықаралық ұйымдарға мүше.

2001 жылы Дәулеткерей атындағы Батыс Қазақстан облыстық ұлт аспаптар оркестрі өнер ұжымының тұсаукесер рәсімі өтті. Оркестр Орал қаласындағы Батыс Қазақстан облыстық филармониясы жанынан құрылды. Құрамында 50-ден астам арнаулы жоғары кәсіби білімді мамандар бар. Оркестрдің репертуарында халық композиторлары Құрманғазы мен Динаның, Түркештің, Дәулеткерейдің күйлері, Н.Тілендиевтің, К.Күмісбековтың, А.Жайымовтың, Е.Брусиловскийдің, С.Мұхамеджановтың, т.б. шығармалары, орыс және Еуропа композиторларының туындылары бар.

2004 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамы құрылды.

1919 жылы  Ресейде  тұңғыш радиохабар таратылып, Морзе әліпбиімен бірге эфирде алғаш рет адам дауысы тыңдалды. Радиохабар Төменгі Новгород өнертапқышы Михаил Бонч-Бруевичтің зертханасынан таратылды.

2007 жылы  Алматыда Литваның Құрметті консулдығы ашылды. Екі мемлекет арасында дипломатиялық қарым-қатынасы 18 жыл бойы жалғасып келеді.

2007 жылы  Оралдық белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Қайыр Бектұрғановтың «Ат жалы» атты повестер жинағы жарық көрді. Орал қаласындағы «Дастан» баспасынан басылып шыққан бұл кітап жазушы шығармаларының үшінші томы болып табылады. Мұндағы алты повестің бәрі де орта жастағы балалар мен жасөспірімдерге арналған.

2007 жылы  Солтүстік Қазақстан облысы Ішікі істер департаментінің интернетте жеке сайты ашылды. Сайттың 12 бөлімінде ІІД құрылымы туралы ақпарат, департамент басшылығының азаматтарды қабылдау кестесі орналастырылған. Басқармалардың парақтарында жол апаты кезінде өзіңді қалай ұстау қажеттігін, қаруға рұқсатты қалай рәсімдеуге болатынын білуге, Қазақстан Республикасы ІІМ оқу орындарына түсу ережелерімен танысуға болады. «Кері байланыс» бөлімінде солтүстікқазақстандықтар өздерін толғандыратын сұрақтарын қоя алады, олардың жауаптары кейіннен сайтта орналастырылады. Веб-сайтта «Назар аударыңыздар! Іздеу», ішкі істер департаментінің телефон анықтамалығы, сенім телефондары бар.