Қандастар Ассамблея

18-ақпан

21.08.2013 1953
АҚШ-та президенттер күні. Ұлттың негізін қалаушылары саналатын А.Линкольннің туған күнінен (ақпанның 12-і ) кейінгі  және Дж.Вашингтонның туған күнінің (ақпанның 22-і) алдындағы дүйсенбіде атап өтіледі. Гамбия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1965). Гамбия - Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Батысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі. Астанасы - Банжул қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - даласи. 1992 жылы Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» құрылды. 1993 жылы  Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әубәкір Диваевтың есім берілді. 1979 жылы  Сахара шөліне қар жауып, табиғатта адам сенгісіз жағдай болды. 2005 жылы  «Ауыл шаруашылық қожалығының Ұлттық Ассоциациясы және олардың «Қазақстан фермерлері» кооперативтерінің» Республикалық қоғамдық бірлестік және Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетінің бастамасымен фермерлердің жоғары мектебі жұмыс істей бастады. Алғашқы сабақтың тыңдаушылары Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарының шаруа қожалықтары болды. Фермерлердің жоғары мектебінің мақсаты - қазіргі аграрлы технологиялар туралы, сапаны халықаралық стандартқа көшіру туралы, агросаладағы жұмысшылардың квалификациясын көтеру туралы ақпарат тарату. 2009 жылы  Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бейне-порталдың (www.kaztube.kz) таныстырылымын өткізді. Аталған порталда телевизиялық бағдарламалар, танымал адамдардың жеке мұрағаттары мен отандық өнердің түсірілімдері, ертегілер, қысқа метражды анимациялық фильмдер орналастырылуда. 2009 жылы  Астанада тозған көлік дөңгелектерін пайдалану зауытының бірінші кезегі іске қосылды. Инвестицияның көлемі АҚШ-тың 8 млн. долларын құрайды. Жобаны АО «Банк развития Казахстана» қаражатының көмегімен ТОО «Kazakhstan Rubber Recycling» жүзеге асырды. Өңдеудің өндірістік қуаты - жылына 20 мың тонна тозған дөңгелек. 2008 жылы Алматыда Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы актуарий мектебі ашылды. Оны Қазақстан актуарийлер қоғамы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қаржылық тұрақтылық үшін әріптестік» бағдарламасы аясында East West menegment Institute мен бірігіп ашып отыр. Игі іске Варшава жазғы актуарий мектебін ұйымдастырушылар да атсалысты. Мектеп Орталық Азия мен Кавказдағы сақтандыру компанияларына арналған. «Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия сияқты елдердің тәуекелді бағалаушы мамандары қатысуда. Бұл Қазақстан актуарийлерінің үлкен жетістігі. Өйткені біз өзіміздің ғана емес аймақтағы басқа елдердің де тәуекелді басқарушы мамандары оқытуға үлес қосады.

АҚШ-та президенттер күні. Ұлттың негізін қалаушылары саналатын А.Линкольннің туған күнінен (ақпанның 12-і ) кейінгі  және Дж.Вашингтонның туған күнінің (ақпанның 22-і) алдындағы дүйсенбіде атап өтіледі.

Гамбия Республикасының Ұлттық мейрамы - Тәуелсіздік күні (1965). Гамбия - Африканың батыс жағалауында орналасқан мемлекет. Батысында Атлант мұхитымен, солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде Сенегалмен шектеседі. Астанасы - Банжул қаласы. Мемлекеттік тілі - ағылшын тілі. Ақша бірлігі - даласи.

1992 жылы Қазақстан балаларының мейірімділік қоры «Бөбек» құрылды.

1993 жылы  Шымкент қаласының орталық көшелерінің біріне ғалым-этнограф, фольклоршы Әубәкір Диваевтың есім берілді.

1979 жылы  Сахара шөліне қар жауып, табиғатта адам сенгісіз жағдай болды.

2005 жылы  «Ауыл шаруашылық қожалығының Ұлттық Ассоциациясы және олардың «Қазақстан фермерлері» кооперативтерінің» Республикалық қоғамдық бірлестік және Астанадағы С.Сейфуллин атындағы Қазақ Мемлекеттік агротехникалық университетінің бастамасымен фермерлердің жоғары мектебі жұмыс істей бастады. Алғашқы сабақтың тыңдаушылары Ақмола облысының Аршалы, Шортанды, Целиноград аудандарының шаруа қожалықтары болды.

Фермерлердің жоғары мектебінің мақсаты - қазіргі аграрлы технологиялар туралы, сапаны халықаралық стандартқа көшіру туралы, агросаладағы жұмысшылардың квалификациясын көтеру туралы ақпарат тарату.

2009 жылы  Астанада ҚР Ақпараттандыру және байланыс агенттігі бейне-порталдың (www.kaztube.kz) таныстырылымын өткізді. Аталған порталда телевизиялық бағдарламалар, танымал адамдардың жеке мұрағаттары мен отандық өнердің түсірілімдері, ертегілер, қысқа метражды анимациялық фильмдер орналастырылуда.

2009 жылы  Астанада тозған көлік дөңгелектерін пайдалану зауытының бірінші кезегі іске қосылды. Инвестицияның көлемі АҚШ-тың 8 млн. долларын құрайды. Жобаны АО «Банк развития Казахстана» қаражатының көмегімен ТОО «Kazakhstan Rubber Recycling» жүзеге асырды. Өңдеудің өндірістік қуаты - жылына 20 мың тонна тозған дөңгелек.

2008 жылы Алматыда Орталық Азия мен Кавказдағы алғашқы актуарий мектебі ашылды.

Оны Қазақстан актуарийлер қоғамы АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігінің қолдауымен «Қаржылық тұрақтылық үшін әріптестік» бағдарламасы аясында East West menegment Institute мен бірігіп ашып отыр. Игі іске Варшава жазғы актуарий мектебін ұйымдастырушылар да атсалысты. Мектеп Орталық Азия мен Кавказдағы сақтандыру компанияларына арналған. «Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Әзірбайжан, Армения, Грузия сияқты елдердің тәуекелді бағалаушы мамандары қатысуда. Бұл Қазақстан актуарийлерінің үлкен жетістігі. Өйткені біз өзіміздің ғана емес аймақтағы басқа елдердің де тәуекелді басқарушы мамандары оқытуға үлес қосады.

Ұқсас материалдар