Қандастар Ассамблея

16-ақпан

21.08.2013 2651
Литва Республикасының Ұлттық мейрамы - Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні (1918). Литва Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Вильнюс қаласы. Ресми тілі - литван тілі. Ақша бірлігі - лит. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады. Литва индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары - машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Мал шаруашылығы мен балық аулау да жоғары дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдық, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды. Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мерекесі - КХДР Президенті Ким Чен Ирдің туған күні. 1995 жылдан бастап атап өтіледі. 1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарды ауыстыру өтті. 1996 жылы «Жамбыл» - «Тараз» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда газет орыс тілінде жарық көріп, қосымша қазақ тілінде де мақалалар басылып тұрды. 2002 жылғы наурыздан бастап қазақ және орыс тілдерінде бөлек шыға бастады. Қазіргі кезде газеттің таралымы орыс тілінде 11 мың, қазақ тілінде 4 мың дананы құрайды. 2000 жылы Шымкентте «Фэшн Лэнд» қазақстандық-пәкістандық біріккен тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті. 1903 жылы тіске пломбы салуда алғаш рет фарфор пайдаланылды. 2000 жылы Алматыда Абылай хан атындағы қордың президенті Шота Уәлиханов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Ғасыр саңлағы» алтын медалін тапсырды. 2005 жылы «Қазақстан» баспасынан, «Тұлға және уақыт» сериясынан «Ебіней Бөкетов» атты кітап жарық көрді. Авторы - танымал жазушы Медеу Сәрсеке. Е.Бөкетов (1925-1983) - қазақтың танымал ғалымы және педагог, техникалық ғылымдарының докторы, академик, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Өзі көп жылдар бойы басқарған Қарағанды мемлекеттік университетіне есімі берілген. 2007 жылы Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қуырмаш» жинағының тұсаукесері өтті. «Алматыкітап» баспасынан жарық көрген «Қуырмаш» жинағы жоғары сапада безендірілген. Бесік жырлары, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдер және төрт түлік турасында жырларды қамтитын кітапта балалардың жас ерекшелігі де ескерілген. Сондықтан ондағы жырлар 2-3 жастағы, 4-5 жастағы және 6-7 жастағы балаларға лайықталып, жеке-жеке бөлімдерге тармақталып берілген. 2006 жылы елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мұхтар Шахановтың «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы (Көз жұмар шақтағы арпалыс)» атты драмалық туындысының француз тіліндегі басылымының таныстырылымы болды.

Литва Республикасының Ұлттық мейрамы - Литва мемлекеттілігінің қалпына келтірілген күні (1918). Литва Балтық теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауында орналасқан мемлекет. Астанасы - Вильнюс қаласы. Ресми тілі - литван тілі. Ақша бірлігі - лит. Мемлекет басшысы - Президент. Жоғарғы заң шығарушы органы бір палаталы парламент - Сейм. Атқарушы билікті Министрлер Кабинеті жүзеге асырады.

Литва индустриялы-аграрлы ел. Экономикасының жетекші салалары - машина жасау, металл, ағаш өңдеу, химия, тамақ, тоқыма өнеркәсіптері. Мал шаруашылығы мен балық аулау да жоғары дамыған. Экспортының негізін мұнай өнімдері, машина, құрал-жабдық, тамақ, тоқыма өнімдері құрайды. Қазақстан Республикасы мен Литва Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы маусымның 15-інде орнатылды.

Корей Халық Демократиялық Республикасының Ұлттық мерекесі - КХДР Президенті Ким Чен Ирдің туған күні. 1995 жылдан бастап атап өтіледі.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Жаңа Зеландия арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы ноталарды ауыстыру өтті.

1996 жылы «Жамбыл» - «Тараз» апталық газетінің алғашқы саны жарық көрді. Бастапқыда газет орыс тілінде жарық көріп, қосымша қазақ тілінде де мақалалар басылып тұрды. 2002 жылғы наурыздан бастап қазақ және орыс тілдерінде бөлек шыға бастады. Қазіргі кезде газеттің таралымы орыс тілінде 11 мың, қазақ тілінде 4 мың дананы құрайды.

2000 жылы Шымкентте «Фэшн Лэнд» қазақстандық-пәкістандық біріккен тігін фабрикасының ашылу салтанаты өтті.

1903 жылы тіске пломбы салуда алғаш рет фарфор пайдаланылды.

2000 жылы Алматыда Абылай хан атындағы қордың президенті Шота Уәлиханов Қазақстан Президенті Н.Назарбаевқа «Ғасыр саңлағы» алтын медалін тапсырды.

2005 жылы «Қазақстан» баспасынан, «Тұлға және уақыт» сериясынан «Ебіней Бөкетов» атты кітап жарық көрді. Авторы - танымал жазушы Медеу Сәрсеке.

Е.Бөкетов (1925-1983) - қазақтың танымал ғалымы және педагог, техникалық ғылымдарының докторы, академик, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері. Өзі көп жылдар бойы басқарған Қарағанды мемлекеттік университетіне есімі берілген.

2007 жылы Сапарғали Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Қуырмаш» жинағының тұсаукесері өтті.

«Алматыкітап» баспасынан жарық көрген «Қуырмаш» жинағы жоғары сапада безендірілген. Бесік жырлары, жаңылтпаштар, жұмбақтар, санамақтар, мақал-мәтелдер және төрт түлік турасында жырларды қамтитын кітапта балалардың жас ерекшелігі де ескерілген. Сондықтан ондағы жырлар 2-3 жастағы, 4-5 жастағы және 6-7 жастағы балаларға лайықталып, жеке-жеке бөлімдерге тармақталып берілген.

2006 жылы елордадағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Мұхтар Шахановтың «Шыңғыс ханның пенделік құпиясы (Көз жұмар шақтағы арпалыс)» атты драмалық туындысының француз тіліндегі басылымының таныстырылымы болды.

Ұқсас материалдар