Нил ЛЕННОН, «Селтик» командасының бас бапкері «Тартыс әлі тарқаған жоқ»

21.08.2013 2471
Шотлондиялық «Селтиктің» бас бапкері Нил Леннон «Шахтермен» болған мачтан кейінгі баспасөз-мәслихатында осылай деп мәлімдеді. «Бұл кездесуде жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Сіздердің қақпаларыңызға гол соғуға мүмкіндіктер аз болған жоқ. Алайда оның қисыны мүлде келмеді»,-деп қынжылысын білдірді. Дейтұрғанымен, Нил Леннон 27 тамызда «Шахтер» мен «Селтик» арасында өтетін қарымда кездесуде өз командасының жеңіске жететініне сенім білдірді.  «Тартыс әлі тарқаған жоқ. Сондықтан Шотландияда өтетін қарымда ойында есемізді қайтаруға тырысамыз»,-деді. Бас бапкер журналистердің «Селтиктің» жеңіліс табуына не себеп болды деген сауалына: «Біріншіден, командаға жинақылық жетіспеді. Бұл жауапты мачқа тас-түйін дайын болғанбыз. Алайда сәттілік серік болмаған сыңайлы»,-деп қысқа қайырды.  Ал, Нил Леннон «Шахтердің» көрсеткен өнеріне қатты таң қалмағанын, алайда, «кеншілер» командасы өздері күткендей сапалы ойын үлгісін көрсеткенін, қазақстандық жанкүйерлердің өз жерлестерін тік тұрып қолдаулары нағыз футболды көрсетті деп атап өтті. Индира БАЙҚОНЫСОВА  

Шотлондиялық «Селтиктің» бас бапкері Нил Леннон «Шахтермен» болған мачтан кейінгі баспасөз-мәслихатында осылай деп мәлімдеді.

«Бұл кездесуде жеңіліс тапқанымыз өкінішті. Сіздердің қақпаларыңызға гол соғуға мүмкіндіктер аз болған жоқ. Алайда оның қисыны мүлде келмеді»,-деп қынжылысын білдірді.

Дейтұрғанымен, Нил Леннон 27 тамызда «Шахтер» мен «Селтик» арасында өтетін қарымда кездесуде өз командасының жеңіске жететініне сенім білдірді. 
«Тартыс әлі тарқаған жоқ. Сондықтан Шотландияда өтетін қарымда ойында есемізді қайтаруға тырысамыз»,-деді.
Бас бапкер журналистердің «Селтиктің» жеңіліс табуына не себеп болды деген сауалына: «Біріншіден, командаға жинақылық жетіспеді. Бұл жауапты мачқа тас-түйін дайын болғанбыз. Алайда сәттілік серік болмаған сыңайлы»,-деп қысқа қайырды. 

Ал, Нил Леннон «Шахтердің» көрсеткен өнеріне қатты таң қалмағанын, алайда, «кеншілер» командасы өздері күткендей сапалы ойын үлгісін көрсеткенін, қазақстандық жанкүйерлердің өз жерлестерін тік тұрып қолдаулары нағыз футболды көрсетті деп атап өтті.

Индира БАЙҚОНЫСОВА

 

Ұқсас материалдар