Қандастар Ассамблея

Республикалық Құран жарысына қатысатын астаналықтардың есімдері белгілі болды

15.08.2013 2294
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Құранды жатқа оқудан V республикалық жарыс өтетіндігі туралы жариялаған болатын. Нақтырақ айтсақ, Құран оқу жарысы 2013 жылдың 21-23 тамыз күндері Алматы орталық мешітінде өтеді деп белгіленген-ді. Оған дейінгі іріктеу туры әр өңірлерде өтуде. Осыған орай, 14 тамыз күні Астана қаласында V республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысының Астана қаласы бойынша іріктеу байқауы өтті. Оған бас-аяғы 20 үміткер қатысты. Дәлірек айтсақ, 30 пара бағыты бойынша үш үміткер, 10 пара бағыты бойынша екі үміткер, 5 пара бағыты бойынша бес үміткер, мәнерлеп оқу бағыты бойынша он үміткер қатысты. Әуелі «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Төлеби Оспан республикалық Құран жарысының талаптарымен таныстырып, іріктеу турынан өткен қариларға ғана жолдама берілетіндігін жеткізді. «Аталмыш іріктеу турында 20 үміткер өзара бақ сынасып көрді. Бабы мен бағы жанған төрт азамат сыннан сүрінбеді. Құранның 30 парасы бойынша Ағзам Исмайлов, 10 пара бағыты бойынша Самат Әшімжан, 5 пара бағыты бойынша Иманәлі Мырзагелді мен Мухаммад Смағұловқа жолдама берілді», деп жазады muslim.kz. Сондай-ақ, мәнерлеп оқу бағыты бойынша 2 үміткер республикалық Құран жарысына жолдаманы жеңіп алды. ҚазАқпарат.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қасиетті Құранды жатқа оқудан V республикалық жарыс өтетіндігі туралы жариялаған болатын.

Нақтырақ айтсақ, Құран оқу жарысы 2013 жылдың 21-23 тамыз күндері Алматы орталық мешітінде өтеді деп белгіленген-ді. Оған дейінгі іріктеу туры әр өңірлерде өтуде.

Осыған орай, 14 тамыз күні Астана қаласында V республикалық Құранды жатқа және мәнерлеп оқу жарысының Астана қаласы бойынша іріктеу байқауы өтті. Оған бас-аяғы 20 үміткер қатысты.

Дәлірек айтсақ, 30 пара бағыты бойынша үш үміткер, 10 пара бағыты бойынша екі үміткер, 5 пара бағыты бойынша бес үміткер, мәнерлеп оқу бағыты бойынша он үміткер қатысты.

Әуелі «Нұр Астана» орталық мешітінің найб имамы Төлеби Оспан республикалық Құран жарысының талаптарымен таныстырып, іріктеу турынан өткен қариларға ғана жолдама берілетіндігін жеткізді.

«Аталмыш іріктеу турында 20 үміткер өзара бақ сынасып көрді. Бабы мен бағы жанған төрт азамат сыннан сүрінбеді. Құранның 30 парасы бойынша Ағзам Исмайлов, 10 пара бағыты бойынша Самат Әшімжан, 5 пара бағыты бойынша Иманәлі Мырзагелді мен Мухаммад Смағұловқа жолдама берілді», деп жазады muslim.kz.

Сондай-ақ, мәнерлеп оқу бағыты бойынша 2 үміткер республикалық Құран жарысына жолдаманы жеңіп алды.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар