Қандастар Ассамблея

Құмырсқалардың кейбір түрлері экологияға қауіпті

15.08.2013 2119
Құмырсқалардың кейбір жаулаушы түрлері барша әлем бойынша экологияға қауіпті қатер тудыруда. Бұл туралы испандық Каталониядағы Жирона университеті ғалымдарының жаңа зерттеуінде айтылған, деп жазады ВВС. Ғалымдар адамдар мекен ететін кейбір өңірлерге кемелер мен ұшақтар арқылы әдейі емес әкелінген 750-ден астам құмырсқаның түрін санап шықты. Бұлардың көбі тұтас отарлар құрып, жергілікті құмырсқалардың түрін ығыстырып шығарған. Қазіргі кезде АҚШ-та «жынды» құмырсқа деген атауға ие болған, яғни Оңтүстік Америкадан жеткізілген осы жәндіктер проблемаға айналуда. Олар жаппай құрылғылардың ішіне еніп, электр жабдықтарды істен шығаратын көрінеді. Дереккөз: ҚазАқпарат

Құмырсқалардың кейбір жаулаушы түрлері барша әлем бойынша экологияға қауіпті қатер тудыруда. Бұл туралы испандық Каталониядағы Жирона университеті ғалымдарының жаңа зерттеуінде айтылған, деп жазады ВВС.

Ғалымдар адамдар мекен ететін кейбір өңірлерге кемелер мен ұшақтар арқылы әдейі емес әкелінген 750-ден астам құмырсқаның түрін санап шықты.

Бұлардың көбі тұтас отарлар құрып, жергілікті құмырсқалардың түрін ығыстырып шығарған.

Қазіргі кезде АҚШ-та «жынды» құмырсқа деген атауға ие болған, яғни Оңтүстік Америкадан жеткізілген осы жәндіктер проблемаға айналуда. Олар жаппай құрылғылардың ішіне еніп, электр жабдықтарды істен шығаратын көрінеді.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Ұқсас материалдар