Қандастар Ассамблея

Әзірбайжанда Құранның көне қолжазбаларын сақтайтын ғимарат салынбақ

14.08.2013 2274
Әзірбайжанда Құранның көне қолжазбаларын сақтайтын ғимарат тұрғызылады. Бұл жайында Қап тауы мұсылмандары басқармасының жетекшісі Аллаһшүкір Паша-заде хабарлады, деп жазады. Оның айтуынша, Қап тауы мұсылмандарының басқармасында қасиетті кітаптың 2 мыңдай көне қолжазбасы сақталған. Ел президенті Ильхам Әлиев аталмыш жобаға қолұшын беріп отыр. Көне қолжазбалардың арасында ХVІ-ХVІІ ғасырларға тиесілі жәдігерлер де бар. Бір айта кетерлігі, сирек кездесетін, баға жетпес бұл қазынаны Қап тауы мұсылмандарының жетекшісі 40 жыл бойы сақтап келген. «Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес Одағы кезінде адамдар қолжазбаларды өзінде сақтауға қорқып, қаншамасын өзінен аулақ тастағандар да болды. Ал мен оларды жинап, діни басқармаға табыстадым. Халықтың мұрасы келесі ұрпаққа да жетуі керек», - деді Паша-заде. ҚазАқпарат.

Әзірбайжанда Құранның көне қолжазбаларын сақтайтын ғимарат тұрғызылады. Бұл жайында Қап тауы мұсылмандары басқармасының жетекшісі Аллаһшүкір Паша-заде хабарлады, деп жазады.

Оның айтуынша, Қап тауы мұсылмандарының басқармасында қасиетті кітаптың 2 мыңдай көне қолжазбасы сақталған. Ел президенті Ильхам Әлиев аталмыш жобаға қолұшын беріп отыр. Көне қолжазбалардың арасында ХVІ-ХVІІ ғасырларға тиесілі жәдігерлер де бар. Бір айта кетерлігі, сирек кездесетін, баға жетпес бұл қазынаны Қап тауы мұсылмандарының жетекшісі 40 жыл бойы сақтап келген.

«Қылышынан қан тамып тұрған Кеңес Одағы кезінде адамдар қолжазбаларды өзінде сақтауға қорқып, қаншамасын өзінен аулақ тастағандар да болды. Ал мен оларды жинап, діни басқармаға табыстадым. Халықтың мұрасы келесі ұрпаққа да жетуі керек», - деді Паша-заде.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар