Қандастар Ассамблея

Бүгін солақайлар күні

13.08.2013 3159
Бүгін халықаралық солақайлар күні. Бұл күн 1984 жылдан бастап Халықаралық солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі. Әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы - солақай.  Бiр қызығы, дарындылардың денi солақайлар арасынан шығатын көрiнедi. Себебi, психологтар оларда шығармашылық потенциал мықты деген баға бередi. Тарихта солақай бола тұра дарындылығымен танылған – Аристотель, Юлий Цезарь, Жанна д, Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Исаак Ньютон, Марк Твен, Роберт Шума, Елизавета патшайым, оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон, Барак Обама, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталлоне, Том Круз, Николь Кидман, Селин Дион, Эминем… сынды көптеген тұлғалар бар болса, Нұрғиса Тiлендиевтiң домбыраны сол қолымен тартатынын дүйiм қазақ бiледi. Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық. Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз бишіге ұқсайтындығы баршаға мәлім. «Спорт деген бір сиқыр» атты сөз тіркесі бүгінгі таңда мақал-мәтелге айналып кеткен Сейдахмет Бердіқұловта солақай болатын.Қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова Ресейде оқып жүргенде сол қолымен сурет салудан ұялып жүргенде, оның жанына келген ұстазы «сен ұялма, қай қолыңмен сурет салған ыңғайлы сала бер» деп әлемнің әйгілі суретшісі Леонардо да Винчидің де сол қолмен сурет салғанын айтқан.  Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Осыдан-ақ, солақайлардың сирек жаратылыс иесі екендігін мойындамасқа амалымыз жоқ. Baq.kz

Бүгін халықаралық солақайлар күні.

Бұл күн 1984 жылдан бастап Халықаралық солақайлар конфедерациясының бастамасымен атап өтіледі. Әлем тұрғындарының 10 пайызға жуығы - солақай. 
Бiр қызығы, дарындылардың денi солақайлар арасынан шығатын көрiнедi. Себебi, психологтар оларда шығармашылық потенциал мықты деген баға бередi. Тарихта солақай бола тұра дарындылығымен танылған – Аристотель, Юлий Цезарь, Жанна д, Арк, Наполеон, Уинстон Черчилль, Пушкин, Толстой, Шопен, Чаплин, Леонардо да Винчи, Микеланджело, Исаак Ньютон, Марк Твен, Роберт Шума, Елизавета патшайым, оның ұлы Чарльз, немересi Уильям, Американың президенттерi – Рональд Рейган, Джордж Буш – ағасы, Билл Клинтон, Барак Обама, компьютер миллиардерi Билл Гейтс, Мэрилин Монро, Джулия Робертс, Пол Маккартни, Сильвестр Сталлоне, Том Круз, Николь Кидман, Селин Дион, Эминем… сынды көптеген тұлғалар бар болса, Нұрғиса Тiлендиевтiң домбыраны сол қолымен тартатынын дүйiм қазақ бiледi. Есімі белгілі қазақтардың ішінде де солақайлар баршылық.
Қазақ халқында да солақай асыл азаматтар жетерлік. Қазақтың бір туар сазгер-күйшісі Нұрғиса Тілендиевтің домбыра тартқанда буынсыз бишіге ұқсайтындығы баршаға мәлім. «Спорт деген бір сиқыр» атты сөз тіркесі бүгінгі таңда мақал-мәтелге айналып кеткен Сейдахмет Бердіқұловта солақай болатын.Қазақтың танымал суретшісі Гүлфайрус Исмаилова Ресейде оқып жүргенде сол қолымен сурет салудан ұялып жүргенде, оның жанына келген ұстазы «сен ұялма, қай қолыңмен сурет салған ыңғайлы сала бер» деп әлемнің әйгілі суретшісі Леонардо да Винчидің де сол қолмен сурет салғанын айтқан. 
Мамандар жер бетіне шыр етіп дүниеге келген 100 сәбидің біреуі ғана солақай болып туылатынын айтады. Осыдан-ақ, солақайлардың сирек жаратылыс иесі екендігін мойындамасқа амалымыз жоқ.

Baq.kz

Ұқсас материалдар