Қандастар Ассамблея

Тасқамал қорғаушы

12.08.2013 1835
Кезінде КСРО жасөпірімдер құрамасы сапында төрт жыл өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатының күмісін мойнына таққан, оң қапталдағы танымал қорғаушылардың бірі болған футболшы – Сергей Пасько. Сергей Пасько 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты көшедегі футболдан пісіп-жетіліп, кейіннен арнайы мектепте жаттығады. Ол «Қайрат» командасының төл тәрбиеленушісі. Сергей «Қайратқа» келген жылдары «Орталық» стадион жанкүйерге лық толатын. Енді ше, алаңда Сергей Стукашов, Евстафий Пехлеваниди, Құрбан Бердыев сияқты шеберлер өнер көрсетсе. Осындай талантты футболшыларды көріп өскен бірнеше жас ойыншылар «Қайратта» ойнауды армандады. Сол жас футболшылардың арасында Асқар Қожабергенов, Сергей Пасько сияқты қорғаушылар кейіннен негізгі құрамда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Небары 17 жасында яғни 1983 жылы Алматының бас командасы сапында өзінің алғашқы кездесуін өткізді. Осыдан кейін КСРО жасөпірімдер құрамасы қатарына шақырылды. 1984 жылы 18 жасқа дейінгі жасөпірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Аталған біріншілікті КСРО өз жерінде қабылдаған болатын. Финалға дейін жолында кездескен қарсыластарын бірінен кейін бірін жарыстан шығарған КСРО мен Венгрия футболшылары финалда өзара кездесті. Негізгі уақытта гол соға алмаған қос қарсылас матч соңындағы пенальтиге жүгінді. Өкінішке қарай, футбол лотереясында мажарлар жеңіске жетті. Сергей жалпы жасөпірімдер құрамасы сапында әртүрлі жас бойынша төрт жылға жуық өнер көрсетті. Ал 1986 жылы ЦСКА-ның екінші құрамында бес ойын өткізіп қайтты. Негізі «Қайрат» сапында 1983-1989 жылдар аралығында үзіліс жасаған уақыттары болды. Жалпы Жоғары лигада 18 ойын, Бірінші лигада 29 ойын өткізді. Осыдан соң, 1990-1991 жылғы маусымда өзбектің «Навбахор» командасының намысын қорғады. Өзбекстаннан кейін «Қайратқа» қайта оралды. Алматы клубымен алғашқы жылын КСРО біріншілігінде өткізсе, келесі маусымды дербес Қазақстан чемпионатымен бастады. Қазақстанның тұңғыш доп додасы Пасько үшін жаман болған жоқ. Тарихы тереңге кеткен команда екі бірдей кубоктың (Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы) бас жүлдесіне қол жеткізді. Сонымен қоса, өзі Қазақстан чемпионатының ең үздік 33 футболшысының қатарына енді. 1992 жылдың аяғында Асқар Қожабергенов, Вахид Масудов үшеуі «Қайраттан» жаңадан құрылған «Достық» командасына ауысады. Бұл клуб алдына үлкен мақсат қойған осы үшеуінен басқа бірнеше танымал ойыншылардың басын қосқан, чемпиондықтан үміткерлердің қатарында болды. 

Кезінде КСРО жасөпірімдер құрамасы сапында төрт жыл өнер көрсетіп, Еуропа чемпионатының күмісін мойнына таққан, оң қапталдағы танымал қорғаушылардың бірі болған футболшы – Сергей Пасько.

Сергей Пасько 1966 жылы 10 қыркүйекте Алматы қаласында дүниеге келген. Өзге балалар сияқты көшедегі футболдан пісіп-жетіліп, кейіннен арнайы мектепте жаттығады. Ол «Қайрат» командасының төл тәрбиеленушісі. Сергей «Қайратқа» келген жылдары «Орталық» стадион жанкүйерге лық толатын. Енді ше, алаңда Сергей Стукашов, Евстафий Пехлеваниди, Құрбан Бердыев сияқты шеберлер өнер көрсетсе. Осындай талантты футболшыларды көріп өскен бірнеше жас ойыншылар «Қайратта» ойнауды армандады. Сол жас футболшылардың арасында Асқар Қожабергенов, Сергей Пасько сияқты қорғаушылар кейіннен негізгі құрамда өнер көрсетуге мүмкіндік алды. Небары 17 жасында яғни 1983 жылы Алматының бас командасы сапында өзінің алғашқы кездесуін өткізді. Осыдан кейін КСРО жасөпірімдер құрамасы қатарына шақырылды. 1984 жылы 18 жасқа дейінгі жасөпірімдер арасында өткен Еуропа чемпионатына қатысты. Аталған біріншілікті КСРО өз жерінде қабылдаған болатын. Финалға дейін жолында кездескен қарсыластарын бірінен кейін бірін жарыстан шығарған КСРО мен Венгрия футболшылары финалда өзара кездесті. Негізгі уақытта гол соға алмаған қос қарсылас матч соңындағы пенальтиге жүгінді. Өкінішке қарай, футбол лотереясында мажарлар жеңіске жетті. Сергей жалпы жасөпірімдер құрамасы сапында әртүрлі жас бойынша төрт жылға жуық өнер көрсетті. Ал 1986 жылы ЦСКА-ның екінші құрамында бес ойын өткізіп қайтты. Негізі «Қайрат» сапында 1983-1989 жылдар аралығында үзіліс жасаған уақыттары болды. Жалпы Жоғары лигада 18 ойын, Бірінші лигада 29 ойын өткізді. Осыдан соң, 1990-1991 жылғы маусымда өзбектің «Навбахор» командасының намысын қорғады. Өзбекстаннан кейін «Қайратқа» қайта оралды. Алматы клубымен алғашқы жылын КСРО біріншілігінде өткізсе, келесі маусымды дербес Қазақстан чемпионатымен бастады. Қазақстанның тұңғыш доп додасы Пасько үшін жаман болған жоқ. Тарихы тереңге кеткен команда екі бірдей кубоктың (Қазақстан чемпионаты мен Қазақстан кубогы) бас жүлдесіне қол жеткізді. Сонымен қоса, өзі Қазақстан чемпионатының ең үздік 33 футболшысының қатарына енді. 1992 жылдың аяғында Асқар Қожабергенов, Вахид Масудов үшеуі «Қайраттан» жаңадан құрылған «Достық» командасына ауысады. Бұл клуб алдына үлкен мақсат қойған осы үшеуінен басқа бірнеше танымал ойыншылардың басын қосқан, чемпиондықтан үміткерлердің қатарында болды.