Қандастар Ассамблея

Малайзия Құран басып шығаруда Сауд Арабиясынан кейінгі орынға ұмтылуда

12.08.2013 2065
Малайзия Азия елдері бойынша Құран басып шығаруда Сауд Арабиясынан кейінгі орынға ұмтылуда. Бұл жайында muslim.kz сайты The Star-ға сілтеме жасап хабар таратты. Осы елдің премьер-министрі Наджиб Тун Разақ осындай мәлімдеме жасап, Малайзияның осы бағытта Мәдинадағы король Фахданың баспа кешенінің үлгісінде жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді. Ол өз сөзінде Малайзияда Құранды басып шығарумен Yayasan Restu қорының жиырма жылдан астам уақыт бойы айналысып келе жатқанын тілге тиек етті. Осы жылдардың ішінде аталмыш қордың малайлықтар мен өзге де мұсылман елдері үшін қасиетті Құранның 700 мыңнан аса данасын басып шығарғанын айта кету керек. Жаңа баспахана мемлекеттік Percetakan Nasional Malaysia Berhad баспаның және Yayasan Restu қорының негізінде жұмыс істейді. Баспахананың қызметкерлері 100 пайыз мұсылмандардан тұрады. ҚазАқпарат.

Малайзия Азия елдері бойынша Құран басып шығаруда Сауд Арабиясынан кейінгі орынға ұмтылуда. Бұл жайында muslim.kz сайты The Star-ға сілтеме жасап хабар таратты.

Осы елдің премьер-министрі Наджиб Тун Разақ осындай мәлімдеме жасап, Малайзияның осы бағытта Мәдинадағы король Фахданың баспа кешенінің үлгісінде жұмыс істеуге дайын екенін жеткізді.

Ол өз сөзінде Малайзияда Құранды басып шығарумен Yayasan Restu қорының жиырма жылдан астам уақыт бойы айналысып келе жатқанын тілге тиек етті. Осы жылдардың ішінде аталмыш қордың малайлықтар мен өзге де мұсылман елдері үшін қасиетті Құранның 700 мыңнан аса данасын басып шығарғанын айта кету керек.

Жаңа баспахана мемлекеттік Percetakan Nasional Malaysia Berhad баспаның және Yayasan Restu қорының негізінде жұмыс істейді. Баспахананың қызметкерлері 100 пайыз мұсылмандардан тұрады.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар