Қандастар Ассамблея

Әбікен Бектұров. Қайыржан Бекқожин

11.08.2013 8934
Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 1935—1960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 1946—1968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 1968—1985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (1968 — 1985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісі” ордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады. Қайыржан Нұрғожаұлы БЕКҚОЖИН ( 25.12.1910, Павлодар қ., - 3.11.1979, Алматы қ.). Журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976). КСРО журналистер Одағының мүшесі. Білімі ҚазМУ журналистика бөлімін тәмамдады (1942). Еңбек жолы 1929 ж.бастап ЛКСМ Павлодар аудком желісі бойынша түрлі әкімшілікшаруашылық қызметте болды, нұсқаушы, ауылкеңесінің төрағасы болды. 1934 жылдан- Семей облХББ инспекторы 1935-39 Семей облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі. 1942 Қостанай облыстық "Большевиктік жол" газетінің редакторы етіп тағайындалды. 1945 жылдан КазМуда аға оқытушы, журналистика бөлімінің деканы болып кызмет етті. 1948 -79 журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі. Негізгі ғылыми бағыты баспа, журналистика теориясы мен практикасы тарихы. Оның қол астында 12 кандидатық диссертация қорғалды. «Еңбек ардагері» медалімен, КазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған. Шығармалары Қазақ баспасының даму жолдары (1860-1930). - А., 1969; Қазақ баспа арихының очеркері (1860-1958). - А., 1981 және т.б. Уикипедия

Бектұров Әбікен Бектұрұлы (25.12.1901, Павлодар облысы Баянауыл ауданы — 22.12.1985, Алматы) – техника ғылымдарының докторы (1945), профессор (1946), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1946). Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1945). Омбы ауыл шаруашылық институтынтын (1931), Орта Азия мемлекеттік университетінің аспирантурасын (1935) бітірген. 19351960 ж. ҚазМУ-де оқытушы, декан, 19461968 ж. Химия ғылымдары институтының директоры, 19681985 ж. сол институттың бейорганикалық синтез зертханасын және бейорганикалық химия бөлімінің меңгерушісі. Қазақстан Ғылым Академиясының Минералдық қор бөлімінің академия-хатшысы болды (19681985). Негізгі ғылыми еңбектері минералдық тыңайтқыштар өндіру мен минерал тұздарды өңдеудің химиясына және технологиясына арналған. Бектұров фосфатты шикізаттарды өңдеудің қышқылдық, термиялық, сондай-ақ, фторсызданған мал азықтық фосфат өндірудің циклондық әдістерін тауып, өндіріске енгізді, Қаратау фосфоритінен минералдық тыңайтқыштар өндіру әдістерін жүйеледі. Ленин, “Октябрь революциясы”, “Құрмет белгісіордендерімен және медальдермен марапатталған. 1991 жылдан Қазақстан Химия ғылымдары институты Бектұровтың есімімен аталады.

Қайыржан Нұрғожаұлы БЕКҚОЖИН ( 25.12.1910, Павлодар қ., - 3.11.1979, Алматы қ.). Журналист, қазақ баспасының тарихшысы, тарих ғылымдарының докторы (1965), профессор (1976). КСРО журналистер Одағының мүшесі.

Білімі

ҚазМУ журналистика бөлімін тәмамдады (1942).

Еңбек жолы

  • 1929 ж.бастап ЛКСМ Павлодар аудком желісі бойынша түрлі әкімшілікшаруашылық қызметте болды, нұсқаушы, ауылкеңесінің төрағасы болды.
  • 1934 жылдан- Семей облХББ инспекторы
  • 1935-39 Семей облыстық «Екпінді» газетінде бөлім меңгерушісі.
  • 1942 Қостанай облыстық "Большевиктік жол" газетінің редакторы етіп тағайындалды.
  • 1945 жылдан КазМуда аға оқытушы, журналистика бөлімінің деканы болып кызмет етті.
  • 1948 -79 журналистика тарихы кафедрасының меңгерушісі.
  • Негізгі ғылыми бағыты баспа, журналистика теориясы мен практикасы тарихы. Оның қол астында 12 кандидатық диссертация қорғалды.
  • «Еңбек ардагері» медалімен, КазКСР Жоғарғы Кеңесінің құрмет грамотасымен марапатталған.

Шығармалары

  • Қазақ баспасының даму жолдары (1860-1930). - А., 1969;
  • Қазақ баспа арихының очеркері (1860-1958). - А., 1981 және т.б.

Уикипедия