Қандастар Ассамблея

Экономикасы. Білім беру жүйесі. Ауыл шаруашылығы

11.08.2013 2973
Экономикасы   Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады. Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр. Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері: Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын) Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын) Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын) Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын) Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын) Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған. Білім беру жүйесі   Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Денсаулық сақтау жүйесі   Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр. Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар. Ауыл шаруашылығы   Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді. Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді. 2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады. 2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі. Уикипедия

Экономикасы
 

Маңғыстау облысы Қазақстанның негізгі донор өңірі болып табылады. Облыстың экономикалық белсенділігі негізінен өңірдегі пайдалы қазбалардың көп болуына, соның ішінде мұнай және газ кен орындарының игерілуіне байланысты. Соңғы 20 жылдың ішінде Каспий теңізінде орналасқан көптеген ірі мұнай және газ кен орындары игеріле бастады.

Маңғыстау облысы Каспий теңізінің бойында орналасқандықтан және басқа елдермен шекаралас болғандықтан жүк тасымалдау қарқыны да жыл сайын өсіп келе жатыр. Облыста "Жер-Теңіз-Аспан" ықпалдастық жобасы да қарқынды дамып келе жатыр.

Облыстың 2010 жыл қорытындысы бойынша экономикалқ даму көрсеткіштері:

  • Жалпы аймақтық өнім - 1 422,9 млрд теңге (5 орын)
  • Өндіріс өнімдерінің жалпы көлемі- 1647, 4 млрд теңге (2 орын)
  • Ауылшаруашылығының өнімі - 4.4 млрд теңге (14 орын)
  • Негізгі капиталға жасалған инвестиция - 372 млрд теңге (3 орын)
  • Бөлшекті сауда көлемі - 78 млрд теңге (14 орын)

Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, ұлутас қорларымен бай. 2004 жылы облыс бойынша жалпы қо-сымша құн 282,1 млрд теңге құрады, ал негізгі қорлар (2004 жыл соңына қалдық құны бойынша) - 324,9 млрд теңге. 2004 жылы негізгі капиталға инвестициялар 101 млрд теңге, немесе 2003 жылғы деңгейдің 126,9% құрады. 2004 жылы құрылыстық мердігерлер келісімімен жасалған жұмыс көлемі бағалау бойын-ша 27,7 млрд теңгені құрады, ол 2003 жылға қарағанда 1,3 есеге артық. Облыс үшін айқындайтын салаға кен өндіру өнеркәсібі жатады. 2004 жылы бұған негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінің 63% жұмсалмаған.

Білім беру жүйесі
 

Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды. Жаңа кампусты ашуға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысты.

Денсаулық сақтау жүйесі
 

Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр.

Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар.

Ауыл шаруашылығы
 

Облыстың ауыл шаруашылығы (850 ша-руа (фермер) қожалығы, ауылшаруашылық өндірісінің басқа кәсіпорындары мен ұйым-дары, халықтың жеке қожалығы) 2004 жылы өндірілген жалпыреспубликалық ауылшаруашылық жалпы өнімі көлемінің 0,2% береді.

Облыста 6,9 млн.гектар ауыл шаруашы-лығы пайдаланатын жер бар, оның 0,4 мың га. егіндік жерлер. 2004 жылы 0,7 мың тонна көкөніс, 9,4 мың тонна ет (сойылған салмағы-мен), 5,3 мың тонна сүт, 0,7 мың тонна жүн (нақты салмағымен), 27,2 мың қаракөл терісі өндірілді.

2004 жылдың соңында ірі қара малдың саны - 7,2 мың бас (оның 4,1 мыңы - сиыр), қой мен ешкі - 430 мың, шошқа - 0,2 мың, жылқы - 30 мың және түйе - 34 мың бас құрады.

2004 жылы 15,5 млн тонна шикі мұнай, 2,8 млрд тк. метр табиғи газ шығарылған, 2,9 млрд кВт сағат электр энергиясы, 74 тонна тіс пастасы мен ұнтағы, 311 тонна өңделген сұйық сүт пен кілегей өндіріледі.

Уикипедия

Ұқсас материалдар