Қандастар Ассамблея

Табиғаты. Геологиясы

11.08.2013 4862
Табиғаты Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан. Геологиясы Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, әктастары және конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік кезеңдердің сарғыш шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Облыс минералдық шикізат ресурстарына өте бай. Мұнда көмір, мыс, қорғасын, темір, мырыш, марганец, вольфрам кендерінің мол қоры бар. Күшәла, кобальт, никель, сирек металдар да кездеседі. Бейкентас шикізатынан – құрылыс тасы, әктас, цемент шикізатының, отқа төзімді саздың, пирофилиттің, құмның мол қорлары кездеседі. Уикипедия

Табиғаты

Қарағанды облысы Сарыарқаның оңтүстік жарты бөлігінде орналасқан. Қиыр батысын Торғай қолатының шығысы мен Тұран ойпатының солтүстік-шығысы, солтүстігін Теңіз – Қорғалжын ойысы, Есіл жазығы, Ерейментау, Қызылтау және басқа ұсақ таулар, шығысында Ащысу, Дағанделі өзендерінің аңғары, оңтүстігін Бетпақдала сазды шөлі мен Балқаш көлі алып жатыр. Бедері негізінен ұсақ шоқылы, төбелі-белесті болып келеді. Олардың арасында ерте кездегі өте биік қатпарлы таулардың жұрнақтары – гранитті тау массивтері көптеп кездеседі. Мұндай аласа тауларды тауаралық кең жазықтар, өзен аңғарлары, көл ойыстары бөліп тұрады. Облыстың батыс бөлігін Ұлытау (1131 м), Арғанаты, Желдіадыр, т.б. таулар, ұсақ, орташа Абсолюттік биіктігі 300 – 500 м Сарысу төбелі-белесті жазығы алып жатыр. Қарағанды облысының шығысын көтеріңкі келген Балқаш – Ертіс суайрығын құрайтын таулар тізбегі – Қарқаралы (Жиренсақал тауы, 1403 м), Кент тауы (1469 м), Қу (1356 м), Қарақуыс тауы (1342 м), Қызылтас тауы (Қушоқы, 1283 м), Қызыларай тауы (Ақсораң, 1565 м, Сарыарқаның ең биік нүктесі), Кешубай (Сарыобалы, 1320 м), Қоңыртемірші тауы (Қарасораң, 1368 м), т.б. көптеген таулар алып жатыр. Шығыс бөлігі өзінің биіктігімен (орташа Абсолюттік биіктігі 500 – 1000 м) және жер бетінің қатты тілімденгендігімен ерекшеленеді. Облыстың бұл бөлігі солтүстіктен оңтүстікке қарай бірте-бірте аласарады. Үлкенді-кішілі ойыс пен қазаншұңқырлар бір-бірімен алмасып жатады. Аласа тау массивтерінің салыстырмалы биікт. 500 – 600 м, бұлардың арасында белесті қырат немесе көптеген шашыранды ұсақ шоқылар, дөңесті бұйраттар, адырлар кездеседі. Облыстың солтүстігінде Ерейментаудың оңтүстік сілемдері – Ақдің (899 м), Нияз (833 м), Айыртау (814 м), Желтау, т.б. таулар, Қарасор көлінің ойысы бар. Облыстың оңтүстік-батысы мен оңтүстігінде Арал маңы Қарақұмы, Мойынқұм, Жетіқоңыр, Қарақойын, Сарықұм сияқты құм массивтері жайғасқан.

Геологиясы

Жерінің геологиялық құрылымы каледон және герцин қатпарлығы кезеңінде қалыптасқан. Палеозой дәуірінің соңында континенттік түзілу кезеңі басталды. Өте ұзақ мерзімге созылған тегістелудің нәтижесінде пайда болған таулы өлке мезозой дәуірінде бірте-бірте қыраттарға айналды. Облыс жері негізінен палеозойдың метаморфтанған тақтатастарынан, кварциттерінен, құмтастарынан, әктастары және конгломераттарынан түзілген. Солармен бірге интрузивті (гранит, диорит, габбро, т.б.) және эффузивті жыныстар кең таралған. Байырғы жыныстарды неоген мен төрттік кезеңдердің сарғыш шөгінділерінің қалың қабаттары жауып жатыр. Облыс минералдық шикізат ресурстарына өте бай. Мұнда көмір, мыс, қорғасын, темір, мырыш, марганец, вольфрам кендерінің мол қоры бар. Күшәла, кобальт, никель, сирек металдар да кездеседі. Бейкентас шикізатынан – құрылыс тасы, әктас, цемент шикізатының, отқа төзімді саздың, пирофилиттің, құмның мол қорлары кездеседі.

Уикипедия