Қандастар Ассамблея

Асанбай Асқаров

11.08.2013 18062
Асанбай Асқаров (15.9.1922, Жамбыл облысы Мерке ауданы Тәті ауылы – 10.8.2001, Алматы) – мемлекет қайраткері, Cоциолистік Еңбек Ері (1982), соғыс ардагері, ақын. КПСС ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1954). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери-саяси қызметкер, 1946 – 51 ж. Жамбыл облысында ауданы, облысы комсомол комитеттерінің хатшысы, 1954 – 58 ж. Красногор, Мерке ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Жамбыл облысы атқару комитеттерінің төрағасы, 1959 – 78 ж. Қазақстан компартиясы Жамбыл, Алматы облыстары комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1978 жылдың сәуір айынан 1985 жылдың шілде айына дейін облыстың бірінші басшысы болды. Оңтүстік өңірінің экономикасын көтеруге, халқының әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбек сіңірді. 23 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономика және мәдени дамуына елеулі үлес қосты. 80-жылдардың орта кезінен қуғындалып, жалған айыппен қамауға алынды. 1987 ж. сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. Асқаровқа тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді. АУЫЛЫ бірнеше көркем және публицист. шығармалардың авторы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы қордың президенті, Шымкент (1994) және Тараз қаласының құрметті азаматы (1996), Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2001). 5 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен, 12 медальмен, көптеген Құрмет грамоталарымен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмелерінің алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталған. Шығармалары «Құтмекен» (1979) «Тайга толғауы» (1981) «Жасыл әлемге саяхат» (1985) «Ерте түскен бозқырау» (1989) «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» (1998) «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (2003) «Социализм әңгімелері» (2006) «Социализм хикаяты» (2007) «Шабанбайдай жер қайда» (2008) «Кешегі күннің хикаясы» (2008) «Тау самалы» (2009) - кітаптарының авторы. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романы Пекиндегі «Үлттар» баспасынан жарық көрген (2005). Әңгіме, повестері «Родники рождаются в горах» (2000), «Скрип соленого сердца» (2006), «Стон дикой долины» (2008), «И смех, и слезы, и любовь» (2009) - деген аттармен орыс тілінде жарық көрген. Жетістіктері Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше медальдармен марапатталған. Уикипедия

Асанбай Асқаров (15.9.1922, Жамбыл облысы Мерке ауданы Тәті ауылы – 10.8.2001, Алматы) – мемлекет қайраткері, Cоциолистік Еңбек Ері (1982), соғыс ардагері, ақын. КПСС ОК жанындағы Жоғары партия мектебін бітірген (1954). 2-дүниежүзілік соғыс жылдарында майданда әскери-саяси қызметкер, 1946 – 51 ж. Жамбыл облысында ауданы, облысы комсомол комитеттерінің хатшысы, 1954 – 58 ж. Красногор, Мерке ауданы партия комитеттерінің бірінші хатшысы, Жамбыл облысы атқару комитеттерінің төрағасы, 1959 – 78 ж. Қазақстан компартиясы Жамбыл, Алматы облыстары комитеттерінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды. 1978 жылдың сәуір айынан 1985 жылдың шілде айына дейін облыстың бірінші басшысы болды. Оңтүстік өңірінің экономикасын көтеруге, халқының әл-ауқатын арттыруға елеулі еңбек сіңірді.

23 жыл бойы КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. Ол Қазақстанның әлеуметтік-экономика және мәдени дамуына елеулі үлес қосты. 80-жылдардың орта кезінен қуғындалып, жалған айыппен қамауға алынды. 1987 ж. сәуір айынан 1991 жылғы тамызға дейін абақтыда отырды. Асқаровқа тағылған жала 80-жылдары белең алған қазақ зиялыларын қуғындаудың құрамдас бөлігі еді. Тергеу кезінде оған Желтоқсан көтерілісін (1986) ұйымдастыруға қатыстылығы, ұлтшылдығы сияқты «кінәлар» тағылды. Асқаровқа тағылған айыптың мүлдем негізсіздігі анықталып, Қырғыз Республикасы Жоғарғы соты төралқасының шешімімен ол толық ақталды және азаматтық құқықтары қалпына келтірілді. АУЫЛЫ бірнеше көркем және публицист. шығармалардың авторы, Мұхаммед Хайдар Дулати атындағы қордың президенті, Шымкент (1994) және Тараз қаласының құрметті азаматы (1996), Оңтүстік Қазақстан облысының Құрметті азаматы (2001). 5 рет Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, Октябрь Революциясы ордендерімен, 12 медальмен, көптеген Құрмет грамоталарымен, Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмелерінің алтын, күміс, қола медальдарымен марапатталған.

Шығармалары

  1. «Құтмекен» (1979)
  2. «Тайга толғауы» (1981)
  3. «Жасыл әлемге саяхат» (1985)
  4. «Ерте түскен бозқырау» (1989)
  5. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» (1998)
  6. «Мұнар тауды, мұзарт шыңды аңсаймын» (2003)
  7. «Социализм әңгімелері» (2006)
  8. «Социализм хикаяты» (2007)
  9. «Шабанбайдай жер қайда» (2008)
  10. «Кешегі күннің хикаясы» (2008)
  11. «Тау самалы» (2009)

- кітаптарының авторы.

  1. «Өр Алтай, мен қайтейін биігіңді» романы Пекиндегі «Үлттар» баспасынан жарық көрген (2005).

Әңгіме, повестері

  1. «Родники рождаются в горах» (2000),
  2. «Скрип соленого сердца» (2006),
  3. «Стон дикой долины» (2008),
  4. «И смех, и слезы, и любовь» (2009)

- деген аттармен орыс тілінде жарық көрген.

Жетістіктері

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Бірнеше медальдармен марапатталған.

Уикипедия

Ұқсас материалдар