Қандастар Ассамблея

Елордалық балдырғандар бірінші сыныпқа баруға дайындалуда

09.08.2013 2493
Астаналық бүлдіршін алты жасар Алина биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Ол бір айдан бері «Балдырған мектебінде» оқып жүр. Болашақ бірінші сынып оқушысы оқу мен жазуды үйреніп, қолының моторикасын дамытуда. Бибіжан Каменова, Астана қаласының тұрғыны: «Қызыма бұл жер ұнайды. Мұнда сурет салады, әріптерді оқып үйренеді, соның барлығы ойын түрінде өтеді. Мысалы, бүгін біз баланың сүйікті ойыншығын ала келдік. Алина оны қайдан алғанын, неге жақсы көретінін айтып беруге тиіс. Яғни, бала көпшілік алдында жүріп-тұруды, өзгелермен тіл табысуды, әңгіме айтуды үйренеді». Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Балдырғандар мектебіне» 6-7 жастағы 50-ге жуық бала барады. Кесте бойынша «Сүйікті әліппе», «Көңілді есеп», «Қолымызды жазуға дайындаймыз» және «Қызықты еңбек» сынды қызықты әрі ойын түріндегі сабақтар аптасына 5 рет өткізіледі. Әсима Аманжолова, Астана қаласының №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі: «Балдырған мектебін» бірнеше жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Бұл осында оқыған балалардың мектепке барғанда жақсы бейімделетінін көрсетті. Яғни, бейімделу кезеңі барынша қысқарады, себебі оларда мектеп туралы түсінік қалыптасады, мұғалімді таниды, сыныптың, партаның не екенін біледі, тіпті, достарын да тауып үлгереді». Қазіргі уақытта Астанада жалпы білім беретін 82 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 50 мектепте «Балдырған мектебі» ашылып, 1 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықтан өтуде. astana.kz

Астаналық бүлдіршін алты жасар Алина биыл мектеп табалдырығын алғаш аттайды. Ол бір айдан бері «Балдырған мектебінде» оқып жүр. Болашақ бірінші сынып оқушысы оқу мен жазуды үйреніп, қолының моторикасын дамытуда.

Бибіжан Каменова, Астана қаласының тұрғыны:

«Қызыма бұл жер ұнайды. Мұнда сурет салады, әріптерді оқып үйренеді, соның барлығы ойын түрінде өтеді. Мысалы, бүгін біз баланың сүйікті ойыншығын ала келдік. Алина оны қайдан алғанын, неге жақсы көретінін айтып беруге тиіс. Яғни, бала көпшілік алдында жүріп-тұруды, өзгелермен тіл табысуды, әңгіме айтуды үйренеді».

Ғафу Қайырбеков атындағы №2 мектеп-гимназиясы жанынан ашылған «Балдырғандар мектебіне» 6-7 жастағы 50-ге жуық бала барады. Кесте бойынша «Сүйікті әліппе», «Көңілді есеп», «Қолымызды жазуға дайындаймыз» және «Қызықты еңбек» сынды қызықты әрі ойын түріндегі сабақтар аптасына 5 рет өткізіледі.

Әсима Аманжолова, Астана қаласының №2 мектеп-гимназиясының бастауыш сыныптар мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жетекшісі:

«Балдырған мектебін» бірнеше жылдан бері ұйымдастырып келеміз. Бұл осында оқыған балалардың мектепке барғанда жақсы бейімделетінін көрсетті. Яғни, бейімделу кезеңі барынша қысқарады, себебі оларда мектеп туралы түсінік қалыптасады, мұғалімді таниды, сыныптың, партаның не екенін біледі, тіпті, достарын да тауып үлгереді».

Қазіргі уақытта Астанада жалпы білім беретін 82 мектеп жұмыс істейді. Соның ішінде 50 мектепте «Балдырған мектебі» ашылып, 1 мыңға жуық бала мектепке дейінгі дайындықтан өтуде.

astana.kz

Ұқсас материалдар