Қандастар Ассамблея

Астанада шамдар жинайтын арнайы контейнерлер орнатылды

08.08.2013 2518
Сынап бүгінде экологияның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Оның қоршаған ортаға да, адам ағзасына да тигізер зияны мол. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады.  Осыған орай, 1-тамыздан бастап қала аулаларында сынапты жарық шамдарын жинайтын арнайы контейнерлер орнатылды. Мамандардың айтуынша, жарылған шамдардың көптеп жиналуы адам өмірі үшін аса қауіпті. Сол себепте азаматтар аталған жобаға байыппен қарауы тиіс, дейді мамандар. «Пилоттық жоба аясында қала аумағында 100 контейнер орнатылды. Атап айтқанда, Есіл ауданында 50, Алматы мен Сарыарқа аудандарында 25 контейнерден орнатылды. Аталмыш құрылғылар сызықтық, шағын, шиыршықты шамдардың барлық түрлерін, сондай-ақ, батареялар мен термометрлерді жинауға арналған», - дейді Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Абаттандыру бөлімінің жетекшісі Мирас Ғайсин. Бір контейнердің сыйымдылығы - 70 шамды құрайды. Ол толғаннан кейін заттар типіне қарай бөлінеді және арнайы қондырғыда қайта өңделеді. Жұмыс циклы барысында шамдар үгітіліп, ауа сынап буларынан тазартылады. «Бұл қондырғы «Экоторон» деп аталады. Ресейден әкелінген, бұл Қазақстандағы осындай жалғыз қондырғы. Ол сынапты жарық шамдарын қайта өңдеуге арналған. Шам қондырмаға салынып, ішінде үгітіледі. Цоколь құмға айналып, бөлек салынады. Бұл қондырғы 1 сағатта 600-700 шамды үгітіп, құмға айналдырады. Ал өнімнің қалдықтары құрылыс материалдарына қосылады», - деп атап өтті «Қазэкотех Астана» ЖШС, өндіріс директоры Серғазы Үсенов. Сонымен қатар, елордада үгіт-насихат жұмыстары қолға алынған. Көшелерде сынаптың зияны туралы арнайы үнпарақтар, кітапшалар таратылып, стендтер ілініп жатыр. «5 милиграмм бір үй, бір пәтер үшін қауіпті емес. Алайда, қалаға жақын жерде орналасқан полигонда 5 милиграмнан 1 мың шам жиналғанда... Бұл топырақ үшін қатерлі, себебі сынап топыраққа сіңіп, нәтижесінде шаһарға келеді. Яғни, бұл аса қауіпті, әр адам өз отбасын, өз елін және планетасын қорғауы тиіс», - дейді Posadiderevo.kz РҚБ филиалының басқарушы директоры Зүльфия Әбдіхалықова. Мұнымен қоса, қоғамдық бірлестік пәтер иелері кооперативтері арқылы халықпен жұмыс жасап, жергілікті тұрғындарды сынапты шамдарды қолдануда сақ болуға шақырады.

Сынап бүгінде экологияның өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Оның қоршаған ортаға да, адам ағзасына да тигізер зияны мол. Бұл туралы astana.kz сайты хабарлады. 

Осыған орай, 1-тамыздан бастап қала аулаларында сынапты жарық шамдарын жинайтын арнайы контейнерлер орнатылды. Мамандардың айтуынша, жарылған шамдардың көптеп жиналуы адам өмірі үшін аса қауіпті. Сол себепте азаматтар аталған жобаға байыппен қарауы тиіс, дейді мамандар.

«Пилоттық жоба аясында қала аумағында 100 контейнер орнатылды. Атап айтқанда, Есіл ауданында 50, Алматы мен Сарыарқа аудандарында 25 контейнерден орнатылды. Аталмыш құрылғылар сызықтық, шағын, шиыршықты шамдардың барлық түрлерін, сондай-ақ, батареялар мен термометрлерді жинауға арналған», - дейді Астана қаласы Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы Абаттандыру бөлімінің жетекшісі Мирас Ғайсин.

Бір контейнердің сыйымдылығы - 70 шамды құрайды. Ол толғаннан кейін заттар типіне қарай бөлінеді және арнайы қондырғыда қайта өңделеді. Жұмыс циклы барысында шамдар үгітіліп, ауа сынап буларынан тазартылады.

«Бұл қондырғы «Экоторон» деп аталады. Ресейден әкелінген, бұл Қазақстандағы осындай жалғыз қондырғы. Ол сынапты жарық шамдарын қайта өңдеуге арналған. Шам қондырмаға салынып, ішінде үгітіледі. Цоколь құмға айналып, бөлек салынады. Бұл қондырғы 1 сағатта 600-700 шамды үгітіп, құмға айналдырады. Ал өнімнің қалдықтары құрылыс материалдарына қосылады», - деп атап өтті «Қазэкотех Астана» ЖШС, өндіріс директоры Серғазы Үсенов.

Сонымен қатар, елордада үгіт-насихат жұмыстары қолға алынған. Көшелерде сынаптың зияны туралы арнайы үнпарақтар, кітапшалар таратылып, стендтер ілініп жатыр.

«5 милиграмм бір үй, бір пәтер үшін қауіпті емес. Алайда, қалаға жақын жерде орналасқан полигонда 5 милиграмнан 1 мың шам жиналғанда... Бұл топырақ үшін қатерлі, себебі сынап топыраққа сіңіп, нәтижесінде шаһарға келеді. Яғни, бұл аса қауіпті, әр адам өз отбасын, өз елін және планетасын қорғауы тиіс», - дейді Posadiderevo.kz РҚБ филиалының басқарушы директоры Зүльфия Әбдіхалықова.

Мұнымен қоса, қоғамдық бірлестік пәтер иелері кооперативтері арқылы халықпен жұмыс жасап, жергілікті тұрғындарды сынапты шамдарды қолдануда сақ болуға шақырады.

Ұқсас материалдар