Қандастар Ассамблея

ИНФОГРАФИКА: Орта ғасырдағы Қазақстан.Түрік қағанаты

02.08.2013 3595
Түрік қағанаты орта ғасырда қалыптаса бастады. VI ғасырда Қазақстан аумағында ірі держава – Түрік қағанаты билік құрды, оның билеушілері түрік тайпасының Ашина әулетінен шығып отырған.  «Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында аталады, ол 542 жылы құрылған. Он жыл өткеннен кейін түріктер Ішкі Азия далаларында саяси және әскери билік жүргізіп келген мемлекеттерді жаулап алды. 587 жылы түріктер Бұхараның түбінде эфталиттерді талқандады. Түрік қағаны Истеми 571 жылы Солтүстік Кавказды алып, Боспорға (Керчьке) шығады, алаңдар мен утигурларды бағындырады. Оның ұлдарының бірі Түріксанаф Киммерия Боспорына басып кіріп, Қырымға жойқын жорық жасады. Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыста 603–704 жылдары жеке Батыс түрік қағанаты өмір сүрді. Оның негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — «қуыршақ қағандарды» тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 жылы Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшліктің (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.

Түрік қағанаты орта ғасырда қалыптаса бастады. VI ғасырда Қазақстан аумағында ірі держава – Түрік қағанаты билік құрды, оның билеушілері түрік тайпасының Ашина әулетінен шығып отырған. 

«Түрік» этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында аталады, ол 542 жылы құрылған. Он жыл өткеннен кейін түріктер Ішкі Азия далаларында саяси және әскери билік жүргізіп келген мемлекеттерді жаулап алды. 587 жылы түріктер Бұхараның түбінде эфталиттерді талқандады. Түрік қағаны Истеми 571 жылы Солтүстік Кавказды алып, Боспорға (Керчьке) шығады, алаңдар мен утигурларды бағындырады. Оның ұлдарының бірі Түріксанаф Киммерия Боспорына басып кіріп, Қырымға жойқын жорық жасады.

Түрік қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Батыста 603–704 жылдары жеке Батыс түрік қағанаты өмір сүрді. Оның негізін Торэмен қаған қалаған деген ғылыми дерек те бар. 656 жылы Ашина Хэлу қаған қытай әскери қолбасшысы Су Динфаннан жеңілгеннен кейін Батыс Түрік қағанаты Таң империясының ықпалына түсті. Бұдан кейінгі жерде Батыс Түрік қағанатын Таң империясы әкімшілік аймақтарға бөліп, бұрынғы түрік қағандарының қытайланған ұрпақтарынан басқақтарды — «қуыршақ қағандарды» тағайындап отырды (қ. Ашина Буяжен, Ашина Мижелі, Ашина Суйцзы). Дегенмен олардың ішінде Дучжы (Дучжи хан, Ашина Дучжы) қаған (басқақ) отарлық езгіге қарсы шығып, елді бостандыққа жеткізуге ұмтылды, бірақ мақсатына жете алмады, 679 жылы қытайлықтар оны алдап қолға түсіріп, қорлап өлтірді. Батыс Түрік қағанатының соңғы 23-қағаны Синь (Ашина Синь) 704 жылы Құлан қаласында түргештердің басшысы Үшліктің (Учжилэ, Үшелік) қолынан қаза тапты. 704 жылы Батыс Түрік қағанатының орнына Түргеш қағанаты құрылды.

Ұқсас материалдар