Қандастар Ассамблея

«Үкілі домбыра» байқауы өтеді

31.07.2013 4003
14-15 қазанда Атырау қаласында домбыра жасаушы шеберлердің YIII Республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесі өткізіледі.   Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен 14-15 қазанда Атырау қаласында домбыра жасаушы шеберлердің YIII Республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесі өткізіледі. Шара Құрманғазы Сағырбаевтың 190 жылдық мерейтойына орайластырылған. Байқаудың мақсаты – ұлттық саз аспабы – домбыраның сапалық артықшылықтарын көрсету, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндікте-рін анықтау, шеберлеріміздің өнерін кеңінен насихаттау. Домбыраны ұлттық брендке айналдыру. Байқау-бәйгеге ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын барлық кәсіпқой шеберлермен қатар, әуесқой дарындар да қатыса алады. Бәйгенің бұрынғы байқаулардан ерекшелігі: домбыра тұтас ойып жасалуы тиіс. Қозықұйрық домбыранаың мойыны 48 см, қалақ домбыраның мойыны 46 см болуы шарт. Жүлде берілетін домбыралар қазылар алқасының шешімімен анықталады. Аспаптың жасалу сапасына, үнділігіне, безендіруіне және материалына (бұйра үйеңкі) баса көңіл бөлінеді. Тілек білдірушілер осы Ереже жариялаған күннен бастап өз өтініштерін 15 қыркүйекке дейін «Иман» республикалық қорына жолдаулары керек. Қатысушылар домбыраларды төрт санмен белгіленген ентаңбасымен /шифры/ белгілеп, міндетті түрде қобдишасымен өткізуі тиіс және төлқұжатының, СТН (РНН), ӘЖК (СИК) көшірмесі, өмірбаяны, 10-15 см көлемдегі жеке өзінің және домбыраның суретін, төлқұжатын және қалалық, облыстық мәдениет департаменттерінің жолдамаларын алып келуі тиіс. Байқау-бәйгеге ұсынылып, жүлде берілген домбыралар иелеріне қайтарылмайды, ұйымдастыру комитетінің қоржынында қалдырылады. Байқау-бәйгеге төмендегідей жүлделер белгіленген: Бас жүлде – ақшалай сыйлық – 4000 $ I орын – ақшалай сыйлық – 3000 $ II орын – ақшалай сыйлық – 2000 $ III орын – ақшалай сыйлық – 1000 $ 2 ынталандыру сыйлығы – 1000 $ Ұйымдастырушылар : «Иман» республикалық қоры. Мекен-жайы: 480042, Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі 74,тел,факс 8 727 394 80 59 e-mail :daraboz_magazine @ mail.ru  Айқын

14-15 қазанда Атырау қаласында домбыра жасаушы шеберлердің YIII Республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесі өткізіледі.  

Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті Атырау облыстық әкімдігінің қолдауымен 14-15 қазанда Атырау қаласында домбыра жасаушы шеберлердің YIII Республикалық «Үкілі домбыра» байқау-бәйгесі өткізіледі. Шара Құрманғазы Сағырбаевтың 190 жылдық мерейтойына орайластырылған.

Байқаудың мақсаты – ұлттық саз аспабы – домбыраның сапалық артықшылықтарын көрсету, оның әуендік, әуездік жоғары мүмкіндікте-рін анықтау, шеберлеріміздің өнерін кеңінен насихаттау. Домбыраны ұлттық брендке айналдыру.

Байқау-бәйгеге ұлттық музыкалық аспаптарды жасайтын барлық кәсіпқой шеберлермен қатар, әуесқой дарындар да қатыса алады. Бәйгенің бұрынғы байқаулардан ерекшелігі: домбыра тұтас ойып жасалуы тиіс. Қозықұйрық домбыранаың мойыны 48 см, қалақ домбыраның мойыны 46 см болуы шарт. Жүлде берілетін домбыралар қазылар алқасының шешімімен анықталады. Аспаптың жасалу сапасына, үнділігіне, безендіруіне және материалына (бұйра үйеңкі) баса көңіл бөлінеді.

Тілек білдірушілер осы Ереже жариялаған күннен бастап өз өтініштерін 15 қыркүйекке дейін «Иман» республикалық қорына жолдаулары керек.

Қатысушылар домбыраларды төрт санмен белгіленген ентаңбасымен /шифры/ белгілеп, міндетті түрде қобдишасымен өткізуі тиіс және төлқұжатының, СТН (РНН), ӘЖК (СИК) көшірмесі, өмірбаяны, 10-15 см көлемдегі жеке өзінің және домбыраның суретін, төлқұжатын және қалалық, облыстық мәдениет департаменттерінің жолдамаларын алып келуі тиіс.


Байқау-бәйгеге ұсынылып, жүлде берілген домбыралар иелеріне қайтарылмайды, ұйымдастыру комитетінің қоржынында қалдырылады.
Байқау-бәйгеге төмендегідей жүлделер белгіленген:

Бас жүлде – ақшалай сыйлық – 4000 $

I орын – ақшалай сыйлық – 3000 $

II орын – ақшалай сыйлық – 2000 $

III орын – ақшалай сыйлық – 1000 $

2 ынталандыру сыйлығы – 1000 $

Ұйымдастырушылар :

«Иман» республикалық қоры. Мекен-жайы: 480042, Алматы қаласы, Ғабдуллин көшесі 74,тел,факс 8 727 394 80 59

e-mail :daraboz_magazine @ mail.ru 


Айқын

Ұқсас материалдар