Бүгін Алматыда жүзу бассейні бар спорт кешені ашылады
"27 шілдеде сағат 11-де Алматыда Сейфуллин даңғылы мен Молдағалиев көшесінің қиылысында Түркісіб ауданындағы жүзу бассейні бар «Абылай хан» деп аталатын алғашқы ірі спорт кешенінің ашылу салтанаты болады», - делінген хабарламада.
Жаңа спорт нысаны халықаралық стандарттармен салынған. Ол су спорты спортшыларының барлық талаптарына сай келеді.
Оның ашылуы салтанатына Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова, аудан басшылығы, әртүрлі спорт федерацияларының өкілдері мен танымал спортшылар қатысады. Шараға бағдарламасында атлеттердің өнер көрсетуі, концерт бағдарламасы, ұтыс ойындары және басқа да көптеген қызықты бағдарлама жоспарланған.
ҚазАқпарат.
Ұқсас материалдар
Cоңғы материалдар