Қандастар Ассамблея

Жазушының қаламынан туған “Ақсу – жер жаннаты” романы

26.07.2013 6072
Жазушының қаламынан туған “Ақсу – жер жаннаты” (“Қара орманның” жаңа нұсқасы) романы қазақ әдебиетіне қосылған елеулі туынды болып табылады. “Ақсу – жер жаннатын” жазушының шынайы өмірден таңдап алған құбылысы ретінде сенімді баяндалады. Жазушы Қ.Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты” романындағы Бекет дүниені, өмірді, адамды танып-білсем деп талпынған азаматтың бірі. Романның кейіпкерлері Бекет, Жанжігіт шал, Ситан, Сарқыт, Әбдіжапар, Лексей Лексевич, Әсем, Бесемпір т.б. Алуан түрлі кейіпкерлер, олардың тіршілігі, қым-қуыт тағдырлары және романның проблема етіп көтеріп тұрған мәселесінің маңыздылығы – бәрі-бәрі шығармаға кең тыныстылық қана беріп тұрған жоқ, сонымен қатар әлі де жалғасын табар, әлі де жазылар сұлбасын танытқандай. Оқырманның жазушы шеберлігіне тәнті болып, одан әлі де болса туынды күтері сөзсіз. Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс тұра алмайды. Мәселе адамның сол қоғамның заңдылығын үнсіз мақұлдап, ессіз орындауында немесе қоғамдағы қарама-қайшылықтарды терең түсініп, оның өміріне үнсіз бас шұлғудың орнына, өз пікірін, өз ойын іркілмей айтып, қайыспай қарсы тұруында болса керек. Тереңірек үңілсек, Қ.Ысқақов романының мазмұны – сұлу Алтайдың әсем табиғатын қалай да болашақ ұрпаққа бүлдірмей, мұра-мирас етіп қалдырамыз деген ниеттен туындап, пішініне адамдардың арасында кездесетін түрлі драмалық жағдайлары, тебіреніс, толғанысын бейнелейтін психологиялық, философиялық сипаттар арқау болған. Балалық балғын шақ, бәрінен бұрын, адамның табиғат – анамен байланысының ең бір берік кезеңі, ол кезең шындық пен қиял арасына қойылатын шекараның бәлендей байқалмайтын сәтімен ерекшеленеді. Сондықтан да сюжеттік желідегі әр қаһарманның сонау алыста қалған сол бір қимас кезеңіне үн қатуы, сонымен жүздесуі, қиял дүниесіне енуі лирикалық шегіністермен ұтымды берілген. Ал мұның өзі романның пішініне лирикалық сарын енгізген. “Ақсу – жер жаннатындағы” қаһармандарды да бірін Алтай табиғатының жанашырлары деп, бірін табиғатты таптап, ақшаның, табыстың көзіне айналдырғысы келгендер деп қарау керек. Осы жайттан бастау алған тартыс сюжеттік желіге арқау болған. Жазушы Қалихан Ысқақовтың «Ақсу – жер жанаты» романы әрқилы адамдардың тағдырынан сыр шертетін, бүгінгі күні де күн тәртібінен түспей отырған өзекті проблемалардың бірі – экология мәселесін арқау еткен кең тынысты туынды. Бұл романның ең бағалы тұсы – Алтайдың таза табиғаты, табиғат сурттері мен адам тағдыры қатар өрілген, оқиға желісі қызғылықты, оқушысын жетелеп әкететін, композициясы орнықты роман. Алтай өңірін мекендеген бірнеше ұлттардың қатар, тату-тәтті өмір сүріп жатқан жұртшылықтың кешегі, бүгінгі өмірімен қоса болашағы да болжанады, ертеңіне деген жазушы жүрегінің алаңдаушылығы шындыққа қыранша биіктен қарайтын көрегендігіне куә боламыз. Қалихан Ысқақов әрбір сөзі мен сөйлеміне жауапкершілікпен қарайтын, шындыққа жанасымды шығармаларды өмірге алып келген, жұртшылықтың өскелең талғамынан шығатын туындылар беріп келе жатқан сарабдал жазушы әрқашанда табиғат пен адамды өз шығармаларына арқау етіп келеді.

Жазушының қаламынан туған “Ақсу – жер жаннаты” (“Қара орманның” жаңа нұсқасы) романы қазақ әдебиетіне қосылған елеулі туынды болып табылады. “Ақсу – жер жаннатын” жазушының шынайы өмірден таңдап алған құбылысы ретінде сенімді баяндалады.

Жазушы Қ.Ысқақовтың “Ақсу – жер жаннаты” романындағы Бекет дүниені, өмірді, адамды танып-білсем деп талпынған азаматтың бірі. Романның кейіпкерлері Бекет, Жанжігіт шал, Ситан, Сарқыт, Әбдіжапар, Лексей Лексевич, Әсем, Бесемпір т.б. Алуан түрлі кейіпкерлер, олардың тіршілігі, қым-қуыт тағдырлары және романның проблема етіп көтеріп тұрған мәселесінің маңыздылығы – бәрі-бәрі шығармаға кең тыныстылық қана беріп тұрған жоқ, сонымен қатар әлі де жалғасын табар, әлі де жазылар сұлбасын танытқандай. Оқырманның жазушы шеберлігіне тәнті болып, одан әлі де болса туынды күтері сөзсіз.

Адам өзі өмір сүріп отырған қоғамнан тыс тұра алмайды. Мәселе адамның сол қоғамның заңдылығын үнсіз мақұлдап, ессіз орындауында немесе қоғамдағы қарама-қайшылықтарды терең түсініп, оның өміріне үнсіз бас шұлғудың орнына, өз пікірін, өз ойын іркілмей айтып, қайыспай қарсы тұруында болса керек. Тереңірек үңілсек, Қ.Ысқақов романының мазмұны – сұлу Алтайдың әсем табиғатын қалай да болашақ ұрпаққа бүлдірмей, мұра-мирас етіп қалдырамыз деген ниеттен туындап, пішініне адамдардың арасында кездесетін түрлі драмалық жағдайлары, тебіреніс, толғанысын бейнелейтін психологиялық, философиялық сипаттар арқау болған.

Балалық балғын шақ, бәрінен бұрын, адамның табиғат – анамен байланысының ең бір берік кезеңі, ол кезең шындық пен қиял арасына қойылатын шекараның бәлендей байқалмайтын сәтімен ерекшеленеді. Сондықтан да сюжеттік желідегі әр қаһарманның сонау алыста қалған сол бір қимас кезеңіне үн қатуы, сонымен жүздесуі, қиял дүниесіне енуі лирикалық шегіністермен ұтымды берілген. Ал мұның өзі романның пішініне лирикалық сарын енгізген.

“Ақсу – жер жаннатындағы” қаһармандарды да бірін Алтай табиғатының жанашырлары деп, бірін табиғатты таптап, ақшаның, табыстың көзіне айналдырғысы келгендер деп қарау керек. Осы жайттан бастау алған тартыс сюжеттік желіге арқау болған.

Жазушы Қалихан Ысқақовтың «Ақсу – жер жанаты» романы әрқилы адамдардың тағдырынан сыр шертетін, бүгінгі күні де күн тәртібінен түспей отырған өзекті проблемалардың бірі – экология мәселесін арқау еткен кең тынысты туынды. Бұл романның ең бағалы тұсы – Алтайдың таза табиғаты, табиғат сурттері мен адам тағдыры қатар өрілген, оқиға желісі қызғылықты, оқушысын жетелеп әкететін, композициясы орнықты роман. Алтай өңірін мекендеген бірнеше ұлттардың қатар, тату-тәтті өмір сүріп жатқан жұртшылықтың кешегі, бүгінгі өмірімен қоса болашағы да болжанады, ертеңіне деген жазушы жүрегінің алаңдаушылығы шындыққа қыранша биіктен қарайтын көрегендігіне куә боламыз.

Қалихан Ысқақов әрбір сөзі мен сөйлеміне жауапкершілікпен қарайтын, шындыққа жанасымды шығармаларды өмірге алып келген, жұртшылықтың өскелең талғамынан шығатын туындылар беріп келе жатқан сарабдал жазушы әрқашанда табиғат пен адамды өз шығармаларына арқау етіп келеді.

Ұқсас материалдар