Қандастар Ассамблея

Достық туралы, намыс туралы өзіндік түсінігі бар

26.07.2013 2348
Қ. Салғараұлының шығармашылығындағы тағы бір тақырып – ол замандастарының, еңбекші адамдарының игілікті істерінің адам көзіне көріне бермейтін жақтары туралы насихаттау. Ол дәрігер, қарапайым диқаншы, тіпті қарапайым ауыл адамы. Олардың күнделікті күйбің тірліктерінің барлығы болашақ үшін жасалып жатқандығын марапаттамай, мақтамай-ақ бір адамның күнделікті өмір сүру дағдыларына сол адамның қасында жүріп-ақ суреттеп береді. Ал енді сол дәрігер еңбегіне мән берейікші. Соғыс жылдарының тауқіметін көре жүріп білім алды, астана қаласында жоғарғы білікті маманға қызмет орны табылмас па елі. Табылар еді. Бірақ ол шет аймақтағы өз ауылына келіп, қатардағы дәрігер болды. Даланы шарлай жүріп, қоржынына дәрі-дәрмегін салып алып, талай қойшы-малшыларды аралай жүріп, қызмет атқарды. Тіпті онысын міндетсініп, кеуде соқпады. Қолының шипалылығын талайларға дарытып, талай адамды өмір тырнағынан аман сақтап қалып, өмір гүлін сыйлады. Соның бәрін жарияламай-ақ бір өзі атқарды. Ал диқаншы ше?! Таң бозара атқанда бозторғай шырылымен бірге оянып, түнгі аспанда жұлдыздар жымыңдасқанда тыным тауып, алдына қойған асты ұйқылы-ояу ішетін диқаншы бүкіл халықтың қамы үшін қызмет етеді. Ауыл десең, ауыл адамдарының талай қызық мінезі алдыңнан шығады. Біреуі қара сиырын пайғамбарындай мәпелесе, енді бірде замандастардың қалжыңына оғаш мінез танытып жатқан адамдарды көргенде, “үлкен адамдардың онысы несі” деген сұрақ көкейінде тұрады. Бірақ ауыл адамы “сен сөйлеп жатырсың” екен деп сенің сөзіңді қаперіне де алмайды. Оның достық туралы, намыс туралы өзіндік түсінігі бар. “Мінез” әңгімесіндегі Жәлел қарт өзіндік мінезімен ерешеленеді. Қызын алып қашқан жігіттің ата-анасының кешірім сұрап алдыннан өтпеуі – қазақтың көнеден қалыптасқан салтын бұзу. Құдасының бұндай өрескелдігін кешіре алмаған Жәлел қарт қызының артынан “қуып бару” салтын жасамайды. Бұндағы автордың көтеріп отырған мәселесі ауыл арасындағы түсініспеушілікті әшкере ету емес, қазақ халқының арасында ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрдің бұзылуын көрсету. Қасына көшіп келіп жатқан құдасының үйінің қасында сауырын қойып жатқан баласын көргенде Жәлел қарт шыдай алмай, баласымен жылап көріседі. Бірақ қасына келіп, қол ұсынған құдасының қолын да алмайды. Бұл құдасына тағы да қыр көрсету емес, ескерту. Әр ауылда осындай өр кеуделі, өр мінезді қарттар бары айдан анық. Олар - ежелден қалыптасқан салттардың сақталуын тау басынан қалт етпей бақылап тұратын қырандай, кезі келгенде салт-дәстүрдің мәнін білмегендерді жолға салатын қазақ халқының салтын сақтаушы дана қарттар.

Ұқсас материалдар