Қандастар Ассамблея

«Әзірет Сұлтан» мешіті қарттар үйіне ауызашар берді

26.07.2013 2396
Кеше Астана қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқысымен екінші жыл қатарынан ауызашар берілді. Ауызашар дастарханы мекеменің 310 адамына жайылды. Ауызашар барысында мешіттің найб имамы Қуат Ерғалиұлы оразаның қадір-қасиеті жайында уағыз айтып, Құран оқып, қарияларымызға денсаулық, ұзақ өмір және сабырлық тіледі. Мекеме директоры Кенжеболат Сапарұлы Бапышев өткен жылы мешіттің Бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы келіп қариялармен ауыз ашқанын тілге тиек ете келе, биыл да ауызашар ұйымдастырып жатқаны үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне алғысын айтты. Сөз соңында Рамазанға төрт көзіміз түгел жеткізгеніне Аллаға сансыз шүкірлер айтып, келесі жылы да аман-есен жетуімізді және ораза ұстаушылар санының артуын тіледі. muslim.kz

Кеше Астана қаласындағы «Қарттар мен мүгедектерге арналған медициналық-әлеуметтік мекемесінде» «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұйытқысымен екінші жыл қатарынан ауызашар берілді. Ауызашар дастарханы мекеменің 310 адамына жайылды.

Ауызашар барысында мешіттің найб имамы Қуат Ерғалиұлы оразаның қадір-қасиеті жайында уағыз айтып, Құран оқып, қарияларымызға денсаулық, ұзақ өмір және сабырлық тіледі.
Мекеме директоры Кенжеболат Сапарұлы Бапышев өткен жылы мешіттің Бас имамы Қайрат Жолдыбайұлы келіп қариялармен ауыз ашқанын тілге тиек ете келе, биыл да ауызашар ұйымдастырып жатқаны үшін «Әзірет Сұлтан» мешітіне алғысын айтты. Сөз соңында Рамазанға төрт көзіміз түгел жеткізгеніне Аллаға сансыз шүкірлер айтып, келесі жылы да аман-есен жетуімізді және ораза ұстаушылар санының артуын тіледі.

muslim.kz

Ұқсас материалдар