Қандастар Ассамблея

«Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» өлеңі – өзінше бөлек сөз етуге тұрарлық б

23.07.2013 3840
Тіршілік қамын ойлау жеке бастың ғана қамымен болып, арам-адалға қарамай, дүниеқоңызға берілу емес екенін ескертіп, ардан безіп, елге жексұрын аталудан сақтандырады. Итін күшіктетіп, оны малға айырбастау арқылы байымақ болған жұғымсыз қылықты мазақтауы – шебер мысқылшыл ақын екенін байқатады. Алты күшік болыпты алты тоқты, Әркім әуес қылады қолда жоқты. «Ит сатқанның ауылы» атанарсың, Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, – дейді ақын жоқтан өзгеден табыс іздеп, ел арына дақ түсірер болымсыз іспен шұғылданушы замандасының біріне. Өз төрінде отырып, көкірексіп, күпсіген әкімсымақтарға арнаған сөздері де мысқылға құрылады. Көлбай есімді өркөкіректі ол бір ауыз өлеңмен-ақ жөнге салып, ақындық өнердің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Ешкімге пайдасы жоқ адамның өмірі нәтижесіз, керексіз, сондықтан оның қазасы да қасиетсіз. Адам өз халқына сіңірген еңбегімен бағалы. Ал ақын болса, әркімнің мазағы емес, халық қадірмені. Ел-жұртын аузына қаратқан дуалы ауызды арлы азаматы. Алдыңа келген жыршыны,           Мазақ қылма, Көлбайым, Мазақ қылсаң, Көлбайым,            Сенің әкең Жұмабай, Шылбырдан өлген кісі еді. Кетерсің болып сондайын, – деп, өзінің өткір сөзімен Көлбайдың көлгірсіген көкірегін басыпты. «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» атты Құлыншақтың өлеңі – өзінше бөлек сөз етуге тұрарлық бейнелі шығарма. Ақын өзінің дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген көзқарастарын бейнелі сөздермен суреттей білген. Шалқар көлде бейқам шалқып жүрген қасқалдаққа адам тіршілігін салыстыра терең ой түйіп, адамгершіл меңзеулер жасайды. Адам өзінің санаулы өмір жолын бос өткізіп алмай, пайдасына жарата білуін, адал жүріп, анық басуын аңсайды. Ел-жұрт үшін жасалған ізгі істердің босқа кетпейтінін, оның халық есінде мәңгі сақталатынын ескертіп, парасатты істерге үндейді. Басқаға қиянат жасамай, қолдан келген көмегіңді, еңбегіңді адал жаннан аямай өтуді керек қылады. Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме, Біреудің адал нанын алып жеме. Артыңа жақсылығың қалса қалар, Адамның жамандығы қалсын неге? Құлыншақ та басқа өзіне тұстас ақындар сияқты адамның әрбір жас шамасын, кәрілік кезеңін топшылап, өзінше толғайды. Бұл мәселеде ақын өзіне ғана тән көркемдеу әдіс қолданады. Дүние-өмір, адамның тіршілігі маңдайыңа жазылған тағдыр деген ұғымды көл кезген құстың маңдайындағы «қасқалдаққа» шендестіре бейнелеген. Ал бұл сияқты сурет, сөзсіз, шеберлік көрінісі.

Тіршілік қамын ойлау жеке бастың ғана қамымен болып, арам-адалға қарамай, дүниеқоңызға берілу емес екенін ескертіп, ардан безіп, елге жексұрын аталудан сақтандырады. Итін күшіктетіп, оны малға айырбастау арқылы байымақ болған жұғымсыз қылықты мазақтауы – шебер мысқылшыл ақын екенін байқатады.

Алты күшік болыпты алты тоқты,

Әркім әуес қылады қолда жоқты.

«Ит сатқанның ауылы» атанарсың,

Ендігәрі жемеңіз мұндай боқты, – дейді ақын жоқтан өзгеден табыс іздеп, ел арына дақ түсірер болымсыз іспен шұғылданушы замандасының біріне.

Өз төрінде отырып, көкірексіп, күпсіген әкімсымақтарға арнаған сөздері де мысқылға құрылады. Көлбай есімді өркөкіректі ол бір ауыз өлеңмен-ақ жөнге салып, ақындық өнердің қадір-қасиетін жоғары бағалайды. Ешкімге пайдасы жоқ адамның өмірі нәтижесіз, керексіз, сондықтан оның қазасы да қасиетсіз. Адам өз халқына сіңірген еңбегімен бағалы. Ал ақын болса, әркімнің мазағы емес, халық қадірмені. Ел-жұртын аузына қаратқан дуалы ауызды арлы азаматы.

Алдыңа келген жыршыны,          

Мазақ қылма, Көлбайым,

Мазақ қылсаң, Көлбайым,           

Сенің әкең Жұмабай,

Шылбырдан өлген кісі еді.

Кетерсің болып сондайын, – деп, өзінің өткір сөзімен Көлбайдың көлгірсіген көкірегін басыпты.

«Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы» атты Құлыншақтың өлеңі – өзінше бөлек сөз етуге тұрарлық бейнелі шығарма. Ақын өзінің дүниетанымын, өмір құбылыстарына деген көзқарастарын бейнелі сөздермен суреттей білген. Шалқар көлде бейқам шалқып жүрген қасқалдаққа адам тіршілігін салыстыра терең ой түйіп, адамгершіл меңзеулер жасайды. Адам өзінің санаулы өмір жолын бос өткізіп алмай, пайдасына жарата білуін, адал жүріп, анық басуын аңсайды. Ел-жұрт үшін жасалған ізгі істердің босқа кетпейтінін, оның халық есінде мәңгі сақталатынын ескертіп, парасатты істерге үндейді. Басқаға қиянат жасамай, қолдан келген көмегіңді, еңбегіңді адал жаннан аямай өтуді керек қылады.

Біреуге «берсем» дегін, «алам» деме,

Біреудің адал нанын алып жеме.

Артыңа жақсылығың қалса қалар,

Адамның жамандығы қалсын неге?

Құлыншақ та басқа өзіне тұстас ақындар сияқты адамның әрбір жас шамасын, кәрілік кезеңін топшылап, өзінше толғайды. Бұл мәселеде ақын өзіне ғана тән көркемдеу әдіс қолданады. Дүние-өмір, адамның тіршілігі маңдайыңа жазылған тағдыр деген ұғымды көл кезген құстың маңдайындағы «қасқалдаққа» шендестіре бейнелеген. Ал бұл сияқты сурет, сөзсіз, шеберлік көрінісі.

Ұқсас материалдар