Қандастар Ассамблея

Туындылар көлемі жағынан шағын болғанымен, Құлыншақтың мұраларын тереңдей талдауға жәрдемі тиерлік қ

23.07.2013 2512
Ақын қорықса да саспай, батырға тіл қатып, оны тоқтатады. Қаһарлы қылыш қынабына қайта салынып, сыннан өтіп, сый-сияпат көреді. Қисық батырдың сырт келбеті адам түршігерлік кесперсіз, кескен томардай дөңкиген болғанына қарамастан ақын оны алтын тақта отырған патшаға балайды. Артық туған адамның асылысың деп мақтай жөнеледі: Жақсыға анық тартып туып едің, Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің. Даңқыңды Алатаудай естіген соң, Көруге дидарыңды келіп едім. Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге, Көріндің адам болып көрер көзге. Мақсұтың Алла Тағала бергеннен соң, Міндіңіз алтын таққа осы кезде. Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың, Құдайым аямасын берген бағын. Бұл күнде ел билеген батыр бопсың, Зейінмен ажыратып істің ағын. Ақынның мадақ сөзіне риза болған Қисық батыр ақынды байқау үшін соны талаптар қойып, өзі туралы қорықпай сөйлеп, бойындағы мінін жасырмай айтуды талап етеді. Батырдың қара қоңыз сияқты домалақ тұлғасын, бақадай бақалтақ бой-сойын, бірбеткей мінезді адам екенін, асыл тегі де оңды еместігін батыл әшкерелеп шығады. Ақынның айтар сөзге тапжылмай сөйлегіштігін таныған Қисық, оның жай ақын ғана емес, батыр ақын екенін таниды. Оған риза болады. Сый-сияпат көрсетеді. Қисық батырды мінеген сөздерінен бір мысал: Былжыраған сен туыпсың атың Қисық, Қисайып отырасың, елге бисіп. Алыстан іздеп келген мейман едім, Япырай, маған салдың жаман түйсік. Артыңнан атқа мінсең бақадайсың, Ат басқан жерге түскен тақадайсың... Бойың тұрған жерінде бағың тұрып, Ашуың келіп қалса қаһардайсың. Тәрізді бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнында жатамысың қоңыздай боп... Қисық батырды бейнелеуге, әсіресе оны даттауға арналған сөздері – өткір. Ақынның адамды сынап-мінеуге шебер екенін танытқандай. Бұрын-соңды еш ақын қолданбаған айшықты тіл тауып қолдана біледі. «Тәрізді шөлдеу жердің масасындай», «Пішінің диуананың асасындай» деген өлең жолдарындағы теңеулері өзіндік және айқын. Қисықты даттағанда төрт түлік малдың ең нашарларын таңдап, соларға балайды. Мысалы: Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі... Болар ең, түйе болсаң қотыр қоспақ, Алар ем, ел көшкенде босқа қостап... Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана, Мінетін бір сорлының аты ғана... Болар ең, сиыр болсаң қара тана, Қақпалап мінер еді бала-шаға... «Қазақ әдебиеті»  (1987, X) газетінде Әсілхан Оспанұлы жариялаған екі-үш өлең – ақынның талғамдарын тани түсуге көмегі бар шығармалар. Олар: «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Әркім әуес қылады қолда жоғын». Аталмыш туындылар – көлемі жағынан шағын болғанымен, Құлыншақтың мұраларын тереңдей талдауға жәрдемі тиерлік құнды еңбектер. Өмір құбылыстарын болжап, ой түйіп, адамгершіл, ақылдар айтып, ар-иманды таза ұстай білуге, әділет жолында аянбай еңбек етуге үндейді. Аталмыш ақын шығармалары – өзіндік өрнектерінен хабар берерлік көркем дүниелер.

Ақын қорықса да саспай, батырға тіл қатып, оны тоқтатады. Қаһарлы қылыш қынабына қайта салынып, сыннан өтіп, сый-сияпат көреді. Қисық батырдың сырт келбеті адам түршігерлік кесперсіз, кескен томардай дөңкиген болғанына қарамастан ақын оны алтын тақта отырған патшаға балайды. Артық туған адамның асылысың деп мақтай жөнеледі:

Жақсыға анық тартып туып едің,

Жақсылық туғаннан-ақ қуып едің.

Даңқыңды Алатаудай естіген соң,

Көруге дидарыңды келіп едім.

Іліндің атақ жастан сөйлер сөзге,

Көріндің адам болып көрер көзге.

Мақсұтың Алла Тағала бергеннен соң,

Міндіңіз алтын таққа осы кезде.

Мүбәрәк құтты болсын мінген тағың,

Құдайым аямасын берген бағын.

Бұл күнде ел билеген батыр бопсың,

Зейінмен ажыратып істің ағын.

Ақынның мадақ сөзіне риза болған Қисық батыр ақынды байқау үшін соны талаптар қойып, өзі туралы қорықпай сөйлеп, бойындағы мінін жасырмай айтуды талап етеді. Батырдың қара қоңыз сияқты домалақ тұлғасын, бақадай бақалтақ бой-сойын, бірбеткей мінезді адам екенін, асыл тегі де оңды еместігін батыл әшкерелеп шығады. Ақынның айтар сөзге тапжылмай сөйлегіштігін таныған Қисық, оның жай ақын ғана емес, батыр ақын екенін таниды. Оған риза болады. Сый-сияпат көрсетеді. Қисық батырды мінеген сөздерінен бір мысал:

Былжыраған сен туыпсың атың Қисық,

Қисайып отырасың, елге бисіп.

Алыстан іздеп келген мейман едім,

Япырай, маған салдың жаман түйсік.

Артыңнан атқа мінсең бақадайсың,

Ат басқан жерге түскен тақадайсың...

Бойың тұрған жерінде бағың тұрып,

Ашуың келіп қалса қаһардайсың.

Тәрізді бақсы ұстаған қобыздай боп,

Пішінің жаман екен доңыздай боп.

Қатының таңдап алған сұлу екен,

Қойнында жатамысың қоңыздай боп...

Қисық батырды бейнелеуге, әсіресе оны даттауға арналған сөздері – өткір. Ақынның адамды сынап-мінеуге шебер екенін танытқандай. Бұрын-соңды еш ақын қолданбаған айшықты тіл тауып қолдана біледі. «Тәрізді шөлдеу жердің масасындай», «Пішінің диуананың асасындай» деген өлең жолдарындағы теңеулері өзіндік және айқын.

Қисықты даттағанда төрт түлік малдың ең нашарларын таңдап, соларға балайды. Мысалы:

Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі,

Шалбардай жұртта қалған бетің ескі...

Болар ең, түйе болсаң қотыр қоспақ,

Алар ем, ел көшкенде босқа қостап...

Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана,

Мінетін бір сорлының аты ғана...

Болар ең, сиыр болсаң қара тана,

Қақпалап мінер еді бала-шаға...

«Қазақ әдебиеті»  (1987, X) газетінде Әсілхан Оспанұлы жариялаған екі-үш өлең – ақынның талғамдарын тани түсуге көмегі бар шығармалар. Олар: «Дүние – ол бір көлдің қасқалдағы», «Мазақ қылма, Көлбайым», «Әркім әуес қылады қолда жоғын». Аталмыш туындылар – көлемі жағынан шағын болғанымен, Құлыншақтың мұраларын тереңдей талдауға жәрдемі тиерлік құнды еңбектер. Өмір құбылыстарын болжап, ой түйіп, адамгершіл, ақылдар айтып, ар-иманды таза ұстай білуге, әділет жолында аянбай еңбек етуге үндейді. Аталмыш ақын шығармалары – өзіндік өрнектерінен хабар берерлік көркем дүниелер.

Ұқсас материалдар