Қандастар Ассамблея

Құлыншақтың алдына жасы үлкен деп бас қойылды

23.07.2013 2621
Осыған келгенде иығында сүлгісі бар жас жігіт «ауқат дайын болды, қол жуыңыздар!» деп келген. Ол сары шылапшын мен үйрек мойын мыс құманды жағалатып кісі қолына су құйып шыққан. Буы бұрқыраған сарыала қазы, білем-білем құйрық толы табақ үш жерден тартылды. Құлыншақтың алдына жасы үлкен деп бас қойылды. Құлыншақ 1840 жылы туылып, 1911 жылы Меккеден қайтар жолда дүниеден өткен. Тамақтан соңғы сөзді де Құлыншақ алды. Ол әуелі өлеңдетіп, шұбыртпалы бата беріп, үй иесіне алғыс айтты. Домбырасын қаттырақ бұрап, әуенге келтірді де, өзінің он бір жасынан ақындық жолға түскенін, әкесі Кемелдің ұйғаруымен Арқадағы әйгілі Шөже жыраудан барып бата алғанын, содан бері талай жыр, қисса толғап жүргенін айтып өтті. Сөйтті де сәл тыныс алып, бір хикаяны бастай берді. Бұл «Шора батыр» тұғын. Түн ортасы ауды, қисса әлі аяқталар емес, қызыл бауырсақ, науат, өрік-мейіз аралас төгілген кестелі дастарқан қайта жайылды. Бір уақытта: – Аға, шәй ішіп, демала тұрыңыз! – деді Молда Мұса. Ол өзінің бірер мысал өлеңін айтып, жұртты бір сергітіп тастады. Онан соң Бұдабай да: «Біз едік Бұдабайы Орта жүздің» деп басталатын жырын толғады. Бағаналы бері ішінен өлең торлап отырған Жамбыл: – Құлыншақ аға, жаңағы жырыңызды қайта айтып берсем қайтеді?» - деген. Бұл сөзге өзге ақындар елең ете қалысты. – Шора батырды ма? – Иә, Шораны. – Егер түгел айта алмасаң ше? – Айтады, мүдірсе, мен кепілгер, – деді Майлы. – Айтсын, айтсын! – десті бәрі. Жамбыл домбырасын безектетіп Шораны термеледі: Нәрікбай бір балаға зар болады. Ол насат батыр болып өседі. Жауларынан кек алады. Бір батырмен жекпе-жекке шығар алдында оған былай дейді: Тегімді менің сұрасаң Ноғайлы деген ел деді Әкемді менің сұрасаң Нәрік деген хан деді. Өз атымды сұрасаң Шора деген мен деді Қасымдағы серігім Әрі батыр, әрі би Құлыншақ деген ер деді Оның берген билігі Қырық бименен тең деді. Өлесің ғой қалмағым, Опат болып сен деді. Қуып келген артыңнан Шора батыр мен деді. Жамбыл ақын осылай термелеп әуендеткенде, тыңдаушы біздер «ой, пәлі-ай» деп қалдық. Құлыншақ насаттанып, оған сүйсінді: – Нағыз құймақұлақ екен. Сөзім айна қатесіз түп-түгел шықты ғой. Молда Мұса да: – Жаттағыш-ақ екен, – деп жатыр. Майлы желпіне түссе керек: – Мен анау-мынау жыршыны жаныма ертпеймін ғой. Көрмейсіңдер ме, Құлыншақтың термелеген жерін термеледі, әндеткен жерін әндетті... Не керек, ақындар сол түні таң атқанша думандатқан. Олар үшінші күн дегенде тарасқан. Құлыншақ бастаған ақындар Таздар еліндегі шақырылған тойға жүріп кеткен. Молда Мұса мен Бұдабай Бабай қорғанға бармақ болып, олардан бөлініп қалған.

Осыған келгенде иығында сүлгісі бар жас жігіт «ауқат дайын болды, қол жуыңыздар!» деп келген. Ол сары шылапшын мен үйрек мойын мыс құманды жағалатып кісі қолына су құйып шыққан. Буы бұрқыраған сарыала қазы, білем-білем құйрық толы табақ үш жерден тартылды. Құлыншақтың алдына жасы үлкен деп бас қойылды. Құлыншақ 1840 жылы туылып, 1911 жылы Меккеден қайтар жолда дүниеден өткен.

Тамақтан соңғы сөзді де Құлыншақ алды. Ол әуелі өлеңдетіп, шұбыртпалы бата беріп, үй иесіне алғыс айтты. Домбырасын қаттырақ бұрап, әуенге келтірді де, өзінің он бір жасынан ақындық жолға түскенін, әкесі Кемелдің ұйғаруымен Арқадағы әйгілі Шөже жыраудан барып бата алғанын, содан бері талай жыр, қисса толғап жүргенін айтып өтті. Сөйтті де сәл тыныс алып, бір хикаяны бастай берді. Бұл «Шора батыр» тұғын. Түн ортасы ауды, қисса әлі аяқталар емес, қызыл бауырсақ, науат, өрік-мейіз аралас төгілген кестелі дастарқан қайта жайылды. Бір уақытта:

– Аға, шәй ішіп, демала тұрыңыз! – деді Молда Мұса. Ол өзінің бірер мысал өлеңін айтып, жұртты бір сергітіп тастады. Онан соң Бұдабай да: «Біз едік Бұдабайы Орта жүздің» деп басталатын жырын толғады. Бағаналы бері ішінен өлең торлап отырған Жамбыл:

– Құлыншақ аға, жаңағы жырыңызды қайта айтып берсем қайтеді?» - деген. Бұл сөзге өзге ақындар елең ете қалысты.

– Шора батырды ма?

– Иә, Шораны.

– Егер түгел айта алмасаң ше?

– Айтады, мүдірсе, мен кепілгер, – деді Майлы.

– Айтсын, айтсын! – десті бәрі.

Жамбыл домбырасын безектетіп Шораны термеледі: Нәрікбай бір балаға зар болады. Ол насат батыр болып өседі. Жауларынан кек алады. Бір батырмен жекпе-жекке шығар алдында оған былай дейді:

Тегімді менің сұрасаң

Ноғайлы деген ел деді

Әкемді менің сұрасаң

Нәрік деген хан деді.

Өз атымды сұрасаң

Шора деген мен деді

Қасымдағы серігім

Әрі батыр, әрі би

Құлыншақ деген ер деді

Оның берген билігі

Қырық бименен тең деді.

Өлесің ғой қалмағым,

Опат болып сен деді.

Қуып келген артыңнан

Шора батыр мен деді.

Жамбыл ақын осылай термелеп әуендеткенде, тыңдаушы біздер «ой, пәлі-ай» деп қалдық. Құлыншақ насаттанып, оған сүйсінді:

– Нағыз құймақұлақ екен. Сөзім айна қатесіз түп-түгел шықты ғой.

Молда Мұса да:

– Жаттағыш-ақ екен, – деп жатыр.

Майлы желпіне түссе керек:

– Мен анау-мынау жыршыны жаныма ертпеймін ғой. Көрмейсіңдер ме, Құлыншақтың термелеген жерін термеледі, әндеткен жерін әндетті...

Не керек, ақындар сол түні таң атқанша думандатқан. Олар үшінші күн дегенде тарасқан. Құлыншақ бастаған ақындар Таздар еліндегі шақырылған тойға жүріп кеткен. Молда Мұса мен Бұдабай Бабай қорғанға бармақ болып, олардан бөлініп қалған.

Ұқсас материалдар