Қандастар Ассамблея

Бұл - Жамбыл деген ақын

23.07.2013 2885
– Ертеңіне – деп жалғады Әбекең сөзін, – елге қайтамыз деп, түстік жеп бола бергенде, біздің үйге үш аттылы сау етіп түсе қалды. Егделеу біреуін Майлықожа десті, қасындағы жұпыны киімді екі жігітті танымадым. Аттарын байлап, жүріңіздер деп, үйге кіре бергенде, төрде отырған нағашым «Майлымбысың?» деп тани кетті де. Майлы, Майлы дегенде май болмадың, Ат пен түйе алсаң да бай болмадың, – дей бергенде, Майлықожа оның қолын ала беріп: Сен Құлыншақ болғалы талай заман, Иә құлын, иә жабағы тай болмадың, – деген, бұрыннан елге жайылып кеткен бірқақпайын еске түсірді. Бәріміз күлкіге қарық болып қалдық. Ақындар бірін-бірі білетін сияқты. Бәрі жайраңдасып, сәлемдесіп жатыр. Бір уақытта Майлы ақын нағашымның жанына жайғаса беріп: – Бұл Жамбыл деген ақын, – деп қасындағы бейтаныс жігітті таныстыра бастады. – Жетісу елінен, ана бір жылы сол жаққа барғанымда қасымнан қалмай еріп жүрген. Атақты Сүйінбайдың жақын шәкірт-інісі. Сонда біздің елге келерсің деп шақырып едім, келіпті. Менен «Көрұғлыны», «Қыз Жібекті», Тотының әңгімесін үйреніп жүр... Сол отырыста Майлықожа ертеректе Жетісу және қырғыз еліндегі жиында болғанын еске алған. Жаныс ақынмен айтысатын жолы Сүйінбайдың ақындығына әбден қанық болған екен. Майлы ақын өмірінің соңғы кездерінде де Жетісу елінде болған. Оған ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Аспара, Меркіде өткен Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, айтысқаны дәлел. Бұл жөнінде зерттеушілер былай жазып жүр. «Сыпатай батырдың асында Ноғай мырза Сыр бойынан келіп қатысқан қоңырат елі адамдарын елей қоймаған себепті екпе-кірне ретінде айтылып, 1883 жылы Я.Лютьш бастырған «Киргизская хрестоматия» деген жинағында Ноғай мырза деген атпен дербес жарияланған бұл шығармада «Сүйінбай мен Майлықожа айтысы» деп осы жырдың үзік-жұлықтарын жинап, бастырылған» (Ә.Оспанұлы. «Қаратау атырабының ақындары». 1983, 100-бет). Бағдәулетұлы әңгімесін жалғастыра түсіп: «Сонда, – дейді, – Құлыншақ нағашым қасындағы Майлықожаға қарап: «Майлыеке, Жетісуда көп болғаныңды білдіргің келіп отыр ғой. Оны ана бір жылы кездескенде айтқансың. Енді мына жас жігіттің лебізін тыңдасақ қайтеді?» Осыны күтіп отырған Молда Мұса да, Бұдабай да: «Иә, Жамбыл, сөйлесін» десті. Бұдан соң Жамбыл жеңін түрініп, қалақша домбыраны қолға алды: Ай, мен Жамбылмын, Жамбылмын, Қара жолдай даңғылмын. Жастайымнан жын буып, Өлең қудым, қаңғырдым, Шапқан жерді шаң қылдым, Айтысқанды таң қылдым, Тыңдаушымды қандырдым... – деп, өзін таныстырып өтті. Онан соң өзі айтатын қисса, жырларды жұрт қалауына салды. «Саурық батыр» деген дастанын ет пісірім уақыт жырлап шықты.

– Ертеңіне – деп жалғады Әбекең сөзін, – елге қайтамыз деп, түстік жеп бола бергенде, біздің үйге үш аттылы сау етіп түсе қалды. Егделеу біреуін Майлықожа десті, қасындағы жұпыны киімді екі жігітті танымадым. Аттарын байлап, жүріңіздер деп, үйге кіре бергенде, төрде отырған нағашым «Майлымбысың?» деп тани кетті де.

Майлы, Майлы дегенде май болмадың,

Ат пен түйе алсаң да бай болмадың, – дей бергенде, Майлықожа оның қолын ала беріп:

Сен Құлыншақ болғалы талай заман,

Иә құлын, иә жабағы тай болмадың, – деген, бұрыннан елге жайылып кеткен бірқақпайын еске түсірді. Бәріміз күлкіге қарық болып қалдық. Ақындар бірін-бірі білетін сияқты. Бәрі жайраңдасып, сәлемдесіп жатыр. Бір уақытта Майлы ақын нағашымның жанына жайғаса беріп:

– Бұл Жамбыл деген ақын, – деп қасындағы бейтаныс жігітті таныстыра бастады. – Жетісу елінен, ана бір жылы сол жаққа барғанымда қасымнан қалмай еріп жүрген. Атақты Сүйінбайдың жақын шәкірт-інісі. Сонда біздің елге келерсің деп шақырып едім, келіпті. Менен «Көрұғлыны», «Қыз Жібекті», Тотының әңгімесін үйреніп жүр...

Сол отырыста Майлықожа ертеректе Жетісу және қырғыз еліндегі жиында болғанын еске алған. Жаныс ақынмен айтысатын жолы Сүйінбайдың ақындығына әбден қанық болған екен.

Майлы ақын өмірінің соңғы кездерінде де Жетісу елінде болған. Оған ХІХ ғасырдың сексенінші жылдары Аспара, Меркіде өткен Сыпатай батыр асында Сүйінбаймен кездесіп, айтысқаны дәлел. Бұл жөнінде зерттеушілер былай жазып жүр.

«Сыпатай батырдың асында Ноғай мырза Сыр бойынан келіп қатысқан қоңырат елі адамдарын елей қоймаған себепті екпе-кірне ретінде айтылып, 1883 жылы Я.Лютьш бастырған «Киргизская хрестоматия» деген жинағында Ноғай мырза деген атпен дербес жарияланған бұл шығармада «Сүйінбай мен Майлықожа айтысы» деп осы жырдың үзік-жұлықтарын жинап, бастырылған» (Ә.Оспанұлы. «Қаратау атырабының ақындары». 1983, 100-бет).

Бағдәулетұлы әңгімесін жалғастыра түсіп:

«Сонда, – дейді, – Құлыншақ нағашым қасындағы Майлықожаға қарап: «Майлыеке, Жетісуда көп болғаныңды білдіргің келіп отыр ғой. Оны ана бір жылы кездескенде айтқансың. Енді мына жас жігіттің лебізін тыңдасақ қайтеді?» Осыны күтіп отырған Молда Мұса да, Бұдабай да: «Иә, Жамбыл, сөйлесін» десті. Бұдан соң Жамбыл жеңін түрініп, қалақша домбыраны қолға алды:

Ай, мен Жамбылмын, Жамбылмын,

Қара жолдай даңғылмын.

Жастайымнан жын буып,

Өлең қудым, қаңғырдым,

Шапқан жерді шаң қылдым,

Айтысқанды таң қылдым,

Тыңдаушымды қандырдым... – деп, өзін таныстырып өтті. Онан соң өзі айтатын қисса, жырларды жұрт қалауына салды. «Саурық батыр» деген дастанын ет пісірім уақыт жырлап шықты.

Ұқсас материалдар