Қандастар Ассамблея

Ақын өмірдегі жан сүйсінер жақсылықтарды көтере дәріптесе, жамандық атаулыны сын отымен қариды

23.07.2013 2714
Өз заманының атақты адамдарының үлгілі істері, ұмытылмас өнегесін де ақын ағынан жарылып мадақ етеді. Құлыншақтың туып-өскен еліне жақсы істерімен аты қалған Дүйсенбіні:  Дүйсенбі, сенде арман жоқ,  Алаштың ұлы ат қосса,  Жарыстан атың қалған жоқ.  Өле-өлгенше ел-жұртың  Қызметіңнен қалған жоқ, – десе, әрі батырлығымен, әрі әділдігімен атырабына мәлім болған, намыс үшін қандай мықтыға да қарсы шабатын, Қаратаудың теріскейіндегі Үштөбе, Жартытөбе деген құнарлы жерлерді өз жұртына мәңгілік қоныс етіп қалдырған, жаудан беті қайтпаған Жаманқараны:  Жарқырап шығып еді дыбыстарың,  Өзіңе пар келмейді алысқаның.  Тор темір түрмесінде жатсаң-дағы  Терісі тесілмеген арыстаным, –  деп сипаттайды. Ақын өмірдегі жан сүйсінер жақсылықтарды көтере дәріптесе, жамандық атаулыны сын отымен қариды. Оның семсердей өткір тілі зұлымдық пен пасықтықты, қатыгездік пен қараулықты аяусыз әшкере етеді. Мәселен, тәкаппар, содыр мінезді Қисық батыр «мені сынашы» дегенде, Құлыншақ:   Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана,   Мінетін бір сорлының аты ғана.   Қаңғырып, кебек іздеп жүргеніңде   Көсеумен сабар еді қатын, бала.  Қой болсаң, болар едің тоқты ғана,  Сарыала бөксе жағың боқты ғана.  Үйіне жалғыз мейман келе қалса,  Соятын сол мейманға епті ғана. Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі, Шалбардай жұртта қалған бетің ескі. Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр, Әкең де құлшылықпен күнін кешті. Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп, Пішінің жаман екен доңыздай боп. Қатының таңдап алған сұлу екен, Қойнына жатамысың қоңыздай боп, – деп айтудан тайсалмаған. Құлыншақтың ауылына жапсарлас жатқан Көлбай болысқа айтқан делінген екі өлең ел аузында сақталған. Соның бірінде ақын болыс үйіне қонақ болып келгенде лайықты күтім көрмегеніне намыстанып, Көлбайға хат түрінде жазып қалдырған. Ол өлең мынау еді: Ауылдан шыққан күні Көлбай қондық, Десе дағы «Көлбай жоқ», болмай қойдық. Ішкеніміз қатықсыз қара көже, Тақыр жерге иірген қойдай болдық. Ал «Мазақ қылма, Көлбайым» деген өлең Құлыншақтың тағы бір келгенінде Көлбайдың ақынға лайықты ілтипат көрсетпей, сайқымазақ сөздер айтқанына орай туған делінеді. Ауылға келген жыршыны, Мазақ қылма, Көлбайым. Мазақ қылсаң, Көлбайым, Сенің әкең Жұмабай Шылбырдан өлген кісі еді, Кетерсің болып сондайын... Бұл арада Көлбайдың әкесі Жұмабайдың елге жасаған жағымсыз істері үшін киіз үйдің шаңырағына шылбырмен асып өлтірілген деген аңыз-әңгімені болыстың бетіне салық еткен. «Тіл тас жармаса да, бас жарады» деген осы. Нағыз ақындар кезеңі келгенде қандай шындықты да батыл айтып тастаған ғой. Құлыншақ ақын шығармашылығының аумағы әлі де толық анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің жаңадан тапқан деректері ақынның дарын қырларын ашуға көмектеседі. Белгілі фольклоршы Нысанбек Төреқұлов өзінің «Алатау асқарынан жыр асырған» (1966 ж.) деген кітабында Жамбылдың ақындық пырағына қол артқан жас шағында Қаратауға келіп, бұл елдің атақты жүйріктері Майлымен, Құлыншақпен кездесіп, бата алғанын сөз етеді. Осы еңбегінде Нысекең Жамбыл Құлыншақтан «Ер Шора», «Қыз Жібек» жырларын тыңдағанын жазады (Көрсетілген кітап, 60-62-беттер). «Кешкілік ас-судан кейін сөзді Құлыншақ алды. Ол бұл кеште «Қыз Жібек» хикаясын шертті. Қособаның басында Бекежан қолынан мерт болған Төлегеннің аспандағы алты қазбен қоштасқан зарын егілте әуендеткенде отырған қария, кейуаналар көзіне жас алды. Бұл қиссаны Жамбыл ынта қоя тыңдаған. Құлыншақтың «Қыз Жібекті» домбыра, сырнаймен кезек-кезек сүйемелдеп, әртүрлі әнге салып орындағанына қызықты. Мұндай жыршыны бұрын-соңды көрмепті. (Аталған кітап, 62-бет). Бұл мағлұматтар ақын Құлыншақтың әрі жыршы болғанын әйгілейді. Алдағы кезде Құлыншақтың жыршылық репертуары да, ең қажеттісі, сол жырлардың әртүрлі нұсқасы да анықталса, құба-құп болар еді... Сөз соңын Қаратау елінің ауызекі тараған көне сөздерін зердесіне құя білген, сол өңірдің шежірешісіндей әрі ақын, әрі тілмар Есіркеп Өмірбековтің Құлыншаққа арналған «Еске алу» деген толғауындағы:  Осы жұрт ұмытқан ба Құлыншақты,  Өлеңге бәйге атындай ұрыншақты.  Келгенде сексен ақын айтысуға  Мәреге бәрінен де бұрын шапты...  Өлең десе, биіктен өрлеуші еді,  Егесте ешкімге дес бермеуші еді,  Толтыра кең даланы кермеуші еді, – деген жолдармен тұйықтағымыз келеді. Біз Құлыншақ ақынның құм қиыршағының арасында қалған алтынның сынығындай асыл сөздерін ұмытылмай сақталғанына қуаныштымыз. Келтірілген мысалдар Құлыншақтың даңқы оның шеберлік даралығына сай болғанын дәлелдейді.  Тау болмайды бұлақсыз,  Көл болмайды құрақсыз.  Малсыз адам тұяқсыз,  Ұлсыз адам шырақсыз...  Арғымақ мініп не керек,  Артынан жабы жеткен соң,  Ағайын-туған не керек,  Аңдысып күні өткен соң... – деген секілді сөз меруертін қалдырған кемел ақынның мұрасы ұзақ жасай бермек. Рахманқұл Бердібай, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, филология ғылымдарының докторы, профессор

Өз заманының атақты адамдарының үлгілі істері, ұмытылмас өнегесін де ақын ағынан жарылып мадақ етеді. Құлыншақтың туып-өскен еліне жақсы істерімен аты қалған Дүйсенбіні:

 Дүйсенбі, сенде арман жоқ,

 Алаштың ұлы ат қосса,

 Жарыстан атың қалған жоқ.

 Өле-өлгенше ел-жұртың

 Қызметіңнен қалған жоқ, – десе, әрі батырлығымен, әрі әділдігімен атырабына мәлім болған, намыс үшін қандай мықтыға да қарсы шабатын, Қаратаудың теріскейіндегі Үштөбе, Жартытөбе деген құнарлы жерлерді өз жұртына мәңгілік қоныс етіп қалдырған, жаудан беті қайтпаған Жаманқараны:

 Жарқырап шығып еді дыбыстарың,

 Өзіңе пар келмейді алысқаның.

 Тор темір түрмесінде жатсаң-дағы

 Терісі тесілмеген арыстаным, –  деп сипаттайды.

Ақын өмірдегі жан сүйсінер жақсылықтарды көтере дәріптесе, жамандық атаулыны сын отымен қариды. Оның семсердей өткір тілі зұлымдық пен пасықтықты, қатыгездік пен қараулықты аяусыз әшкере етеді. Мәселен, тәкаппар, содыр мінезді Қисық батыр «мені сынашы» дегенде, Құлыншақ:

  Болар ең жылқы болсаң, кәті ғана,

  Мінетін бір сорлының аты ғана.

  Қаңғырып, кебек іздеп жүргеніңде

  Көсеумен сабар еді қатын, бала.

 Қой болсаң, болар едің тоқты ғана,

 Сарыала бөксе жағың боқты ғана.

 Үйіне жалғыз мейман келе қалса,

 Соятын сол мейманға епті ғана.

Болар ең, ешкі болсаң, қотыр ешкі,

Шалбардай жұртта қалған бетің ескі.

Мақтанба, көрмегендей, Қисық батыр,

Әкең де құлшылықпен күнін кешті.

Тәрізің бақсы ұстаған қобыздай боп,

Пішінің жаман екен доңыздай боп.

Қатының таңдап алған сұлу екен,

Қойнына жатамысың қоңыздай боп, – деп айтудан тайсалмаған.

Құлыншақтың ауылына жапсарлас жатқан Көлбай болысқа айтқан делінген екі өлең ел аузында сақталған. Соның бірінде ақын болыс үйіне қонақ болып келгенде лайықты күтім көрмегеніне намыстанып, Көлбайға хат түрінде жазып қалдырған. Ол өлең мынау еді:

Ауылдан шыққан күні Көлбай қондық,

Десе дағы «Көлбай жоқ», болмай қойдық.

Ішкеніміз қатықсыз қара көже,

Тақыр жерге иірген қойдай болдық.

Ал «Мазақ қылма, Көлбайым» деген өлең Құлыншақтың тағы бір келгенінде Көлбайдың ақынға лайықты ілтипат көрсетпей, сайқымазақ сөздер айтқанына орай туған делінеді.

Ауылға келген жыршыны,

Мазақ қылма, Көлбайым.

Мазақ қылсаң, Көлбайым,

Сенің әкең Жұмабай

Шылбырдан өлген кісі еді,

Кетерсің болып сондайын...

Бұл арада Көлбайдың әкесі Жұмабайдың елге жасаған жағымсыз істері үшін киіз үйдің шаңырағына шылбырмен асып өлтірілген деген аңыз-әңгімені болыстың бетіне салық еткен. «Тіл тас жармаса да, бас жарады» деген осы. Нағыз ақындар кезеңі келгенде қандай шындықты да батыл айтып тастаған ғой.

Құлыншақ ақын шығармашылығының аумағы әлі де толық анықталып болған жоқ. Зерттеушілердің жаңадан тапқан деректері ақынның дарын қырларын ашуға көмектеседі. Белгілі фольклоршы Нысанбек Төреқұлов өзінің «Алатау асқарынан жыр асырған» (1966 ж.) деген кітабында Жамбылдың ақындық пырағына қол артқан жас шағында Қаратауға келіп, бұл елдің атақты жүйріктері Майлымен, Құлыншақпен кездесіп, бата алғанын сөз етеді. Осы еңбегінде Нысекең Жамбыл Құлыншақтан «Ер Шора», «Қыз Жібек» жырларын тыңдағанын жазады (Көрсетілген кітап, 60-62-беттер). «Кешкілік ас-судан кейін сөзді Құлыншақ алды. Ол бұл кеште «Қыз Жібек» хикаясын шертті. Қособаның басында Бекежан қолынан мерт болған Төлегеннің аспандағы алты қазбен қоштасқан зарын егілте әуендеткенде отырған қария, кейуаналар көзіне жас алды. Бұл қиссаны Жамбыл ынта қоя тыңдаған. Құлыншақтың «Қыз Жібекті» домбыра, сырнаймен кезек-кезек сүйемелдеп, әртүрлі әнге салып орындағанына қызықты. Мұндай жыршыны бұрын-соңды көрмепті. (Аталған кітап, 62-бет). Бұл мағлұматтар ақын Құлыншақтың әрі жыршы болғанын әйгілейді. Алдағы кезде Құлыншақтың жыршылық репертуары да, ең қажеттісі, сол жырлардың әртүрлі нұсқасы да анықталса, құба-құп болар еді...

Сөз соңын Қаратау елінің ауызекі тараған көне сөздерін зердесіне құя білген, сол өңірдің шежірешісіндей әрі ақын, әрі тілмар Есіркеп Өмірбековтің Құлыншаққа арналған «Еске алу» деген толғауындағы:

 Осы жұрт ұмытқан ба Құлыншақты,

 Өлеңге бәйге атындай ұрыншақты.

 Келгенде сексен ақын айтысуға

 Мәреге бәрінен де бұрын шапты...

 Өлең десе, биіктен өрлеуші еді,

 Егесте ешкімге дес бермеуші еді,

 Толтыра кең даланы кермеуші еді, – деген жолдармен тұйықтағымыз келеді.

Біз Құлыншақ ақынның құм қиыршағының арасында қалған алтынның сынығындай асыл сөздерін ұмытылмай сақталғанына қуаныштымыз. Келтірілген мысалдар Құлыншақтың даңқы оның шеберлік даралығына сай болғанын дәлелдейді.

 Тау болмайды бұлақсыз,

 Көл болмайды құрақсыз.

 Малсыз адам тұяқсыз,

 Ұлсыз адам шырақсыз...

 Арғымақ мініп не керек,

 Артынан жабы жеткен соң,

 Ағайын-туған не керек,

 Аңдысып күні өткен соң... – деген секілді сөз меруертін қалдырған кемел ақынның мұрасы ұзақ жасай бермек.

Рахманқұл Бердібай,

Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының

академигі, филология ғылымдарының докторы,

профессор

Ұқсас материалдар