Қандастар Ассамблея

Диетологтар қартаюмен күрестің әрдайым алғы шебінде келеді

23.07.2013 2565
Доктор Бьеркстен осындай белок молекулаларының жинақталуын ыдырататын, сөйтіп, организмнің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін әдіс іздестіруде. Ол табылған жағдайда адамдар қартаймайтын болады. Қартаю процесін тоқтатудан гөрі, оны мүлдем бол-дырмау әлдеқайда жеңілдік әкеледі деп есептейді доктор Бьеркстен. Диетологтар қартаюмен күрестің әрдайым алғы шебінде келеді. Жоғарыда аты аталған профессор Генри Шерман хайуанаттарға тәжірибе жүргізудің нәтижесінде, кәдімгі тағамға кейбір витаминдер мен минералдық тұздар қосу арқылы өмірді ұзартуға болатынын дәлелдеді. Тағам жөніндегі және бір белгілі маман Том Спайес осы салада 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол мерзімінен бұрын қартайған адамдарды, сондай-ақ дәрігерлер ем қонбайды деп күдер үзген ауру-мүгедектерді емдеумен шұғылданды. Ол құрамында белоктар, витаминдер, минеральды тұздар бар тағамдарды мөлшермен беру әдісімен емдейді. Доктор Спайестің пікірінше, осындай адамдардың денсаулыққа қайтадан ие болуы қарттықты кейін шегеріп, жастықты ұзарта түсудің мүмкін екендігін дәлелдейді... Белгілі диетолог доктор Г.С. Гарднер ұзақ өмір сүруге қол жеткізу үшін тепе-тең тамақтанудың маңызды рөл атқаратынын атап көрсетеді. Ол тағамға В витаминін, нуклеин қышқылы мен пантотен қышқылын (витамин В) қосу есебінен хайуанаттың өмір сүру ұзақтығын 46,4 процентке ұзартуға болатынын дәлелдеген. Ресейдің дәрігерлері мен ғалымдары ұзақ өмір сүру мәселесімен көптен айналысады. Жасару теоремасының пионерлерінің бірі – Илья Мечников. Ол да доктор Шерман тәрізді кәрілік-ауру және оның мерзімінен ертерек келуі (ғылым мәліметтеріне орай) организмнің өзін-өзі улауының әсерінен деп есептейді. Профессор Александр Богомолец организмнің қартаюы органдар мен тіндердің (ткань) тығыздалуынан туындайтынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Оның айтуынша, организмнің заттар мен суды сіңіру қабілеті төмендей келе, адам кәдімгі аштықтан қайтыс болады. Ал Виктор Богомолец қартаюдың алдын алудың және жасарудың әдісін ойлап табуға күш салды. Бұл орайда ол қосылу тіндері мен эндокрин (ішкі секреция бездері) жүйелерін тері арқылы жандандыруды көздеді. Бұл әдісті қолдану барысында тері кейбір заттарды өзіне сіңіреді де, ал олар кезегінде организмнің клеткаларына әсер етіп, қызметін жақсартады. Бұл әдісті көрнекті биолог, профессор Филатов одан әрі жандандырып, адамның бүкіл организмнің белсенді ете түсетін биостимуляторлар ойлап тапты.

Доктор Бьеркстен осындай белок молекулаларының жинақталуын ыдырататын, сөйтіп, организмнің қалыпты қызметін қамтамасыз ететін әдіс іздестіруде. Ол табылған жағдайда адамдар қартаймайтын болады. Қартаю процесін тоқтатудан гөрі, оны мүлдем бол-дырмау әлдеқайда жеңілдік әкеледі деп есептейді доктор Бьеркстен.

Диетологтар қартаюмен күрестің әрдайым алғы шебінде келеді. Жоғарыда аты аталған профессор Генри Шерман хайуанаттарға тәжірибе жүргізудің нәтижесінде, кәдімгі тағамға кейбір витаминдер мен минералдық тұздар қосу арқылы өмірді ұзартуға болатынын дәлелдеді. Тағам жөніндегі және бір белгілі маман Том Спайес осы салада 20 жылдан астам еңбек етіп келеді. Ол мерзімінен бұрын қартайған адамдарды, сондай-ақ дәрігерлер ем қонбайды деп күдер үзген ауру-мүгедектерді емдеумен шұғылданды. Ол құрамында белоктар, витаминдер, минеральды тұздар бар тағамдарды мөлшермен беру әдісімен емдейді. Доктор Спайестің пікірінше, осындай адамдардың денсаулыққа қайтадан ие болуы қарттықты кейін шегеріп, жастықты ұзарта түсудің мүмкін екендігін дәлелдейді...

Белгілі диетолог доктор Г.С. Гарднер ұзақ өмір сүруге қол жеткізу үшін тепе-тең тамақтанудың маңызды рөл атқаратынын атап көрсетеді. Ол тағамға В витаминін, нуклеин қышқылы мен пантотен қышқылын (витамин В) қосу есебінен хайуанаттың өмір сүру ұзақтығын 46,4 процентке ұзартуға болатынын дәлелдеген.

Ресейдің дәрігерлері мен ғалымдары ұзақ өмір сүру мәселесімен көптен айналысады. Жасару теоремасының пионерлерінің бірі – Илья Мечников. Ол да доктор Шерман тәрізді кәрілік-ауру және оның мерзімінен ертерек келуі (ғылым мәліметтеріне орай) организмнің өзін-өзі улауының әсерінен деп есептейді.

Профессор Александр Богомолец организмнің қартаюы органдар мен тіндердің (ткань) тығыздалуынан туындайтынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді. Оның айтуынша, организмнің заттар мен суды сіңіру қабілеті төмендей келе, адам кәдімгі аштықтан қайтыс болады. Ал Виктор Богомолец қартаюдың алдын алудың және жасарудың әдісін ойлап табуға күш салды. Бұл орайда ол қосылу тіндері мен эндокрин (ішкі секреция бездері) жүйелерін тері арқылы жандандыруды көздеді. Бұл әдісті қолдану барысында тері кейбір заттарды өзіне сіңіреді де, ал олар кезегінде организмнің клеткаларына әсер етіп, қызметін жақсартады. Бұл әдісті көрнекті биолог, профессор Филатов одан әрі жандандырып, адамның бүкіл организмнің белсенді ете түсетін биостимуляторлар ойлап тапты.

Ұқсас материалдар