Қандастар Ассамблея

Халқымыздың ғажайып сұлу да бай ән, күйі төрдегі орнынан сырылып, босағадан сығалап қалған қасіретті

22.07.2013 2277
Қазақ музыкасын еуропалық жүйеге түсіруді көксегендер бұл күнде негізгі мақсатына жеткенін "тойлап" атап өтуіне болады. Халқымыздың ғажайып сұлу да бай ән, күйі төрдегі орнынан сырылып, босағадан сығалап қалған қасіретті шындықтың куәгері болып отырмыз... Ән де, күй де үздіксіз орындалып, үлкеннің де, кішінің де құлағына сіңісті болып жүрмесе, мейлі жауһар не алтын болса да, ұмыт бола береді екен... Қазақша ән, күй есіттіретін жалғыз "Шалқар" каналын жауып тынғаннан кейін… тұрпайы қышқырып, құлақ тұндыратын жат сарын толық үстемдік құрып алды… Осылайша еуроцентристер, космополиттер қазақ еліне рухани экспансиясын белгілі белеңге жеткізіп, дарынды халқымызды мәңгүртке айналдырып отыр… Сан ғасыр бойында күштілердің ығында келген жұртымыз тәуелсіздікке қол жеткен заманда ұлт дәстүрін мұншама қорлыққа түсіруге көнбейтінін ашық білдіруі керек" (142-143, 145-146-беттер) дей келіп, ғалым халық музыкасын дамытуға қатысты: "Шалқар" каналын қайтадан іске қосу, қазақтың халықтық музыкасы жинағын том-том етіп басып шығару, радио мен телевидениеде дәстүрлі әндер мен күйлерді бағдарламаға қосып отыру, музыкалық оқу орындарында халқымыздың байырғы төл музыкасын үйретуге кең орын беру, қазақ музыкасының классикалық үлгілерін жасаған халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби-музыкалық хабарлар беріп тұру, ұлттық музыка тарихы мен теориясы жөнінде мақалалар, зерттеулер, диссертациялар жазуды жүйелі түрде жолға қою, "Қазақ музыкалық энциклопедиясын" шығаруды ойластыру, қазақ музыкалық мәдениетінің бұрынғы және болашақтағы тағдырын ұдайы қадағалап, талдап, бұл тараптағы жұмыстарды бағдарлап отыратын тұрақты комиссия құру (146-бет) қажеттігі туралы бірнеше құнды ұсыныстарды көлденең тартады. Айта берсек, ғалымның қазақ елінің арғы-бергі мұң-мұқтажынан бастап, түрік әлемінің ғажайыптары туралы сыр толғаған тартымды да танымдық әңгімелерінің ұшы-қиыры жоқ деуге болады. Әдебиет пен мәдениеттің сан алуан жанрларын, ондаған ғасырлардың тарихын қамтитын бұл еңбектерді болашақта жинақтап, жүйелеп мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне оқулық ретінде ұсынса, келешек ұрпақтың бойына отаншылдық ұрығын себетін, оларды патриоттық рухта тәрбиелейтін, жеткіншектер санасына ұлтжандылықты жас кезінен дарытуға септігін тигізетін, тағлым алар тамаша бір игілікті іс болар еді деген ойдамыз.

Қазақ музыкасын еуропалық жүйеге түсіруді көксегендер бұл күнде негізгі мақсатына жеткенін "тойлап" атап өтуіне болады. Халқымыздың ғажайып сұлу да бай ән, күйі төрдегі орнынан сырылып, босағадан сығалап қалған қасіретті шындықтың куәгері болып отырмыз... Ән де, күй де үздіксіз орындалып, үлкеннің де, кішінің де құлағына сіңісті болып жүрмесе, мейлі жауһар не алтын болса да, ұмыт бола береді екен... Қазақша ән, күй есіттіретін жалғыз "Шалқар" каналын жауып тынғаннан кейін… тұрпайы қышқырып, құлақ тұндыратын жат сарын толық үстемдік құрып алды… Осылайша еуроцентристер, космополиттер қазақ еліне рухани экспансиясын белгілі белеңге жеткізіп, дарынды халқымызды мәңгүртке айналдырып отыр… Сан ғасыр бойында күштілердің ығында келген жұртымыз тәуелсіздікке қол жеткен заманда ұлт дәстүрін мұншама қорлыққа түсіруге көнбейтінін ашық білдіруі керек" (142-143, 145-146-беттер) дей келіп, ғалым халық музыкасын дамытуға қатысты: "Шалқар" каналын қайтадан іске қосу, қазақтың халықтық музыкасы жинағын том-том етіп басып шығару, радио мен телевидениеде дәстүрлі әндер мен күйлерді бағдарламаға қосып отыру, музыкалық оқу орындарында халқымыздың байырғы төл музыкасын үйретуге кең орын беру, қазақ музыкасының классикалық үлгілерін жасаған халық композиторларының өмірі мен шығармашылығы туралы әдеби-музыкалық хабарлар беріп тұру, ұлттық музыка тарихы мен теориясы жөнінде мақалалар, зерттеулер, диссертациялар жазуды жүйелі түрде жолға қою, "Қазақ музыкалық энциклопедиясын" шығаруды ойластыру, қазақ музыкалық мәдениетінің бұрынғы және болашақтағы тағдырын ұдайы қадағалап, талдап, бұл тараптағы жұмыстарды бағдарлап отыратын тұрақты комиссия құру (146-бет) қажеттігі туралы бірнеше құнды ұсыныстарды көлденең тартады.

Айта берсек, ғалымның қазақ елінің арғы-бергі мұң-мұқтажынан бастап, түрік әлемінің ғажайыптары туралы сыр толғаған тартымды да танымдық әңгімелерінің ұшы-қиыры жоқ деуге болады. Әдебиет пен мәдениеттің сан алуан жанрларын, ондаған ғасырлардың тарихын қамтитын бұл еңбектерді болашақта жинақтап, жүйелеп мектеп оқушыларына, жоғары оқу орындарының студенттеріне оқулық ретінде ұсынса, келешек ұрпақтың бойына отаншылдық ұрығын себетін, оларды патриоттық рухта тәрбиелейтін, жеткіншектер санасына ұлтжандылықты жас кезінен дарытуға септігін тигізетін, тағлым алар тамаша бір игілікті іс болар еді деген ойдамыз.

Ұқсас материалдар