Қандастар Ассамблея

Ғалым түрік әлемінің терең тамырларына баса назар аударады

22.07.2013 2493
Айталық, Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" тәрізді эпикалық жырлар немесе "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" тәрізді ғашықтық жыр сарындарының қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, өзбек, татар және басқа түркі тектес халықтарда ұқсас болып келетіні, сол сияқты "Көрұғлы" қаһармандық эпосының, Қорқыт жөніндегі аңыздардың бауырлас халықтардың көпшілігінде кездесетіні, демек бұлардың тарихи-мәдени байланыстарының тереңде жатқанын дәлелдейтін мәселелер кітаптың "Түбі бірге туысқан" деп аталатын бірінші бөлімінде кеңінен қамтылып, нақты деректер келтіріле отырып шұрайлы тілмен тартымды баяндалады. Біз де бір сәт ғалыммен бірге түркілер әлеміне сапар шегелік. Саха еліне саяхат жасағанда ғалым соңғы жылдарға дейін жер бетінде осындай халықтың бар екенін ешкімнің білмегенін, ұланғайыр алқапты алып жатқан елдің Якутия аталып келгенін, Ресей құжаттарында қазақтың – қырғыз, қырғыздың – қарақырғыз, ноғайдың – татар, алтайлықтардың - қалмақ деп аталғаны тәрізді якут деген лақап атқа ие болған, өзіндік салт-дәстүрі бар бұл байырғы халықтың тілінен, музыкалық аспабынан өзімізге тән ұқсастықтарды байқағанын баяндайды. Сахалардың сөйлеген сөзін, әнін, жырын естіп, жазуын оқи келе анық үйренемін деген кісі бұл тілді бірнеше айда меңгере алатынын айтады. Саха олонхошысының, яғни өлеңшісінің қырғыздың манасшысына жақындығын дәлелдейді. Қазақстаннан соншама алыс жатқан ел салт-дәстүрінің бізге жақындығына сүйсінеді. Ерте кезде сахаларда жаздың орта тұсында қымыз мейрамы – ысаақ өткізілгенін, бұл дәстүрдің кейінгі кезде қайта жаңғырып келе жатқанын, оның қазақтың қымыз мұрындық мерекесіне ұқсастығын, сахалар елінде әрбір мерекені өлеңмен ашу дәстүрі бүгінге дейін бар екендігін, қазақ ұғымындағы тойбастарды еске салатын бұл жанрдың "тойук" деп аталатынын әңгімелей келіп: "Сан ғасырлар бойында бір-бірінен жырақ жатқан, тек соңғы жылдары ғана қарым-қатынасы басталған қазақ және саха халықтарының … байланысы күшейе түссе нұр үстіне нұр… Түрік халықтары бірлігін дамытуға бағытталған сан тарау істердің жеміс берер шағы алда.", - деп түйіндейді автор (9-бет). Ғалымның тамырластықты іздестіру, халықтар мәдениетінің ортақ үлгілерін қарастыру арқылы ел мен елді, бауыр мен бауырды табыстыру мақсаты кітаптың өн бойында өріліп жатыр. Бұл орайда ғалым түрік әлемінің терең тамырларына, сан мыңдаған жылдардың көркем естелігіне – эпикалық аңыздауларға сүйеніп ой өрбітеді, солардағы ұқсастық сарындарына баса назар аударады.

Айталық, Алпамыс батыр", "Қобыланды батыр" тәрізді эпикалық жырлар немесе "Қозы-Көрпеш – Баян сұлу" тәрізді ғашықтық жыр сарындарының қазақ, қарақалпақ, ноғай, башқұрт, өзбек, татар және басқа түркі тектес халықтарда ұқсас болып келетіні, сол сияқты "Көрұғлы" қаһармандық эпосының, Қорқыт жөніндегі аңыздардың бауырлас халықтардың көпшілігінде кездесетіні, демек бұлардың тарихи-мәдени байланыстарының тереңде жатқанын дәлелдейтін мәселелер кітаптың "Түбі бірге туысқан" деп аталатын бірінші бөлімінде кеңінен қамтылып, нақты деректер келтіріле отырып шұрайлы тілмен тартымды баяндалады. Біз де бір сәт ғалыммен бірге түркілер әлеміне сапар шегелік.

Саха еліне саяхат жасағанда ғалым соңғы жылдарға дейін жер бетінде осындай халықтың бар екенін ешкімнің білмегенін, ұланғайыр алқапты алып жатқан елдің Якутия аталып келгенін, Ресей құжаттарында қазақтың – қырғыз, қырғыздың – қарақырғыз, ноғайдың – татар, алтайлықтардың - қалмақ деп аталғаны тәрізді якут деген лақап атқа ие болған, өзіндік салт-дәстүрі бар бұл байырғы халықтың тілінен, музыкалық аспабынан өзімізге тән ұқсастықтарды байқағанын баяндайды. Сахалардың сөйлеген сөзін, әнін, жырын естіп, жазуын оқи келе анық үйренемін деген кісі бұл тілді бірнеше айда меңгере алатынын айтады. Саха олонхошысының, яғни өлеңшісінің қырғыздың манасшысына жақындығын дәлелдейді. Қазақстаннан соншама алыс жатқан ел салт-дәстүрінің бізге жақындығына сүйсінеді. Ерте кезде сахаларда жаздың орта тұсында қымыз мейрамы – ысаақ өткізілгенін, бұл дәстүрдің кейінгі кезде қайта жаңғырып келе жатқанын, оның қазақтың қымыз мұрындық мерекесіне ұқсастығын, сахалар елінде әрбір мерекені өлеңмен ашу дәстүрі бүгінге дейін бар екендігін, қазақ ұғымындағы тойбастарды еске салатын бұл жанрдың "тойук" деп аталатынын әңгімелей келіп: "Сан ғасырлар бойында бір-бірінен жырақ жатқан, тек соңғы жылдары ғана қарым-қатынасы басталған қазақ және саха халықтарының … байланысы күшейе түссе нұр үстіне нұр… Түрік халықтары бірлігін дамытуға бағытталған сан тарау істердің жеміс берер шағы алда.", - деп түйіндейді автор (9-бет).

Ғалымның тамырластықты іздестіру, халықтар мәдениетінің ортақ үлгілерін қарастыру арқылы ел мен елді, бауыр мен бауырды табыстыру мақсаты кітаптың өн бойында өріліп жатыр. Бұл орайда ғалым түрік әлемінің терең тамырларына, сан мыңдаған жылдардың көркем естелігіне – эпикалық аңыздауларға сүйеніп ой өрбітеді, солардағы ұқсастық сарындарына баса назар аударады.

Ұқсас материалдар