Қандастар Ассамблея

Р. Бердібай өмірінің жиырма жылдан астам уақытын фольклортану ғылымына арнады

22.07.2013 3136
 Р. Бердібай өмірінің жиырма жылдан астам уақытын фольклортану ғылымына арнады. Ғылымның бұл күрделі саласындағы қызметін ол М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушілігінен бастады. Мұнда да өзіне тән алғырлығымен, әдебиеттің қай саласын қолға алса да, өзіндік қолтаңбасын қалдыра білетін дағдысымен аса көрнекті ғалымдар: М. Әуезов,     Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин кезегімен басқарған бөлім жұмысын әп-сәтте дөңгелетіп әкетті. Арада бірер жыл өткеннен кейін Р. Бердібайдың басшылығымен халықтың арғы-бергі өткен өмірінің қайнар көзі – фольклорды жан-жақты зерттеуге бағытталған, фольклор туралы бұған дейін айтылып келген пікірлерді тың ойлармен байыта түскен сындарлы еңбектер жарық көре бастады. Атап айтқанда "Қазақ фольклорының типологиясы", "Қазақ фольклорының тарихилығы", "Қазақ фольклорының поэтикасы", "Қазақтың архаикалық фольклоры", "Фольклор және оның этнографиялық негіздері" және басқа ғылыми жұмыстар жазылып, олар Қазақстанда ғана емес, жалпы Орта Азияда жоғары бағаланды, баспасөзде фольклор тақырыбына арналған мұндай еңбектердің осы аймақтарда тұңғыш рет жарық көріп отырғаны атап көрсетілді. Ал "Қазақ фольклористикасының тарихы" деген ғылыми еңбек үшін Р. Бердібайға және бірнеше фольклоршы ғалымдарға Қазақстан Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлығы берілді. Ғалымның көне, қаһармандық, ғашықтық, нақтылы тарихи жырларды жанрлық-стадиялық сипаты жағынан зерттеу жөніндегі тұжырымдамасы эпостануда жаңа бағыттың негізін салды. Бұл жылдарда ғалымның қаламынан "Қазақ эпосы", "Сарқылмас қазына", "Кәусәр бұлақ", "Эпос – ел қазынасы", "Жыршылық дәстүр", "Айтыс әлемі" тәрізді іргелі еңбектер туды. Оның ғылыми жетекшілігімен отыздан артық докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Бұл және басқа еңбектері оны қазақ фольклоршыларының көшбасшысы деңгейіне көтерді. Р. Бердібайдың қатысуымен қазақ фольклорын филология факультеттерінде оқытудың бағдарламасы жасалды. Ғалым Рахманқұл Бердібайдың зерттеушілік қызметінің тағы бір саласы – түбі бірге туысқан халықтар әдебиетінің өзара байланысы. Бұл мәселе оның "Гүлстанның бұлбұлдары", "Достық кемесінде", "Сарқылмас қазына" деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдары жарық көрген "Байқалдан Балқанға дейін", "Жұлдыздар жарығы", "Ел боламыз десек" тәрізді ойы тұщымды, тілі тартымды, аса қызғылықты публицистикалық жинақтарда жалғасын тапты. Осы көрсетілген еңбектермен қатар Р. Бердібай өзінің "Түрік халықтары эпосының тарихи-генетикалық типологиясы" және басқа да шығармаларында түрік халықтары фольклорының әлі де шешімін тауып болмаған күрделі проблемаларын әдістемелік тұрғыдан көтерді.

 Р. Бердібай өмірінің жиырма жылдан астам уақытын фольклортану ғылымына арнады. Ғылымның бұл күрделі саласындағы қызметін ол М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты фольклор бөлімінің меңгерушілігінен бастады. Мұнда да өзіне тән алғырлығымен, әдебиеттің қай саласын қолға алса да, өзіндік қолтаңбасын қалдыра білетін дағдысымен аса көрнекті ғалымдар: М. Әуезов,     Е. Ысмайылов, М. Ғабдуллин кезегімен басқарған бөлім жұмысын әп-сәтте дөңгелетіп әкетті.

Арада бірер жыл өткеннен кейін Р. Бердібайдың басшылығымен халықтың арғы-бергі өткен өмірінің қайнар көзі – фольклорды жан-жақты зерттеуге бағытталған, фольклор туралы бұған дейін айтылып келген пікірлерді тың ойлармен байыта түскен сындарлы еңбектер жарық көре бастады. Атап айтқанда "Қазақ фольклорының типологиясы", "Қазақ фольклорының тарихилығы", "Қазақ фольклорының поэтикасы", "Қазақтың архаикалық фольклоры", "Фольклор және оның этнографиялық негіздері" және басқа ғылыми жұмыстар жазылып, олар Қазақстанда ғана емес, жалпы Орта Азияда жоғары бағаланды, баспасөзде фольклор тақырыбына арналған мұндай еңбектердің осы аймақтарда тұңғыш рет жарық көріп отырғаны атап көрсетілді. Ал "Қазақ фольклористикасының тарихы" деген ғылыми еңбек үшін Р. Бердібайға және бірнеше фольклоршы ғалымдарға Қазақстан Ғылым академиясының Ш. Уәлиханов атындағы бірінші дәрежелі сыйлығы берілді.

Ғалымның көне, қаһармандық, ғашықтық, нақтылы тарихи жырларды жанрлық-стадиялық сипаты жағынан зерттеу жөніндегі тұжырымдамасы эпостануда жаңа бағыттың негізін салды. Бұл жылдарда ғалымның қаламынан "Қазақ эпосы", "Сарқылмас қазына", "Кәусәр бұлақ", "Эпос – ел қазынасы", "Жыршылық дәстүр", "Айтыс әлемі" тәрізді іргелі еңбектер туды. Оның ғылыми жетекшілігімен отыздан артық докторлық және кандидаттық диссертация қорғалды. Бұл және басқа еңбектері оны қазақ фольклоршыларының көшбасшысы деңгейіне көтерді. Р. Бердібайдың қатысуымен қазақ фольклорын филология факультеттерінде оқытудың бағдарламасы жасалды.

Ғалым Рахманқұл Бердібайдың зерттеушілік қызметінің тағы бір саласы – түбі бірге туысқан халықтар әдебиетінің өзара байланысы. Бұл мәселе оның "Гүлстанның бұлбұлдары", "Достық кемесінде", "Сарқылмас қазына" деген кітаптарынан бастау алып, соңғы жылдары жарық көрген "Байқалдан Балқанға дейін", "Жұлдыздар жарығы", "Ел боламыз десек" тәрізді ойы тұщымды, тілі тартымды, аса қызғылықты публицистикалық жинақтарда жалғасын тапты. Осы көрсетілген еңбектермен қатар Р. Бердібай өзінің "Түрік халықтары эпосының тарихи-генетикалық типологиясы" және басқа да шығармаларында түрік халықтары фольклорының әлі де шешімін тауып болмаған күрделі проблемаларын әдістемелік тұрғыдан көтерді.

Ұқсас материалдар