Қандастар Ассамблея

Бүгінде ел атынан ұлттың сөзін сөйлейтін дуалы ауыз үркердей абыздарымыздың бірі

22.07.2013 2379
Бүгінде ел атынан ұлттың сөзін сөйлейтін дуалы ауыз үркердей абыздарымыздың бірі әрі бірегейі болып отырған, саналы ғұмырын халқының өзіндік болмыс-бітімін сақтап, болашаққа апару жолындағы ағартушылық қызметіне арнаған және осы жолды таңдаған алдыңғы толқын ағалардың туған елінің жоғын жоқтағаны үшін қуғындалып, талай зобалаңды басынан кешіргенін біле тұра алған бағытынан қайтпаған қайсар ғалым Рахманқұл Бердібайдың ғылыми еңбектерін, публицистикалық туындыларын, газеттерге жазған мақалаларын, радиодан, теледидардан сөйлеген сөздерін, сұхбаттарын шамамның келгенінше қадағалап, қалт жібермеуге тырысатын көп оқырман, тыңдарманның бірімін. Сондағы менің байқағаным – автордың қандай тақырыпты әңгімелесе де айтар ойының түп төркіні елдік мәселесіне, ұлттың көкейкесті проблемаларын қозғауға барып тірелетіні. Өткенге үңілсе тарихымыздың тереңнен сыр тартатын тұмса байлығын, қадым заманнан бастау алатын әдебиетіміз бен өнеріміздің кемелдігін толғай келіп, өзгеге тәуелді болған ондаған, жүздеген жылдарда осынау асыл қазыналарымыздың аяқ асты болғанын, сол жауһарлар табанға тапталғаннан кейін халықтың да қағажу көріп, пұшайман күйге түскенін, кешегісін бұлдыр етіп, тарихын белінен сызып, өзін қаңғыбас тобыр дәрежесіне дейін құлдыратқан бодандық кезеңін, сол кезеңде қазақ деген ұлттың өкілі екенін айтудан бетін басатын бүгежек ұрпақтың өсіп жетілгенін оқырманға жүрегі сыздай отырып жеткізеді. Енді қайтпек керек дегенде, Құдайдан күндіз-түні тілеген тәуелсіздігіміздің тұсында бітірер шаруаларды мұрнынан тізіп береді. Олардың бір парасы – қазақ тілін дамытудың, қазақ мектептерін көбейтудің, халық музыкасын өркендетудің, халық ауыз әдебиетін тәрбие құралына айналдырудың, түркі халықтарының қарым-қатынасын жандандырудың, егемендігіміздің іргесін бекітуге септігін тигізер тағы басқа толып жатқан мәселелердің төңрегінде өрбиді. Осының бәрі, түптеп келгенде, ғасырлар бойы езіліп-жаншылған халқымыздың бағзы замандағы қуаттылығын қалпына келтіруге, сөйтіп, бүгінгі ұрпақтың бірталайы көз жазып қалған, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізбен, тілімізбен, дінімізбен қайта қауышуға қолғабыс жасары сөзсіз. Жалпы, әдебиет майданына өткен ғасырдың елуінші жылдары араласып, сын саласын өркендетуге сүбелі үлес қосқан, әсіресе қазақ романының қалыптасу, даму жолдарын зерттеуде соны серпін танытқан, қазақ фольклорына жаңаша көзқараспен қараудың тың үлгісін көрсеткен іргелі ғалым әдебиетшілік өнерді қоғам ісіне белсене араласумен, көп адам тілінің ұшында тұрса да айта алмайтын ұлтқа, оның өсіп-өркендеуіне қатысты зәру мәселелерді қалам ұшына алумен тығыз ұштастыра білді. Қайраткердің бұл бағытта табандылықпен жүргізіп келе жатқан еңбегін "Р. Бердібай феномені" десек жарасады. Өйткені күреске толы саналы ғұмырында мыңнан астам мақала, отыздан астам кітап жазған ғалым шығармаларының басым көпшілігі халқым деп тебіренген іңкәр жүректің елім еңселі болса екен деген арманынан туған ізгі тілектерден, қынжылыстардан, құнды ұсыныстардан тұрады.

Бүгінде ел атынан ұлттың сөзін сөйлейтін дуалы ауыз үркердей абыздарымыздың бірі әрі бірегейі болып отырған, саналы ғұмырын халқының өзіндік болмыс-бітімін сақтап, болашаққа апару жолындағы ағартушылық қызметіне арнаған және осы жолды таңдаған алдыңғы толқын ағалардың туған елінің жоғын жоқтағаны үшін қуғындалып, талай зобалаңды басынан кешіргенін біле тұра алған бағытынан қайтпаған қайсар ғалым Рахманқұл Бердібайдың ғылыми еңбектерін, публицистикалық туындыларын, газеттерге жазған мақалаларын, радиодан, теледидардан сөйлеген сөздерін, сұхбаттарын шамамның келгенінше қадағалап, қалт жібермеуге тырысатын көп оқырман, тыңдарманның бірімін.

Сондағы менің байқағаным – автордың қандай тақырыпты әңгімелесе де айтар ойының түп төркіні елдік мәселесіне, ұлттың көкейкесті проблемаларын қозғауға барып тірелетіні. Өткенге үңілсе тарихымыздың тереңнен сыр тартатын тұмса байлығын, қадым заманнан бастау алатын әдебиетіміз бен өнеріміздің кемелдігін толғай келіп, өзгеге тәуелді болған ондаған, жүздеген жылдарда осынау асыл қазыналарымыздың аяқ асты болғанын, сол жауһарлар табанға тапталғаннан кейін халықтың да қағажу көріп, пұшайман күйге түскенін, кешегісін бұлдыр етіп, тарихын белінен сызып, өзін қаңғыбас тобыр дәрежесіне дейін құлдыратқан бодандық кезеңін, сол кезеңде қазақ деген ұлттың өкілі екенін айтудан бетін басатын бүгежек ұрпақтың өсіп жетілгенін оқырманға жүрегі сыздай отырып жеткізеді.

Енді қайтпек керек дегенде, Құдайдан күндіз-түні тілеген тәуелсіздігіміздің тұсында бітірер шаруаларды мұрнынан тізіп береді. Олардың бір парасы – қазақ тілін дамытудың, қазақ мектептерін көбейтудің, халық музыкасын өркендетудің, халық ауыз әдебиетін тәрбие құралына айналдырудың, түркі халықтарының қарым-қатынасын жандандырудың, егемендігіміздің іргесін бекітуге септігін тигізер тағы басқа толып жатқан мәселелердің төңрегінде өрбиді. Осының бәрі, түптеп келгенде, ғасырлар бойы езіліп-жаншылған халқымыздың бағзы замандағы қуаттылығын қалпына келтіруге, сөйтіп, бүгінгі ұрпақтың бірталайы көз жазып қалған, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрімізбен, тілімізбен, дінімізбен қайта қауышуға қолғабыс жасары сөзсіз.

Жалпы, әдебиет майданына өткен ғасырдың елуінші жылдары араласып, сын саласын өркендетуге сүбелі үлес қосқан, әсіресе қазақ романының қалыптасу, даму жолдарын зерттеуде соны серпін танытқан, қазақ фольклорына жаңаша көзқараспен қараудың тың үлгісін көрсеткен іргелі ғалым әдебиетшілік өнерді қоғам ісіне белсене араласумен, көп адам тілінің ұшында тұрса да айта алмайтын ұлтқа, оның өсіп-өркендеуіне қатысты зәру мәселелерді қалам ұшына алумен тығыз ұштастыра білді. Қайраткердің бұл бағытта табандылықпен жүргізіп келе жатқан еңбегін "Р. Бердібай феномені" десек жарасады. Өйткені күреске толы саналы ғұмырында мыңнан астам мақала, отыздан астам кітап жазған ғалым шығармаларының басым көпшілігі халқым деп тебіренген іңкәр жүректің елім еңселі болса екен деген арманынан туған ізгі тілектерден, қынжылыстардан, құнды ұсыныстардан тұрады.

Ұқсас материалдар