Қандастар Ассамблея

Жазушы М. Айымбетов ондаған жылдар бойы балалық бал дәуренді аңсаған адамға оны мөлдіретіп жеткізуші

22.07.2013 3160
Жазушы М. Айымбетов ондаған жылдар бойы балалық бал дәуренді аңсаған адамға оны мөлдіретіп жеткізуші дәнекер, сонымен бірге шығармаларымен бүтіндей бір ұрпақты адамгершілікке баулитын рухани тәрбиеші рөлін атқарып келеді. Былтырғы жылы «Жазушы», «Ғылым» баспалары бірлесіп жарыққа шығарған «Ол дәурен – бір көрген түс» атты әңгімелер мен повестер жинағында да жазушы жан-дүниесінің сол балалар әлеміндей мөлдірлігі, әсершіл, байқампаз көңіл-күйі, жақсылыққа, мейірімділікке құштарлана қол созып, айрықша ықыласпен ұмтылатыны, ал жамандық біткенге өзі де жирене қарап, оны жеріне жеткізе суреттеуімен оқырманды да одан теріс айналдыратыны бірден байқалады. Қысқасы аталған повестер мен әңгімелер жинағы жазушының көркемдік-эстетикалық әлемінің жаңа бір қырын ашқандай әсер қалдырады. Бұл өзі кең-байтақ қазақ жерінің қияндағы бір пұшпағында, құм арасында ғұмыр кешкен ауыл адамдарының өмірі арқау болған әңгімелер мен повестер. Былай қарасаң жаныңды жалықтырып, санаңды сарғайтар бұйығы тіршілік, сұрқай өмір. Онда қандай қақтығыс, қайсыбір қайнаған тіршілік бар дейсің деген ойға еріксіз ат басын тіреуің әбден мүмкін. Ә, жоқ, мұнда да Алла-тағала жаратқан пенделердің күнделікті қам-қарекеті, қым-қиғаш тартысы алдыңыздан шығады. Және де ешқандай боямасыз, әсірелеусіз, шындық кейпімен, нанымды болмыспен көз алдыңызға келеді. Жинаққа енген он үш әңгіме мен үш повестің қай-қайсысын алмаңыз – олардан адам қадір-қасиетінің табиғатпен кереғар түсіп жататын тұстарын («Құла дүздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы»), қатігездікті туындататын рухани мешеулік («Той»), адам жанының нәзік те мұңды иірімдерін («Тәтті мұң») танып-білеміз. Жазушы шеберлігінің бір қыры да осында – көркем шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін әркімнің өмірінде кездесе беретін болмыстай шыншылдықпен жымдастыра білуінде жатса керек. Әңгімелер мен повестердегі кемді күн жарық дүниеде алуан-алуан мінездерімен көзге түсетін кейіпкерлерге бірде сүйсінгеннен күлсең («Балық баққан әпенде», «Бектеннің үйленуі», «Ақпанбайдың қалжыңы», «Тасымқұлдың шындығы»), бірде олардың базбіреулерінің қылығына аяушылықпен езу тартасың («Құбайдың куәлігі»). Себебі әншейінде қасымызда жүрген адамдардың жақсы-жаманын, адал-арамын, тіршілік сонысымен тәтті алуан мінездерін аңғара бермейміз ғой. Жазушы сол олқылығымызды дөп басып, адам бойындағы бірде аңқау, бірде мейірімді, бірде ұсақ, бірде көпірме мінездерді мөлдірете жеткізіп, жаныңды шуаққа бөлейді. Әрі олар нанымдылығымен, шынайылығымен баурап алады.

Жазушы М. Айымбетов ондаған жылдар бойы балалық бал дәуренді аңсаған адамға оны мөлдіретіп жеткізуші дәнекер, сонымен бірге шығармаларымен бүтіндей бір ұрпақты адамгершілікке баулитын рухани тәрбиеші рөлін атқарып келеді. Былтырғы жылы «Жазушы», «Ғылым» баспалары бірлесіп жарыққа шығарған «Ол дәурен – бір көрген түс» атты әңгімелер мен повестер жинағында да жазушы жан-дүниесінің сол балалар әлеміндей мөлдірлігі, әсершіл, байқампаз көңіл-күйі, жақсылыққа, мейірімділікке құштарлана қол созып, айрықша ықыласпен ұмтылатыны, ал жамандық біткенге өзі де жирене қарап, оны жеріне жеткізе суреттеуімен оқырманды да одан теріс айналдыратыны бірден байқалады. Қысқасы аталған повестер мен әңгімелер жинағы жазушының көркемдік-эстетикалық әлемінің жаңа бір қырын ашқандай әсер қалдырады.

Бұл өзі кең-байтақ қазақ жерінің қияндағы бір пұшпағында, құм арасында ғұмыр кешкен ауыл адамдарының өмірі арқау болған әңгімелер мен повестер. Былай қарасаң жаныңды жалықтырып, санаңды сарғайтар бұйығы тіршілік, сұрқай өмір. Онда қандай қақтығыс, қайсыбір қайнаған тіршілік бар дейсің деген ойға еріксіз ат басын тіреуің әбден мүмкін.

Ә, жоқ, мұнда да Алла-тағала жаратқан пенделердің күнделікті қам-қарекеті, қым-қиғаш тартысы алдыңыздан шығады. Және де ешқандай боямасыз, әсірелеусіз, шындық кейпімен, нанымды болмыспен көз алдыңызға келеді.

Жинаққа енген он үш әңгіме мен үш повестің қай-қайсысын алмаңыз – олардан адам қадір-қасиетінің табиғатпен кереғар түсіп жататын тұстарын («Құла дүздегі үнсіздік», «Кәрі жыланның азасы»), қатігездікті туындататын рухани мешеулік («Той»), адам жанының нәзік те мұңды иірімдерін («Тәтті мұң») танып-білеміз. Жазушы шеберлігінің бір қыры да осында – көркем шығарма кейіпкерлерінің іс-әрекетін әркімнің өмірінде кездесе беретін болмыстай шыншылдықпен жымдастыра білуінде жатса керек. Әңгімелер мен повестердегі кемді күн жарық дүниеде алуан-алуан мінездерімен көзге түсетін кейіпкерлерге бірде сүйсінгеннен күлсең («Балық баққан әпенде», «Бектеннің үйленуі», «Ақпанбайдың қалжыңы», «Тасымқұлдың шындығы»), бірде олардың базбіреулерінің қылығына аяушылықпен езу тартасың («Құбайдың куәлігі»). Себебі әншейінде қасымызда жүрген адамдардың жақсы-жаманын, адал-арамын, тіршілік сонысымен тәтті алуан мінездерін аңғара бермейміз ғой. Жазушы сол олқылығымызды дөп басып, адам бойындағы бірде аңқау, бірде мейірімді, бірде ұсақ, бірде көпірме мінездерді мөлдірете жеткізіп, жаныңды шуаққа бөлейді. Әрі олар нанымдылығымен, шынайылығымен баурап алады.

Ұқсас материалдар