Қандастар Ассамблея

Бүгінгі тәуелсіздік күніне жеткен халықтың ертеңнен алар өз орны барына күмәндануға болмайды

22.07.2013 2694
Қазір заман қиын болып тұр. Осыдан ондаған жылдар бұрын басталып, күні кешеге дейін созылған зұлмат заманның қырсығынан, адамзат дамуының табиғи жолы – нарықтық қатынастардан көз жазып қалған халқымыз, онымен қайта табысқан тұста, бұл бағытта әбден әккіленіп алған алпауыттардың адымына ілесе алмай солықтап-ақ қалды. Бірақ ендігі күніміз қараң деп сарыуайымға салынудың жөні жоқ. Өйткені мұның көкесіндей құқайларды бастан өткеріп, бүгінгі тәуелсіздік күніне жеткен халықтың ертеңнен алар өз орны барына күмәндануға болмайды. Тек бұл жолда ауызбірлік, ынтымақ керек. Қай халықтың да өткеніне көз салсаңыз, оның өркен жайып, көгеруі де немесе қауыз ашпай жатып, көктей солуы да осы бірлік төңірегінен бастау алып жатады. Өз халқымыздың тарихы да бұған мысал бола алады. Ел аумағын түгел дерлік жаулап алған қалмақтан жерін қайтарып, тәуелсіздік туын тіктірген де осы бірлік. Орысқа арқа сүйеп, ішінара соның зеңбірегімен қаруланған жарақты жауды жайратып салған сол кездегі қазақтың тас түйін бірлігіне сүйсінесің әрі былайғы жерде қожырап, күні бүгінге дейін зәрулікке айналып отырған сол ұлы ұғымды аңсайсың. Өзіңіз ойлап қараңызшы. Неше жүз жыл арпалысып, жаудың бетін қайтарады, жерінің аумағын қалпына келтіреді. Сонан соң өз еркімен Ресей құрамына кіреді. Бұл не? Қажу ма? Онда несіне 200 жыл соғысып әуре болды. Салт-дәстүрі ұқсас құба қалмақпен қол ұстасып, көшіп-қонып жүре бермеді ме? Жоқ, халық қажыған жоқ. Ел билеушілердің көңіліне шайтан ұялады. Ал қазақ қашанда үлкенді сыйлаған, басшысына тоқтаған, ол көрге апара жатса да, соған қапысыз сенген халық. Сөйтіп, айналасы жүз жылдан астам уақыт ішінде қазақ жері түгелдей Ресей құрамына кіріп үлгерді. Сол сол-ақ екен ауызбірліктің де берекесі кете бастады. Бұған 20 жылға созылған Сырым Датов бастаған көтеріліс, 10 жылға созылған Кенесары көтерілісі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, тағы басқа ірілі-ұсақты толқулар мысал бола алады. Осылардың бәрінде де ашынған халықтың бір бөлігі қару алып, көтеріліске шықса, екінші бір бөлігі үндеместің күйін кешті. Мұнда да ауызбірлік мәселесі алдымыздан шығады. Мұны басқаша айтқанда, бұрынғы біртұтас халық екіге бөлінді: бірі қару алып қөтеріліске шықса, екіншісі, оны аяусыз езіп-жаншушылардың қатарында жүрді. Осы жағдай кешегі желтоқсан оқиғасының кезінде де қайталанды. Толқу бүкіл Қазақстанды қамтыды. Оны ерікті-еріксіз жазалау барлық жерде орын алды. Сол жазалаушылардың алдыңғы қатарында біздің қандастарымыз да жүрді. Олардың бірталайы желтоқсандықтарды басып-жаншушыларға шен-шекпен таратты, бірталайы сол шен-шекпенді именбей иеленді.

Қазір заман қиын болып тұр. Осыдан ондаған жылдар бұрын басталып, күні кешеге дейін созылған зұлмат заманның қырсығынан, адамзат дамуының табиғи жолы – нарықтық қатынастардан көз жазып қалған халқымыз, онымен қайта табысқан тұста, бұл бағытта әбден әккіленіп алған алпауыттардың адымына ілесе алмай солықтап-ақ қалды. Бірақ ендігі күніміз қараң деп сарыуайымға салынудың жөні жоқ. Өйткені мұның көкесіндей құқайларды бастан өткеріп, бүгінгі тәуелсіздік күніне жеткен халықтың ертеңнен алар өз орны барына күмәндануға болмайды. Тек бұл жолда ауызбірлік, ынтымақ керек.

Қай халықтың да өткеніне көз салсаңыз, оның өркен жайып, көгеруі де немесе қауыз ашпай жатып, көктей солуы да осы бірлік төңірегінен бастау алып жатады. Өз халқымыздың тарихы да бұған мысал бола алады. Ел аумағын түгел дерлік жаулап алған қалмақтан жерін қайтарып, тәуелсіздік туын тіктірген де осы бірлік. Орысқа арқа сүйеп, ішінара соның зеңбірегімен қаруланған жарақты жауды жайратып салған сол кездегі қазақтың тас түйін бірлігіне сүйсінесің әрі былайғы жерде қожырап, күні бүгінге дейін зәрулікке айналып отырған сол ұлы ұғымды аңсайсың.

Өзіңіз ойлап қараңызшы. Неше жүз жыл арпалысып, жаудың бетін қайтарады, жерінің аумағын қалпына келтіреді. Сонан соң өз еркімен Ресей құрамына кіреді. Бұл не? Қажу ма? Онда несіне 200 жыл соғысып әуре болды. Салт-дәстүрі ұқсас құба қалмақпен қол ұстасып, көшіп-қонып жүре бермеді ме? Жоқ, халық қажыған жоқ. Ел билеушілердің көңіліне шайтан ұялады. Ал қазақ қашанда үлкенді сыйлаған, басшысына тоқтаған, ол көрге апара жатса да, соған қапысыз сенген халық.

Сөйтіп, айналасы жүз жылдан астам уақыт ішінде қазақ жері түгелдей Ресей құрамына кіріп үлгерді. Сол сол-ақ екен ауызбірліктің де берекесі кете бастады. Бұған 20 жылға созылған Сырым Датов бастаған көтеріліс, 10 жылға созылған Кенесары көтерілісі, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы, тағы басқа ірілі-ұсақты толқулар мысал бола алады.

Осылардың бәрінде де ашынған халықтың бір бөлігі қару алып, көтеріліске шықса, екінші бір бөлігі үндеместің күйін кешті. Мұнда да ауызбірлік мәселесі алдымыздан шығады. Мұны басқаша айтқанда, бұрынғы біртұтас халық екіге бөлінді: бірі қару алып қөтеріліске шықса, екіншісі, оны аяусыз езіп-жаншушылардың қатарында жүрді.

Осы жағдай кешегі желтоқсан оқиғасының кезінде де қайталанды. Толқу бүкіл Қазақстанды қамтыды. Оны ерікті-еріксіз жазалау барлық жерде орын алды. Сол жазалаушылардың алдыңғы қатарында біздің қандастарымыз да жүрді. Олардың бірталайы желтоқсандықтарды басып-жаншушыларға шен-шекпен таратты, бірталайы сол шен-шекпенді именбей иеленді.

Ұқсас материалдар