Қандастар Ассамблея

Қазақстандық дзюдошы Максим Раков Мәскеудегі турнирде үздік бестікті түйіндеді

22.07.2013 1951
Жерлесіміз Максим Раков Мәскеуде жалауы көтерілген дзюдодан «Үлкен шлем» халықаралық жарысында 5-ші орынды еншіледі. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр. Үшінші орын үшін бақ сынаған М. Раков 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық Лучано Корреяға есе жіберді. Бұған дейін ол грузиялық Нодар Метревелиді тізе бүктірсе, неміс Дмитрий Петерске ұтылған болатын. Дегенмен  М. Раковтың ресейлік Арсен Омаровтан басым түсуі көңілге демеу болды. Baq.kz

Жерлесіміз Максим Раков Мәскеуде жалауы көтерілген дзюдодан «Үлкен шлем» халықаралық жарысында 5-ші орынды еншіледі. Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Үшінші орын үшін бақ сынаған М. Раков 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бразилиялық Лучано Корреяға есе жіберді. Бұған дейін ол грузиялық Нодар Метревелиді тізе бүктірсе, неміс Дмитрий Петерске ұтылған болатын. Дегенмен  М. Раковтың ресейлік Арсен Омаровтан басым түсуі көңілге демеу болды.

Baq.kz

Ұқсас материалдар