Қандастар Ассамблея

Кеннеди кітапханасы алғаш рет Хемингуэйдің балалық шағы туралы альбомды ұсынбақ

22.07.2013 2178
Бостондағы Джон Кеннедидің президенттік кітапханасы көпшіліктің назарына америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің балалық шағы туралы естелік альбомдарды ұсынбақ. Эрнест Хэмингуэй тырнақалды әңгімесіне қалам тербегенше, оның анасы өзінің ұлы туралы тұтас бір кітап жазып шыққан. Бүгінде Джон Кеннеди атындағы кітапхананың арқасында 40 жыл бойы арнайы қоймада сақталған, теріден түптелген 5 альбом әлеуметтік желілерде қолжетімді болмақ. Онда жас Хемингуэйдің күнделікті тірлігін суреттейтін бірегей материалдар қамтылған. Альбомдар суреттерден, Хемингуэйдің балалық шағындағы айтқан сөздерінен, оның өзі салған суреттерінен, анасының хаттары мен жазбаларынан тұрады. ҚазАқпарат.

Бостондағы Джон Кеннедидің президенттік кітапханасы көпшіліктің назарына америкалық жазушы Эрнест Хемингуэйдің балалық шағы туралы естелік альбомдарды ұсынбақ.

Эрнест Хэмингуэй тырнақалды әңгімесіне қалам тербегенше, оның анасы өзінің ұлы туралы тұтас бір кітап жазып шыққан. Бүгінде Джон Кеннеди атындағы кітапхананың арқасында 40 жыл бойы арнайы қоймада сақталған, теріден түптелген 5 альбом әлеуметтік желілерде қолжетімді болмақ.

Онда жас Хемингуэйдің күнделікті тірлігін суреттейтін бірегей материалдар қамтылған. Альбомдар суреттерден, Хемингуэйдің балалық шағындағы айтқан сөздерінен, оның өзі салған суреттерінен, анасының хаттары мен жазбаларынан тұрады.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар