Қандастар Ассамблея

Нью-Йорк университеті Олжас Сүлейменовты әлемнің 22 көрнекті ойшылдарының қатарына қосты

18.07.2013 1963
Нью-Йорк университеті (NYU) ақын Олжас Сүлейменовпен болған сұхбатты «Әлемді қалай реттеуге болатыны жайлы 22 идея. Көрнекті ойшылдармен сұхбат» атты кітапқа енгізді, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі NYUPress басылымына сілтеме жасап.  «Бұл «Өркениеттер диалогы» атты дүниежүзілік қоғамдық форум мен қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулер кеңесі жасаған ерекше кітапта жекелеген ұлы ойшылдар – Нобель сыйлығының лауреаттарынан бастап қоғамдық белсенділерге дейін – біздің үкіметтер не істеулері керек деген дәстүрлі түсінігімізге Ұлы Рецессия қалай әсер ететіндігін талдайды.  «Әлемді қалай реттеуге болатыны жайлы 22 идея» сұхбаты өткен геосаяси оқиғаларға талдамамен қатар келешекке болжам және мүмкін боларлық шешімдер іспеттес», - делінген басылым сайтындағы кітап аңдатпасында. Бұл ретте О. Сүлейменовпен болған «Бұл жерде біздің барлығымыз тәуелсізбіз» атты Рүстем Жанғожа жазып алған сұхбатқа кітапта 14 бет арналған. Кітапқа сондай-ақ экономикадан Нобель сыйлықтарының лауреаттары Мухаммад Юнус және Джозеф Юджин Стиглицтің, американдық жазушы Майк Дэвистің және басқалардың сұхбаттары енген.  NYUPress- Нью-Йорк университетінің баспасы. Нью-Йорк университеті (NewYorkUniversity, NYU) – АҚШ-тың Нью-Йоркта орналасқан жекеменшік зерттеу университеті. Университет Құрама Штаттарының ең ірі жекеменшік ғылыми-зерттеу университеті болып табылады. Онда 39 мыңнан астам студент оқиды. Университеттің түлектері мен мұғалімдерінің арасында 31 нобель сыйлығының лауреаты, Абель сыйлығының 3 лауреаты, Пулитцеровский сыйлығының 16 лауреаты, «Оскар», Эмми, Грэмми және Тони сыйлықтарының 19 лауреаты, сондай-ақ МакАртур мен Гуггенхайм қорларының және АҚШ Ұлттық ғылым академиясының стипендиаттары бар. Baq.kz

Нью-Йорк университеті (NYU) ақын Олжас Сүлейменовпен болған сұхбатты «Әлемді қалай реттеуге болатыны жайлы 22 идея. Көрнекті ойшылдармен сұхбат» атты кітапқа енгізді, деп хабарлады ҚазТАГ агенттігі NYUPress басылымына сілтеме жасап. 

«Бұл «Өркениеттер диалогы» атты дүниежүзілік қоғамдық форум мен қоғамдық ғылымдар саласындағы зерттеулер кеңесі жасаған ерекше кітапта жекелеген ұлы ойшылдар – Нобель сыйлығының лауреаттарынан бастап қоғамдық белсенділерге дейін – біздің үкіметтер не істеулері керек деген дәстүрлі түсінігімізге Ұлы Рецессия қалай әсер ететіндігін талдайды. 
«Әлемді қалай реттеуге болатыны жайлы 22 идея» сұхбаты өткен геосаяси оқиғаларға талдамамен қатар келешекке болжам және мүмкін боларлық шешімдер іспеттес», - делінген басылым сайтындағы кітап аңдатпасында.
Бұл ретте О. Сүлейменовпен болған «Бұл жерде біздің барлығымыз тәуелсізбіз» атты Рүстем Жанғожа жазып алған сұхбатқа кітапта 14 бет арналған.
Кітапқа сондай-ақ экономикадан Нобель сыйлықтарының лауреаттары Мухаммад Юнус және Джозеф Юджин Стиглицтің, американдық жазушы Майк Дэвистің және басқалардың сұхбаттары енген. 
NYUPress- Нью-Йорк университетінің баспасы. Нью-Йорк университеті (NewYorkUniversity, NYU) – АҚШ-тың Нью-Йоркта орналасқан жекеменшік зерттеу университеті. Университет Құрама Штаттарының ең ірі жекеменшік ғылыми-зерттеу университеті болып табылады. Онда 39 мыңнан астам студент оқиды. Университеттің түлектері мен мұғалімдерінің арасында 31 нобель сыйлығының лауреаты, Абель сыйлығының 3 лауреаты, Пулитцеровский сыйлығының 16 лауреаты, «Оскар», Эмми, Грэмми және Тони сыйлықтарының 19 лауреаты, сондай-ақ МакАртур мен Гуггенхайм қорларының және АҚШ Ұлттық ғылым академиясының стипендиаттары бар.

Baq.kz

Ұқсас материалдар