Қандастар Ассамблея

Буыны ауыратындарға арналған жайнамаз пайда болды

18.07.2013 1862
НАСА технологиясымен жасалған осынау жайнамаз буыны сырқырайтындардың сырқатын жеңілдетіп, қан айналымын жақсартады әрі намаз оқыған адамның бойындағы қуатын арттыратын қасиетке ие екенін айта кету керек. «Канадалық Timez5 компаниясы адамның тәні мен жанын сауықтыратын осындай жайнамаз ойлап тапты.  Timez5 компаниясының іргетасын қалаған әрі осынау компанияның бас директоры Надер Сабридің сөзіне қарағанда, намаз оқуға ыңғайлы жайнамаздың осынау түрі әлемде алғаш рет жасалды әрі төрт жылғы зерттеудің, төккен тердің жемісі ретінде мұсылмандардың игілігіне ұсынылмақ», - деп жазады muslim.kz. Жаңа технологиямен жасалған жайнамаз бес бірдей күрделі материалдармен қапталған. Жайнамаздың беткі жағы микроталшықтан тұрады, келесі үш қаптамасы намаз оқыған адамның салмағын бір қалыпты ұстап тұруға, тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, намаз кезінде аяққа, табанға, тізеге, қара санға, белге түсетін күшті азайтады. Жайнамазда микробқа қарсы қабат бар. Ол бактериялармен күреседі. «Кейбіреулер ойлағандай, бұл жайнамаз қарапайымдылыққа үндейтін исламның қағидасына қайшы келмейді», - деп мәлімдеді Нәдір Сабри. Жайнамаз оңтүстік-шығыс Азияда пайда болды. Оның салмағы 1,5 келі тартады. Оның түсі де біркелкі және онда шексіздікті білдіретін ислами сурет бар. Оның бағасы - 270 доллар. ҚазАқпарат.

НАСА технологиясымен жасалған осынау жайнамаз буыны сырқырайтындардың сырқатын жеңілдетіп, қан айналымын жақсартады әрі намаз оқыған адамның бойындағы қуатын арттыратын қасиетке ие екенін айта кету керек.

«Канадалық Timez5 компаниясы адамның тәні мен жанын сауықтыратын осындай жайнамаз ойлап тапты.  Timez5 компаниясының іргетасын қалаған әрі осынау компанияның бас директоры Надер Сабридің сөзіне қарағанда, намаз оқуға ыңғайлы жайнамаздың осынау түрі әлемде алғаш рет жасалды әрі төрт жылғы зерттеудің, төккен тердің жемісі ретінде мұсылмандардың игілігіне ұсынылмақ», - деп жазады muslim.kz.

Жаңа технологиямен жасалған жайнамаз бес бірдей күрделі материалдармен қапталған. Жайнамаздың беткі жағы микроталшықтан тұрады, келесі үш қаптамасы намаз оқыған адамның салмағын бір қалыпты ұстап тұруға, тепе-теңдігін сақтауға көмектеседі. Сондай-ақ, намаз кезінде аяққа, табанға, тізеге, қара санға, белге түсетін күшті азайтады.

Жайнамазда микробқа қарсы қабат бар. Ол бактериялармен күреседі.

«Кейбіреулер ойлағандай, бұл жайнамаз қарапайымдылыққа үндейтін исламның қағидасына қайшы келмейді», - деп мәлімдеді Нәдір Сабри.

Жайнамаз оңтүстік-шығыс Азияда пайда болды. Оның салмағы 1,5 келі тартады. Оның түсі де біркелкі және онда шексіздікті білдіретін ислами сурет бар. Оның бағасы - 270 доллар.

ҚазАқпарат.

Ұқсас материалдар