Қандастар Ассамблея

Apple әлемдегі ең беделді компания атанудан қалды

17.07.2013 2240
Американдық беделді Barron's іскерлік газеті жыл сайын "Әлемдегі ең құрметті немесе сенімді" 100 компанияның тізімін жариялап келеді. Соңғы үш жылда бұл тізімнің басында Apple тұрған еді. Алайда биыл ол бірден үш сатыға төмендеп кетті.  Оны миллиардер Уоррен Баффет басқарған Berkshire Hathaway (бұл компанияның бір акциясы 170 000 доллар тұрады) мен Walt Disney компаниялары басып озды. Десек те Apple корпорациясы басқа hi-tech алыптарынан бәрібір жоғары тұр. Мысалы, оның басты бәсекелесі Google бұл тізімде төртінші орынға жайғасқан. Ал басқа IT-компаниялар мүлдем төмен сатыда. Мысалы, Amazon - алтыншы, IBM - оныншы, Samsung Electronics - он сегізінші болса, одан кейін Intel (20-орын), Qualcomm (43) және Microsoft (61) орналасқан. Бір қызығы, Google сауалнамаға қатысқан 5% адамның төмен ұпайын алған 36 компанияның алғашқысы болып отыр. Алайда оның төртінші сатыдан көрінуіне қаржы менеджерлерінің 50 пайызының қойған жоғары ұпайы себеп болған. Мүмкін алда тұсауы кесілетін iPhone 5S пен бюджетті смартфондардың есебінен компанияның беделі біршама артып қалар. Baq.kz

Американдық беделді Barron's іскерлік газеті жыл сайын "Әлемдегі ең құрметті немесе сенімді" 100 компанияның тізімін жариялап келеді. Соңғы үш жылда бұл тізімнің басында Apple тұрған еді. Алайда биыл ол бірден үш сатыға төмендеп кетті. 

Оны миллиардер Уоррен Баффет басқарған Berkshire Hathaway (бұл компанияның бір акциясы 170 000 доллар тұрады) мен Walt Disney компаниялары басып озды. Десек те Apple корпорациясы басқа hi-tech алыптарынан бәрібір жоғары тұр. Мысалы, оның басты бәсекелесі Google бұл тізімде төртінші орынға жайғасқан.
Ал басқа IT-компаниялар мүлдем төмен сатыда. Мысалы, Amazon - алтыншы, IBM - оныншы, Samsung Electronics - он сегізінші болса, одан кейін Intel (20-орын), Qualcomm (43) және Microsoft (61) орналасқан.
Бір қызығы, Google сауалнамаға қатысқан 5% адамның төмен ұпайын алған 36 компанияның алғашқысы болып отыр. Алайда оның төртінші сатыдан көрінуіне қаржы менеджерлерінің 50 пайызының қойған жоғары ұпайы себеп болған.
Мүмкін алда тұсауы кесілетін iPhone 5S пен бюджетті смартфондардың есебінен компанияның беделі біршама артып қалар.

Baq.kz

Ұқсас материалдар