Қандастар Ассамблея

Қазақстанның басқару элитасының рейтингісінде Нұртай Әбіқаев көш бастап тұр

16.07.2013 2138
2013 жылғы маусымда «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ Қазақстанның мемлекеттік органдары басшыларының беделділігі, тиімділігі мен перспективтілігі бойынша кезекті сараптамалық сауалнама жүргізді. Барлығы 24 сарапшыдан сауалнама алынды.  «Тұлға ретінде беделділігі» өлшемі бойынша әлдеқайда жоғары бағаны (6,13 ұпай) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, рейтинг көшбасшысы Нұртай Әбіқаев (жалпы ұпай - 5,19) алды. Кейбір сарапшылар бұл жолы оның көшбасшылығын республикада Әбіқаевтың жетекшілік етуімен Лаңкестікке қарсы күрес орталығы құрылып, өз жұмысын бастауымен түсіндірді. Ол ішкі элиталық қарым-қатынастың тәртібіне ықпал етеді - «Лаңкестікке қарсы күрес орталығы пайда болғаннан кейін Қауіпсіздік кеңесінің ықпалы азаяды». Осыған байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаровтың рейтингі едәуір төмендегенін атап өту керек. Ол наурыздағы 24-ші орыннан (3,71) шілдеде 30-шы орынға түсіп қалды (3,35).  Рейтинг көшбасшыларының үштігіне Әбіқаевтан өзге Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин (5,17 ұпай) мен Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов (5,13 ұпай) кірді. К.Мәсімов наурыздағы сауалнамамен салыстырғанда бір саты төмендесе, («ПА жетекшісі қызметінде өзін көрсете алған жоқ»), М.Тәжин бесінші орыннан екінші орынға көтеріліп, өз ұстанымын әлдеқайда жақсартты (сарапшылар «ішкі саяси өткір мәселелердін маңызын арттыру бойынша» оның жоғары белсенділігін атап өтті). Мемлекеттік хатшының барлық үш көрсеткіш бойынша бағасы тең болса, Мәсімовтың тиімділігі оның беделділігі мен перспективтілігінен төмен бағаланды.  Премьер-министр Серік Ахметов (4,85) пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов (4,83) бұл жолы 5 балдан аз жинап, рейтинг көшбасшыларының тізіміне кірмей қалды, дегенмен шілдедегі салмақты саясаткерлер тобына қосылып отыр. Сарапшылар Ахметов пен Тасмағамбетовты беделділік сияқты өлшемдер бойынша жоғары (5 балдан жоғары) бағалап, менеджерлік сапасы мен саясаттағы болашағына аса сенім білдіре қоймауы назар аудартып отыр.  Аталған ықпалды топтан басқа Президенттің екі штаттан тыс кеңесшісі де аталып өткен, бірі Болат Өтемұратов (4,67) және Тимур Құлыбаев (4,23), қаржы министрі Болат Жәмішев (4,04), Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин (4,04) және вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев (4,02). Аталған қайраткерлердің ішінде сауал салынғандардың пікірінше Б.Өтемұратовтың (5,06 балл) беделі басым болып шыққан. Ол бұл топтағыларға қарағанда саясаткер ретінде перспективасы орташа деп саналған.  Ең төменгі көрсеткіш аталған топтағы министр Жәмішевтікі. Исекешевтің орыны да назар аударуға тұрарлық, өйткені ол наурыз айындағыдан 15 пунктке ( 25 орыннан 10 орынға) жоғарылаған («Жаңа технологияларды сәтті қолданады, нақты шаруа істеуге талпынып жүр»). Орташа топтағыларға 27 басшы енген. Бұл жерде де көзге ілігетін бірнеше өзгерістің бар екендігін айта кету керек. Екінші тоқсанда сарапшылар премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтың (8 орыннан (4,38) 23 орынға түскен (3,64)) қызметін төмендеу бағалаған. Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко ( 9 орыннан (4,34) 25 орынға құлдыраған (3,58)). Марченконы сарапшылар саясаткер ретінде болашағы бар десе, Қ.Келімбетов осы көрсеткішпен және «менеджерлік тиімділікпен» төмен бағаланған. Орташа топтағы өз орнын жоғарылатқандар ішінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты (29 орыннан 11 орынға); ТЖ министрі Владимир Божконы ( 30 орыннан 13-ке); ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты ( 31 орыннан 15-ке) Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаровты (36 орыннан 27-ге) атап өтуге болады. Бұл топтағылардың көбі зерттелген уақыт ішінде рейтингтері аса көп өзгере қоймаған. Мысалы, премьер-министрдің бірінші орынбасары - өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев (екі сауалда да 16 орында), болашағы бойынша (4,27) жоғары көрсеткішке ие, алайда сарапшылардың бірі «оның саясаткер ретіндегі келешегі Н.Назарбаевтың сенім білдіруне байланысты», деп атап өткен. «Аутсайдерлер» тобында ешқандай динамика жоқ. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың берген төмендегі бағасына сарапшылар арасындағы аудан және қала әкімдерінің сайлауы бойынша болжам себеп болды. Болжам орындалған жоқ.  Біздің ойымызша, «перспективті» секілді көрсеткіш бойынша саясаткерлердің рейтингісі ұсынылады. Сарапшылар сауалнамасының нәтижесі бойынша, рейтингтің көш басында ПӘ бастығы К.Мәсімов тұр, ал Н.Абықаев үшінші орынға жайғасты. Екінші орынды М.Тәжин иеленді. Бұл жағдайда Президент Назарбаевтың «ескі гвардиясы» өкілдерінің перспективтілігі жөніндегі жалпы рейтингтің төмендегені және жаңа саясаткерлер толқыны өкілдерінің күшейгені назар аудартады.

2013 жылғы маусымда «Стратегия» Әлеуметтік және саяси зерттеулер орталығы» ҚҚ Қазақстанның мемлекеттік органдары басшыларының беделділігі, тиімділігі мен перспективтілігі бойынша кезекті сараптамалық сауалнама жүргізді. Барлығы 24 сарапшыдан сауалнама алынды. 

«Тұлға ретінде беделділігі» өлшемі бойынша әлдеқайда жоғары бағаны (6,13 ұпай) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, рейтинг көшбасшысы Нұртай Әбіқаев (жалпы ұпай - 5,19) алды. Кейбір сарапшылар бұл жолы оның көшбасшылығын республикада Әбіқаевтың жетекшілік етуімен Лаңкестікке қарсы күрес орталығы құрылып, өз жұмысын бастауымен түсіндірді. Ол ішкі элиталық қарым-қатынастың тәртібіне ықпал етеді - «Лаңкестікке қарсы күрес орталығы пайда болғаннан кейін Қауіпсіздік кеңесінің ықпалы азаяды». Осыған байланысты Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Қайрат Қожамжаровтың рейтингі едәуір төмендегенін атап өту керек. Ол наурыздағы 24-ші орыннан (3,71) шілдеде 30-шы орынға түсіп қалды (3,35). 


Рейтинг көшбасшыларының үштігіне Әбіқаевтан өзге Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин (5,17 ұпай) мен Президент Әкімшілігінің жетекшісі Кәрім Мәсімов (5,13 ұпай) кірді. К.Мәсімов наурыздағы сауалнамамен салыстырғанда бір саты төмендесе, («ПА жетекшісі қызметінде өзін көрсете алған жоқ»), М.Тәжин бесінші орыннан екінші орынға көтеріліп, өз ұстанымын әлдеқайда жақсартты (сарапшылар «ішкі саяси өткір мәселелердін маңызын арттыру бойынша» оның жоғары белсенділігін атап өтті). Мемлекеттік хатшының барлық үш көрсеткіш бойынша бағасы тең болса, Мәсімовтың тиімділігі оның беделділігі мен перспективтілігінен төмен бағаланды. 

Премьер-министр Серік Ахметов (4,85) пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов (4,83) бұл жолы 5 балдан аз жинап, рейтинг көшбасшыларының тізіміне кірмей қалды, дегенмен шілдедегі салмақты саясаткерлер тобына қосылып отыр. Сарапшылар Ахметов пен Тасмағамбетовты беделділік сияқты өлшемдер бойынша жоғары (5 балдан жоғары) бағалап, менеджерлік сапасы мен саясаттағы болашағына аса сенім білдіре қоймауы назар аудартып отыр. 

Аталған ықпалды топтан басқа Президенттің екі штаттан тыс кеңесшісі де аталып өткен, бірі Болат Өтемұратов (4,67) және Тимур Құлыбаев (4,23), қаржы министрі Болат Жәмішев (4,04), Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин (4,04) және вице-премьер - индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев (4,02).

Аталған қайраткерлердің ішінде сауал салынғандардың пікірінше Б.Өтемұратовтың (5,06 балл) беделі басым болып шыққан. Ол бұл топтағыларға қарағанда саясаткер ретінде перспективасы орташа деп саналған. 

Ең төменгі көрсеткіш аталған топтағы министр Жәмішевтікі. Исекешевтің орыны да назар аударуға тұрарлық, өйткені ол наурыз айындағыдан 15 пунктке ( 25 орыннан 10 орынға) жоғарылаған («Жаңа технологияларды сәтті қолданады, нақты шаруа істеуге талпынып жүр»).

Орташа топтағыларға 27 басшы енген. Бұл жерде де көзге ілігетін бірнеше өзгерістің бар екендігін айта кету керек. Екінші тоқсанда сарапшылар премьер-министрдің орынбасары Қайрат Келімбетовтың (8 орыннан (4,38) 23 орынға түскен (3,64)) қызметін төмендеу бағалаған. Ұлттық Банк төрағасы Григорий Марченко ( 9 орыннан (4,34) 25 орынға құлдыраған (3,58)). Марченконы сарапшылар саясаткер ретінде болашағы бар десе, Қ.Келімбетов осы көрсеткішпен және «менеджерлік тиімділікпен» төмен бағаланған.

Орташа топтағы өз орнын жоғарылатқандар ішінде Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімовты (29 орыннан 11 орынға); ТЖ министрі Владимир Божконы ( 30 орыннан 13-ке); ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовты ( 31 орыннан 15-ке) Орталық коммуникациялар қызметінің директоры Ержан Бабақұмаровты (36 орыннан 27-ге) атап өтуге болады.

Бұл топтағылардың көбі зерттелген уақыт ішінде рейтингтері аса көп өзгере қоймаған. Мысалы, премьер-министрдің бірінші орынбасары - өңірлік даму министрі Бақытжан Сағынтаев (екі сауалда да 16 орында), болашағы бойынша (4,27) жоғары көрсеткішке ие, алайда сарапшылардың бірі «оның саясаткер ретіндегі келешегі Н.Назарбаевтың сенім білдіруне байланысты», деп атап өткен.

«Аутсайдерлер» тобында ешқандай динамика жоқ. Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұловтың берген төмендегі бағасына сарапшылар арасындағы аудан және қала әкімдерінің сайлауы бойынша болжам себеп болды. Болжам орындалған жоқ. 

Біздің ойымызша, «перспективті» секілді көрсеткіш бойынша саясаткерлердің рейтингісі ұсынылады. Сарапшылар сауалнамасының нәтижесі бойынша, рейтингтің көш басында ПӘ бастығы К.Мәсімов тұр, ал Н.Абықаев үшінші орынға жайғасты. Екінші орынды М.Тәжин иеленді. Бұл жағдайда Президент Назарбаевтың «ескі гвардиясы» өкілдерінің перспективтілігі жөніндегі жалпы рейтингтің төмендегені және жаңа саясаткерлер толқыны өкілдерінің күшейгені назар аудартады.

Ұқсас материалдар