Тасмағамбетов: «Жасыл экономика» – ЭКСПО-ның ғаламдық мүддесіне жақын жол

23.11.2012 2197
2012 жылғы 22 қараша күні Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Штаб-пәтерінде сағат 14.30-да ЕХРО 2017 Халықаралық арнайыландырылған көрмені өткізу құқығын алуға үміткер-қалалардың тұсаукесері басталды. Бұл – бұған дейінгі дауыс беру мен жеңімпаздарды жариялаудың қортынды шарасы, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.  ЕХРО 2017 астанасы мәртебесін алуға үміткерлер ішінде Қазақстанның жас елордасы Астана мен Бельгияның Льеж қаласы бар. Әрбір үміткер елге таныстырылымын жасау үшін 30 минуттан берілген. Осы берілген уақыт ішінде оның қатысушыларына Қазақстан және оның елордасы Астананың ЕХРО өткізетін орын ретіндегі әлеуетін көрсететін бейнероликтер көрсетіледі. Қазақстанның вице-премьері Қайрат Келімбетов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, соңынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнежолдауы қорытындылайды. Жаңа ғана Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Халықаралық Көрмелер бюросының Президентіне, атқарушы комитеттің Бас хатшысы мен оның мүшелеріне қарата былай деді: «Біз қандай ауқымды іске, алпауыт жүкке қол созғанымызды жақсы түсінеміз. Шынайы сезінеміз. Өйткені, біз төрткүл дүниеге ой-дария болған ЕҚЫҰ Саммитін, сарықұрлыққа тең жария болған Азия Олимпиадасын абыроймен өткізген елміз. Ендігі жерде сол бір шарболаттай сенім бізді бұрын соңды болмаған осынау ұлық бастама мен жаһандық жобаға жетелеп отыр. Қазір бүкіл адамзат өмірлік ортасының орайын сақтауға, тіршілік тақтасының қуатын баптауға зәру. Ал оның шешімі біреу – айналаға зиянын болдырмайтын, сарқылмайтын қуат көзін қордалайтын «Жасыл экономика» жолы. Бұл ЭКСПО-ның ғаламдық мүддесіне жақын жол. Сондықтан да біз келешек ЭКСПО-ны жер аумағы әлемде тоғызыншы тұрған, ерлік-дастан еңбегімен болашағын құрған апайтөс елге, берекелі жерге шақырамыз. Астана – алғаш атқан таңынан бастап жақсылыққа тұмар, жаңалыққа құмар болған ерекше шаһар. Осы арқылы біз ЭКСПО-ның үкілі үмітін Еуразия төрінен ақтауға, арман-тілегін Жер кіндігінен бастауға керемет мүмкіндік береміз. Біз бұл әлемді қайта жаңғыртуға қашанда даярмыз! Міне, Астананың осынау шын мәнінде аламан жобаға қатысуының басты себебі осы». И. Тасмағамбетов Астанада болашақ ЭКСПО-орталығының құрылысын жүргізуге елорданың инфрақұрылымын дамыту жолына сәйкес жер учаскесінің таңдалып қойғандығын мәлім етті. «Біз ЭКСПО кешені үшін бүтін қаланы бөлектемейтін, инфрақұрылымы мен көлік қатынасы жағынан кемшілік көрмейтін ерекше жерді таңдадық. Ондағы басты мақсатымыз – әр шаһарға өзекті, әрбір адам жанына керекті жайлы да жасампаз жағдай жасау», - деп атап көрсетті Астана әкімі. «Бұл орайда, ЭКСПО-ны өткізу біз үшін бойымыздағы күш-қайратты шыңдау ғана емес, бүкіл әлемге біздің қаламыздың кез-келген шешімі қиын міндеттің үдесінен шығып, күресінен қиятынын дәлелдеу»,- деді И.Тасмағамбетов.

2012 жылғы 22 қараша күні Парижде Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Штаб-пәтерінде сағат 14.30-да ЕХРО 2017 Халықаралық арнайыландырылған көрмені өткізу құқығын алуға үміткер-қалалардың тұсаукесері басталды. Бұл – бұған дейінгі дауыс беру мен жеңімпаздарды жариялаудың қортынды шарасы, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі. 

ЕХРО 2017 астанасы мәртебесін алуға үміткерлер ішінде Қазақстанның жас елордасы Астана мен Бельгияның Льеж қаласы бар.

Әрбір үміткер елге таныстырылымын жасау үшін 30 минуттан берілген. Осы берілген уақыт ішінде оның қатысушыларына Қазақстан және оның елордасы Астананың ЕХРО өткізетін орын ретіндегі әлеуетін көрсететін бейнероликтер көрсетіледі. Қазақстанның вице-премьері Қайрат Келімбетов пен Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов сөз сөйлеп, соңынан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнежолдауы қорытындылайды.

Жаңа ғана Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов Халықаралық Көрмелер бюросының Президентіне, атқарушы комитеттің Бас хатшысы мен оның мүшелеріне қарата былай деді:

«Біз қандай ауқымды іске, алпауыт жүкке қол созғанымызды жақсы түсінеміз. Шынайы сезінеміз. Өйткені, біз төрткүл дүниеге ой-дария болған ЕҚЫҰ Саммитін, сарықұрлыққа тең жария болған Азия Олимпиадасын абыроймен өткізген елміз. Ендігі жерде сол бір шарболаттай сенім бізді бұрын соңды болмаған осынау ұлық бастама мен жаһандық жобаға жетелеп отыр.

Қазір бүкіл адамзат өмірлік ортасының орайын сақтауға, тіршілік тақтасының қуатын баптауға зәру. Ал оның шешімі біреу – айналаға зиянын болдырмайтын, сарқылмайтын қуат көзін қордалайтын «Жасыл экономика» жолы.

Бұл ЭКСПО-ның ғаламдық мүддесіне жақын жол. Сондықтан да біз келешек ЭКСПО-ны жер аумағы әлемде тоғызыншы тұрған, ерлік-дастан еңбегімен болашағын құрған апайтөс елге, берекелі жерге шақырамыз.

Астана – алғаш атқан таңынан бастап жақсылыққа тұмар, жаңалыққа құмар болған ерекше шаһар. Осы арқылы біз ЭКСПО-ның үкілі үмітін Еуразия төрінен ақтауға, арман-тілегін Жер кіндігінен бастауға керемет мүмкіндік береміз.

Біз бұл әлемді қайта жаңғыртуға қашанда даярмыз!

Міне, Астананың осынау шын мәнінде аламан жобаға қатысуының басты себебі осы».

И. Тасмағамбетов Астанада болашақ ЭКСПО-орталығының құрылысын жүргізуге елорданың инфрақұрылымын дамыту жолына сәйкес жер учаскесінің таңдалып қойғандығын мәлім етті.

«Біз ЭКСПО кешені үшін бүтін қаланы бөлектемейтін, инфрақұрылымы мен көлік қатынасы жағынан кемшілік көрмейтін ерекше жерді таңдадық. Ондағы басты мақсатымыз – әр шаһарға өзекті, әрбір адам жанына керекті жайлы да жасампаз жағдай жасау», - деп атап көрсетті Астана әкімі.

«Бұл орайда, ЭКСПО-ны өткізу біз үшін бойымыздағы күш-қайратты шыңдау ғана емес, бүкіл әлемге біздің қаламыздың кез-келген шешімі қиын міндеттің үдесінен шығып, күресінен қиятынын дәлелдеу»,- деді И.Тасмағамбетов.

Ұқсас материалдар