Қандастар Ассамблея

Қазақстандық алғашқы 3D фильм DVD-ге шықты.

16.07.2013 2027
«Қазақфильмнің» тапсырысымен түсірілген белгілі режиссер Егор Кончаловскидің «А-ға оралу» әскери драмасы DVD-ге шықты деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі. Фильмнің желісі Ресей мен Қазақстандық жас телевизия қызметкерлерінің «Ескендір Зұлқарнайынның жүрген жолдарымен» атты деректі фильм түсіру үшін Алматыдан Ауғанстанға жол тартады. Ал оларға жол сілтеп, әрі қорғап жүру үшін кезінде Ауғанстанда соғысқа қатысқан жауынгер-интернационалист Марат Аюмов шақыртылады. Алайда жолсеріктің қателігінен кино түсіруге барған жастардың жұмысы қауіпті оқиғаға айналып кетуі арқылы өрбиді. Фильмнің сценариін Ауған соғысында аты аңызға айналған «Қара майордың» бастан кешкен оқиғаларына сүйене отырып Владимир Моисеенко мен Александр Новотоцкий-Власов жазған. Фильмнің басты рөлдері Сейдолла Молдаханов, Берiк Айтжанов, Денис Никифоров, Қарлығаш Мұқамеджанова,Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Фархат Әбдiрайымов, Гоша Куценко, Гүлнәр Досматова сынды танымал актерлерге бұйырған. «А-ға оралу» фильмінің тұсаукесері 2011 жылдың қыркүйегінде VII «Еуразия» Халықаралық кино фестивалінде кесілген. Сол жылы Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығының, «Шет тіліндегі ең үздік фильм» жүлдесіне ұсынылған. Сондай-ақ Егор Кончаловскидің туындысы бүгінгі күнге дейін Гоада өткен «Әлемдік кино» Халықаралық кинофестиваліне, Брно қаласында өткен Халықаралық Cinema Mundi кинофестиваліне қатысып, 33-ші Халықаралық Мәскеулік кинофестиваль мен Ташкенттік «Алтын гепард» Халықаралық кинофорумының арнайы бағдарламаларында көрсетілген.  Айнұр Ракишева

«Қазақфильмнің» тапсырысымен түсірілген белгілі режиссер Егор Кончаловскидің «А-ға оралу» әскери драмасы DVD-ге шықты деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Фильмнің желісі Ресей мен Қазақстандық жас телевизия қызметкерлерінің «Ескендір Зұлқарнайынның жүрген жолдарымен» атты деректі фильм түсіру үшін Алматыдан Ауғанстанға жол тартады. Ал оларға жол сілтеп, әрі қорғап жүру үшін кезінде Ауғанстанда соғысқа қатысқан жауынгер-интернационалист Марат Аюмов шақыртылады. Алайда жолсеріктің қателігінен кино түсіруге барған жастардың жұмысы қауіпті оқиғаға айналып кетуі арқылы өрбиді.
Фильмнің сценариін Ауған соғысында аты аңызға айналған «Қара майордың» бастан кешкен оқиғаларына сүйене отырып Владимир Моисеенко мен Александр Новотоцкий-Власов жазған. Фильмнің басты рөлдері Сейдолла Молдаханов, Берiк Айтжанов, Денис Никифоров, Қарлығаш Мұқамеджанова,Иван Жидков, Андрей Шибаршин, Аша Матай, Фархат Әбдiрайымов, Гоша Куценко, Гүлнәр Досматова сынды танымал актерлерге бұйырған.

«А-ға оралу» фильмінің тұсаукесері 2011 жылдың қыркүйегінде VII «Еуразия» Халықаралық кино фестивалінде кесілген. Сол жылы Қазақстанның атынан «Оскар» сыйлығының, «Шет тіліндегі ең үздік фильм» жүлдесіне ұсынылған. Сондай-ақ Егор Кончаловскидің туындысы бүгінгі күнге дейін Гоада өткен «Әлемдік кино» Халықаралық кинофестиваліне, Брно қаласында өткен Халықаралық Cinema Mundi кинофестиваліне қатысып, 33-ші Халықаралық Мәскеулік кинофестиваль мен Ташкенттік «Алтын гепард» Халықаралық кинофорумының арнайы бағдарламаларында көрсетілген. 

Айнұр Ракишева

Ұқсас материалдар