Қандастар Ассамблея

Аққолтық елдімекенінде үлкен көшелердің бірі Құлыншақ Кемелұлының есімімен аталады екен

15.07.2013 3986
Исаханның Сұқсыр деген әйелінен 1940 жылы Жәмилә деген қыз туады. Күйеуінің аты Рахманберді (Әкітай). Олардан Нұрқанат, Қуаныш деген ұрпақтар бар. Жеңгелей алған әйелі Аршадан Шолаққорғанда ұрпақтары бар дейді. Ал Зағипа деген әйелінен Молдабай, Олжабай (1943 жыл) деген екі ұл туады. Молдабайдан ұрпақ жоқ. Олжабайдың ұрпақтары Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында. Бұлар өзге фамилияда. Себебі, Қажының ұрпағы, көп әйел алушы деп Исаханның үстінен арыз жазылғанда ол кісі Зағипадан да, ұлдарынан да амалсыз бас тартады. Алайда, кейін қартайған шағында қазақы салтпен ат-шапан айыбын алып, кінәсін мойындап, әйелі мен балаларының алдынан өткен екен. Біз Шолаққорғандағы ұрпақтарымен көзбе-көз жолықтық. Жезқазғандағы ұрпақтарымен бірнеше мәрте телефон арқылы сөйлестік. Екі жақ та Құлыншақ пен Исахан туралы білгендерін айтып, өздерінің суреттерін беретін болған. Қорытындысында ол кісілерден жазба да, сурет те келмеді. Фамилиялары бөлек болған соң осылай шешкен болуы керек. Осы жерде Есенгелді Бишеұлының: «Бала бата сұрайды. Қыдыр ата: «Қалауың не, балам?» – дегенде, Құлыншақ «Өлең мен көген» депті. Басқа не қалауың бар деп үш рет сұрағанда үшеуінде де «Өлең мен көген беріңіз, басқа қалауым жоқ», – деген екен. Сонда Қыдыр ата «Әумин» деп бата беріпті де, «Балам ана таяқты әперіп жібер», – депті. Еңкейіп таяқты алса, Қыдыр ата ғайып болыпты. Әкем осыны айтып, «Әттең, ұрпағын қосып сұрамаған екен. Кейінгі ұрпағы өспей қалды», – деп өкініп отыратын», – деген естелігі еріксіз ойға оралады. Енді ақынның екінші ғұмыры басталғанына арнайы тоқталмақпыз. Біздер, ақын мұрасын зерттеу мақсатымен былтыр күзде ақынның туған жері Теріскейге шығармашылық іссапармен барған едік. Аққолтық елдімекенінде үлкен көшелердің бірі Құлыншақ Кемелұлының есімімен аталады екен. Жас пен кәрінің кез  келгенінен сұрасаң, ақынның бір-екі шумақ өлеңін жатқа айтып береді. Аққолтықпен іргелес жатқан бұрынғы совхоз орталығы Жартытөбе ауылындағы мәдениет үйі мен орта мектеп ақынның есімін иеленген. Мектептің ескі ғиимаратының алдында қоладан құйылған бюсті бар. Мектептің жаңа ғимараты 2011 жылдың қазан айында «Қаз Атом Өнеркәсіп» жанындағы геологиялық барлау компаниясының демеушілігімен салынып, 2012-2013 оқу жылында пайдалануға беріліпті. Осы мектепке ақынның аты берілуінің өзі бір тарих. ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Исаханның Сұқсыр деген әйелінен 1940 жылы Жәмилә деген қыз туады. Күйеуінің аты Рахманберді (Әкітай). Олардан Нұрқанат, Қуаныш деген ұрпақтар бар. Жеңгелей алған әйелі Аршадан Шолаққорғанда ұрпақтары бар дейді. Ал Зағипа деген әйелінен Молдабай, Олжабай (1943 жыл) деген екі ұл туады. Молдабайдан ұрпақ жоқ. Олжабайдың ұрпақтары Жезқазған мен Сәтпаев қалаларында. Бұлар өзге фамилияда. Себебі, Қажының ұрпағы, көп әйел алушы деп Исаханның үстінен арыз жазылғанда ол кісі Зағипадан да, ұлдарынан да амалсыз бас тартады. Алайда, кейін қартайған шағында қазақы салтпен ат-шапан айыбын алып, кінәсін мойындап, әйелі мен балаларының алдынан өткен екен.

Біз Шолаққорғандағы ұрпақтарымен көзбе-көз жолықтық. Жезқазғандағы ұрпақтарымен бірнеше мәрте телефон арқылы сөйлестік. Екі жақ та Құлыншақ пен Исахан туралы білгендерін айтып, өздерінің суреттерін беретін болған. Қорытындысында ол кісілерден жазба да, сурет те келмеді. Фамилиялары бөлек болған соң осылай шешкен болуы керек.

Осы жерде Есенгелді Бишеұлының: «Бала бата сұрайды. Қыдыр ата: «Қалауың не, балам?» – дегенде, Құлыншақ «Өлең мен көген» депті. Басқа не қалауың бар деп үш рет сұрағанда үшеуінде де «Өлең мен көген беріңіз, басқа қалауым жоқ», – деген екен. Сонда Қыдыр ата «Әумин» деп бата беріпті де, «Балам ана таяқты әперіп жібер», – депті. Еңкейіп таяқты алса, Қыдыр ата ғайып болыпты.

Әкем осыны айтып, «Әттең, ұрпағын қосып сұрамаған екен. Кейінгі ұрпағы өспей қалды», – деп өкініп отыратын», – деген естелігі еріксіз ойға оралады.

Енді ақынның екінші ғұмыры басталғанына арнайы тоқталмақпыз.

Біздер, ақын мұрасын зерттеу мақсатымен былтыр күзде ақынның туған жері Теріскейге шығармашылық іссапармен барған едік. Аққолтық елдімекенінде үлкен көшелердің бірі Құлыншақ Кемелұлының есімімен аталады екен. Жас пен кәрінің кез  келгенінен сұрасаң, ақынның бір-екі шумақ өлеңін жатқа айтып береді. Аққолтықпен іргелес жатқан бұрынғы совхоз орталығы Жартытөбе ауылындағы мәдениет үйі мен орта мектеп ақынның есімін иеленген. Мектептің ескі ғиимаратының алдында қоладан құйылған бюсті бар. Мектептің жаңа ғимараты 2011 жылдың қазан айында «Қаз Атом Өнеркәсіп» жанындағы геологиялық барлау компаниясының демеушілігімен салынып, 2012-2013 оқу жылында пайдалануға беріліпті. Осы мектепке ақынның аты берілуінің өзі бір тарих.

ҚАЗЫНАЛЫ ОҢТҮСТІК: ҚҰЛЫНШАҚ КЕМЕЛҰЛЫ. ШЫҒАРМАЛАРЫ. – Алматы: 2013

Ұқсас материалдар