Қандастар Ассамблея

Қазақстан әділ бәсекелестік үшін Бельгияға алғыс айтты

23.11.2012 1850
Қазақстан ЕХРО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына тартыстағы әділ бәсекелестік үшін Бельгияға риза. Бұл жөнінде бүгін Парижде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді. Оның айтуынша, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаны тарихи маңызды деп атап өтті. «Астанада ЕХРО тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр, сондай-ақ ТМД кеңістігінде де алғаш рет ұйымдастырылуда. Мұндай деңгейдегі шараны өткізу біздің еліміздің экономикасының дамуы үшін оң ықпал етеді. Көрме үшін салынған нысандар Қазақстан халқының игілігі үшін тиімді пайдаланылады», – деді Әбибуллаев. Сондай-ақ ол көрмені өткізу аясында нысандардың салынуы, негізінен, Қазақстанның экономикасы мен қалалық инфрақұрылым үшін мультипликациялық оң ықпал ететінін атап өтті. «Қазақстанның көптеген азаматтары жаңа жұмыспен қамтылады», – деді ОКҚ-ның ресми өкілі. «Біз қызықты, әділ, мазмұнды, бәсекелесті, өткір тартыс үшін Бельгияға ризамыз», – деді Әбибуллаев. «Бүгін Қазақстан өркениеттер тоғысында тұрған шағында Еуропа мен Азияны біріктіре отырып, заманауи технологияларды инвестициялау мен трансферттеудің тартымды хабына айналып отыр», - деп қосты ол. Бұл өз кезегінде жаһандық экономикалық даму орталығын «батыстан шығысқа қарай» ауытырудағы қазіргі жағдайда аса үлкен маңызға ие. «Қазақстанның әлем алдындағы беделі одан бетер арта түсті. Адамзаттың өткір экологикалық қиындықтарға тап болған кезінде Қазақстанның таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы зор халықаралық қолдауға ие болды», - деді Әбибуллаев. Оның айтуынша, көмірсутекті энергия көзінің мол қорына ие Қазақстан өзі таңдап алған «жасыл» экономика бағытынан тайынбайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Қазақстан ЕХРО – 2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу құқығына тартыстағы әділ бәсекелестік үшін Бельгияға риза. Бұл жөнінде бүгін Парижде ҚР Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.

Оның айтуынша, ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұл оқиғаны тарихи маңызды деп атап өтті.

«Астанада ЕХРО тұңғыш рет ұйымдастырылғалы отыр, сондай-ақ ТМД кеңістігінде де алғаш рет ұйымдастырылуда. Мұндай деңгейдегі шараны өткізу біздің еліміздің экономикасының дамуы үшін оң ықпал етеді. Көрме үшін салынған нысандар Қазақстан халқының игілігі үшін тиімді пайдаланылады», – деді Әбибуллаев.

Сондай-ақ ол көрмені өткізу аясында нысандардың салынуы, негізінен, Қазақстанның экономикасы мен қалалық инфрақұрылым үшін мультипликациялық оң ықпал ететінін атап өтті.

«Қазақстанның көптеген азаматтары жаңа жұмыспен қамтылады», – деді ОКҚ-ның ресми өкілі.

«Біз қызықты, әділ, мазмұнды, бәсекелесті, өткір тартыс үшін Бельгияға ризамыз», – деді Әбибуллаев.

«Бүгін Қазақстан өркениеттер тоғысында тұрған шағында Еуропа мен Азияны біріктіре отырып, заманауи технологияларды инвестициялау мен трансферттеудің тартымды хабына айналып отыр», - деп қосты ол.

Бұл өз кезегінде жаһандық экономикалық даму орталығын «батыстан шығысқа қарай» ауытырудағы қазіргі жағдайда аса үлкен маңызға ие.

«Қазақстанның әлем алдындағы беделі одан бетер арта түсті. Адамзаттың өткір экологикалық қиындықтарға тап болған кезінде Қазақстанның таңдап алған «Болашақ энергиясы» тақырыбы зор халықаралық қолдауға ие болды», - деді Әбибуллаев.

Оның айтуынша, көмірсутекті энергия көзінің мол қорына ие Қазақстан өзі таңдап алған «жасыл» экономика бағытынан тайынбайтындығын тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.

Ұқсас материалдар