Қазақстан ЕХРО-ны өткізуге бар күш-жігерін салады – Мемлекет басшысы

22.11.2012 1796
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының ресми қабылдауына сөйлеген сөзінде 2017 жылғы көрме жоғары дейгейде өтеді деп уәде берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.  «ЭКСПО тұңғыш рет Еуразиялық құрылықтың дәл кіндігінде өтеді және біз бұл құқыққа посткеңестік кеңістікте қол жеткіздік. ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі қайта құрылуға қуатты серпін беретініне және біздің елдің өзге мемлекеттердің де дамуының жаңа тақырыбына айналатынына сенімдімін. Қазақстан осы көрме жоғары деңгейде өтуі үшін, ол халықтың жадында тарихи оқиға ретінде қалуы үшін Қазақстан бар күш-жігерін салады», – деді Н.Назарбаев. Президент, сондай-ақ, осы жылы тәуелсіздіктің 21 жылдығын атап өтетінін және осы қысқа мерзім ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығын иеленген еліміздің құрметіне орай Халықаралық көрмелер бюросының ресми қабылдауына сөйлеген сөзінде 2017 жылғы көрме жоғары дейгейде өтеді деп уәде берді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. 

«ЭКСПО тұңғыш рет Еуразиялық құрылықтың дәл кіндігінде өтеді және біз бұл құқыққа посткеңестік кеңістікте қол жеткіздік. ЭКСПО дүниежүзілік көрмесі қайта құрылуға қуатты серпін беретініне және біздің елдің өзге мемлекеттердің де дамуының жаңа тақырыбына айналатынына сенімдімін. Қазақстан осы көрме жоғары деңгейде өтуі үшін, ол халықтың жадында тарихи оқиға ретінде қалуы үшін Қазақстан бар күш-жігерін салады», – деді Н.Назарбаев.

Президент, сондай-ақ, осы жылы тәуелсіздіктің 21 жылдығын атап өтетінін және осы қысқа мерзім ішінде үлкен жетістіктерге қол жеткізгенін айтты.

Ұқсас материалдар