Қандастар Ассамблея

Қызылорда облысындағы Төретам кентінде жаңа емхана пайдалануға берілді

12.07.2013 3383
«Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңындағы жағдаймен танысып қайтқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Төретам кентіне келіп 100 орындық емхананың ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.  «Бұл әлеуметтік нысанды салуға облыстық бюджеттен 202 миллион теңге бөлінген болатын. Кент тұрғындарына уақыт талабына сай салынған медициналық мекемеде 13 дәрігер, 61 медбике қызмет көрсетеді», деп көрсетілген хабарламада. Кент тұрғындары бұл нысанның ашылуын ұзақ күткен. Себебі, бұл кентте тұратын тұрғын саны 10 мыңнан әлдеқашан асқан. Халық саны 4 мыңнан асқан Ақай ауылының да тұрғындары да алдағы уақытта осы медициналық орталықтан ем-домдарын алады. Емханаға алынған жаңа медициналық құрылғылар, флюрографиялық рентген аппараты, ультрадыбыстық терапия аппараты, бір каналды электрокардиография сапалы медициналық тексеру жүргізуге себепші болатыны сөзсіз. Бұл емханадан бөлек, республикалық бюджет қаржысымен Төретам кентінде 600 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысы да биыл бой көтеріп, кент халқының әлеуметтік мәселелеріне қызмет жасайтын болады. Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев салтанатты рәсімде Елбасының қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау саласына қомақты қаржының бөлініп отырғанын атап өтіп, Байқоңырда өңірдің өндірістік мүмкіндігін арттырып, жаңа өндірістер ашуға жағдай жасалатынына тоқталды. Салтанатты жиын соңында «Ақмешіт мелиораторы» ЖШС-нің директоры Ерлан Саттаров ресми түрде жаңа нысанның кілтін дәрігерлерге табыс етті. bnews.kz

«Байқоңыр» ғарыш айлағының № 81 алаңындағы жағдаймен танысып қайтқан Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев Төретам кентіне келіп 100 орындық емхананың ашылу рәсіміне қатысты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. 

«Бұл әлеуметтік нысанды салуға облыстық бюджеттен 202 миллион теңге бөлінген болатын. Кент тұрғындарына уақыт талабына сай салынған медициналық мекемеде 13 дәрігер, 61 медбике қызмет көрсетеді», деп көрсетілген хабарламада.

Кент тұрғындары бұл нысанның ашылуын ұзақ күткен. Себебі, бұл кентте тұратын тұрғын саны 10 мыңнан әлдеқашан асқан. Халық саны 4 мыңнан асқан Ақай ауылының да тұрғындары да алдағы уақытта осы медициналық орталықтан ем-домдарын алады.

Емханаға алынған жаңа медициналық құрылғылар, флюрографиялық рентген аппараты, ультрадыбыстық терапия аппараты, бір каналды электрокардиография сапалы медициналық тексеру жүргізуге себепші болатыны сөзсіз.

Бұл емханадан бөлек, республикалық бюджет қаржысымен Төретам кентінде 600 орындық мектеп пен 280 орындық балабақша құрылысы да биыл бой көтеріп, кент халқының әлеуметтік мәселелеріне қызмет жасайтын болады.

Облыс басшысы Қырымбек Көшербаев салтанатты рәсімде Елбасының қолдауымен мемлекеттік бағдарламалар аясында денсаулық сақтау саласына қомақты қаржының бөлініп отырғанын атап өтіп, Байқоңырда өңірдің өндірістік мүмкіндігін арттырып, жаңа өндірістер ашуға жағдай жасалатынына тоқталды.

Салтанатты жиын соңында «Ақмешіт мелиораторы» ЖШС-нің директоры Ерлан Саттаров ресми түрде жаңа нысанның кілтін дәрігерлерге табыс етті.

bnews.kz

Ұқсас материалдар