Қандастар Ассамблея

Омбы қазақтарының «Той думан» атты мәдени, спорттық шарасы өтті (ФОТО)

11.07.2013 2737
Астананың 15 жылдық мерекесі қарсаңында Омбыда «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Той думан» атты мәдени іс-шара өтті,-деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі. – Тарихи дүниелерімізді көздің қарашығындай сақтау, қазақтың дәстүрін қайта жаңғырту, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындату және әлем халықтарымен мәдени қарым-қатынас орнатып, Омбы облысының барлық тұрғындарымен бейбіт және ынтымақта өмір сүру біздің бұрыннан келе жатқан мақсатымыз. Келесі жылы 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған қоғамымыз ұлтымыз үшін ұлағатты жұмыстар жасауға тырысып келеді. Қоғам құрамында «Әйгерім» би тобы және «Мөлдір» халық-аспаптар ансамблі бар. Омбыдағы қазақ балаларының басым көпшілігі осы үйірмелерге қатысып, қосымша қазақ тілін де игеріп жүр,-дейді қоғам төрайымы Алтынай Жүнісова.  Қоғам басшысының айтуынша 3-рет өтіп отырған бұл реткі мәдени, спорттық шарада қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға басымдық беріліпті. – Біз 10 жасар баладан ересектерге дейін қазақша күрес өткізіп, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ойындардан сайыс өткіздік. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен дастархан жаю, ән айту, би билеп, өлең оқу, мақал-мәтел, жұмбақ, өсиет, аңыз, ертегі айту бойынша «Әжелер сайысы» да ұйымдастырылды. Ұлттық ас мәзірлерін дайындау, қолөнер шеберлерін анықтау және ең үздік ұлттық киімдерді бағалау бойынша да жарыстар өткізілген іс-шараны қоғамның келесі жылы келетін 25 жылдық мереутойына да орайластырып отырмыз,- дейді Алтынай Хайдоллақызы. Бұл күнде Ресейдің Омбы облысында 100 мыңдай қазақ тұрады. 1989 жылдың 12 ақпанында жастар клубы болып құрылған «Мөлдір» орталығы бұл күнде омбылық қандастарымыздың басын қосуға ұйтқы болатын үлкен шаңыраққа айналған. 1992 жылы осы атпен ұлттық мәдени үлкен орталық болып құрылған клуб 2000 жылы Сібірдегі қазақ мәдениет орталығына айналды.  Омбыдағы жастардың тілдік жағдайын тілге тиек еткен қоғам төрайымы қалада өмір сүретін қазақ балаларының ана тіліне тым шорқақ екенін жеткізді: «Омбыда 100 мыңдай қазақ бар. Қаладағы қазақ балаларының ана тілін меңгеруі өте нашар. Қуантарлығы ауылдарда қазақ тілінің қасиетін білетін жастардың қатары көп. 50-дей қазақ ауылындағы 10 мектепте қазақ тілі пән ретінде оқытылса, 8 мектепте факультативті түрде өтіледі». Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

Астананың 15 жылдық мерекесі қарсаңында Омбыда «Мөлдір» қазақ мәдени орталығының ұйымдастыруымен «Той думан» атты мәдени іс-шара өтті,-деп хабарлайды BAQ.kz тілшісі.

– Тарихи дүниелерімізді көздің қарашығындай сақтау, қазақтың дәстүрін қайта жаңғырту, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ұлттық мәдениеттің қайнар бұлағынан сусындату және әлем халықтарымен мәдени қарым-қатынас орнатып, Омбы облысының барлық тұрғындарымен бейбіт және ынтымақта өмір сүру біздің бұрыннан келе жатқан мақсатымыз. Келесі жылы 25 жылдық мерейтойын атап өткелі отырған қоғамымыз ұлтымыз үшін ұлағатты жұмыстар жасауға тырысып келеді. Қоғам құрамында «Әйгерім» би тобы және «Мөлдір» халық-аспаптар ансамблі бар. Омбыдағы қазақ балаларының басым көпшілігі осы үйірмелерге қатысып, қосымша қазақ тілін де игеріп жүр,-дейді қоғам төрайымы Алтынай Жүнісова. 
Қоғам басшысының айтуынша 3-рет өтіп отырған бұл реткі мәдени, спорттық шарада қазақтың ұлттық ойындарын насихаттауға басымдық беріліпті. – Біз 10 жасар баладан ересектерге дейін қазақша күрес өткізіп, тоғызқұмалақ, асық ату сияқты ойындардан сайыс өткіздік. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері мен дастархан жаю, ән айту, би билеп, өлең оқу, мақал-мәтел, жұмбақ, өсиет, аңыз, ертегі айту бойынша «Әжелер сайысы» да ұйымдастырылды. Ұлттық ас мәзірлерін дайындау, қолөнер шеберлерін анықтау және ең үздік ұлттық киімдерді бағалау бойынша да жарыстар өткізілген іс-шараны қоғамның келесі жылы келетін 25 жылдық мереутойына да орайластырып отырмыз,- дейді Алтынай Хайдоллақызы.

Бұл күнде Ресейдің Омбы облысында 100 мыңдай қазақ тұрады. 1989 жылдың 12 ақпанында жастар клубы болып құрылған «Мөлдір» орталығы бұл күнде омбылық қандастарымыздың басын қосуға ұйтқы болатын үлкен шаңыраққа айналған. 1992 жылы осы атпен ұлттық мәдени үлкен орталық болып құрылған клуб 2000 жылы Сібірдегі қазақ мәдениет орталығына айналды. 
Омбыдағы жастардың тілдік жағдайын тілге тиек еткен қоғам төрайымы қалада өмір сүретін қазақ балаларының ана тіліне тым шорқақ екенін жеткізді: «Омбыда 100 мыңдай қазақ бар. Қаладағы қазақ балаларының ана тілін меңгеруі өте нашар. Қуантарлығы ауылдарда қазақ тілінің қасиетін білетін жастардың қатары көп. 50-дей қазақ ауылындағы 10 мектепте қазақ тілі пән ретінде оқытылса, 8 мектепте факультативті түрде өтіледі».

Майгүл СҰЛТАН, BAQ.KZ

Ұқсас материалдар