Қандастар Ассамблея

Өз заманының саясаткері

11.07.2013 2745
     Алайда, ел аузында Кенесары  Жапалақтан бір  мың жылқысын Қамбардың Көкшетауы деген жерінде қыстатып беруін сұрап,бас жылқышысын жібергенде оған келісімін беріп,жылқысын қыстатып беріпті деген сөз бар. Бұл  азаттық қозғалысының көсемі Кенесарыны қолдағаны болса, Б.Нәсеновтің  жоғарыда аталған кітабының «Кенесары және Абыралылықтар» деген тарауында мұрағаттан 1841 жылғы 5 маусымында Орынбордың Шекаралық комиссиясының бастығы  генерал-майор Генске жолдаған Кенесары мен Көшек Қасымовтардың мәлімдеме хатында 1825 жылы  сол кездегі Қарқаралы округінің сұлтаны Жамантай Бөкеевтің тапсырмасымен, дуанбасы (мұрағат  материалында осылай делінген) Иван Семенович Карбышевтің басшылығымен,Қаракесек руының қазағы Жапалақтың жолбасшылығымен олардың ағалары сұлтан Саржан Қасымовтың  ауылын шапқанын,онда кісі өлімі болғанын, көптеген малдарын алып кеткенін хабарлайды. (Б.Н. «Кенесары және абыралылықтар» тарауы 11-бет.) Бұдан біз мұны Жапалақтың орыс ұлығының бұйрығын орындағаны деп білеміз.       Ал мұндай Кенесарыға қатысты жайлар Орта жүздің белді деген айтулы аға сұлтандарының да бастарынан өткен. Оған дәлел Мұхтар Әуезовтің «Абайды танып білмек парыз ойлы жасқа» деген кітабының «Абай өмірінің алғашқы нұсқасы (1927-1933)» деген бөлімінде: «Құнанбайдың бұдан соңғы ел есінде қалған бір ісі-орыс ұлығының бұйрығы бойынша Кенесарыны қуғандығы.Тегі Кенесарының Ұлытау, Кіші таудан көшіп, Ұлы жүзді бетке алып бара жатқан кезі.Құнанбай старшын күнінде Кенесарыны қуа шыққан орыс отрядымен бірге қазақтан кісі алып қоса қуысқан.  ... Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет деген батыр Кенесарының қолының бір батырын қуып найзаламақшы болған екен,соны Құнанбай сабапты» дейді. (Алматы «Санат» 1997 ж. 109-110-б.)        Сондай-ақ тарлан тарихшы Е.Бекмұқанов «Қазақ халқының  Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» деген тарихи монографиясында «... патша әкімшілігімен тығыз байланысы бар Баянауыл округінің кейбір билері мен сұлтандары көтеріліске қосылуға мәжбүр болды.150 үймен  ірі  феодал  Мұса Шорманов,сұлтан Елемес Жайнақов қосылды.Алайда, қозғалыстың даму барысында олар көтерілісті сатып кетті» дейді.   (Хан  Кене. Алматы  «Жалын»  1993 ж.  314-б.)        Тағы да Доскей ақын Әлімбаев «Кенесары» поэмасында осы жайтқа байланысты:  «Наград берем деген соң Қыпшақтан кетті Ыбырай. Советник боп Тұрлыбек Ол да кетті сұмырай. Басентиін Мәсеке, Шыдап тұрсын ол қалай ? Қаз дауысты Қазыбектің Әруағын аттап,сыйламай, Ауылынан кетті Шалғынбай. Жемсауы кеуіп параға, Тобықтының елінен Суырыла шықты Құнанбай. Найманнан шыққан Ерден де Алды-артына қарамай, Ол да кетті жарамай. Мұның бәрі Кенеге Қасірет болды бір талай», дейді (Хан Кене, Алматы «Жалын» 1993ж. 199-б.)     Сөйтіп, біз Жапалақ батыр да екі жақты саясат ұстанған өз заманының саясаткері болған ғой деп ой топшылаймыз.

     Алайда, ел аузында Кенесары  Жапалақтан бір  мың жылқысын Қамбардың Көкшетауы деген жерінде қыстатып беруін сұрап,бас жылқышысын жібергенде оған келісімін беріп,жылқысын қыстатып беріпті деген сөз бар. Бұл  азаттық қозғалысының көсемі Кенесарыны қолдағаны болса, Б.Нәсеновтің  жоғарыда аталған кітабының «Кенесары және Абыралылықтар» деген тарауында мұрағаттан 1841 жылғы 5 маусымында Орынбордың Шекаралық комиссиясының бастығы  генерал-майор Генске жолдаған Кенесары мен Көшек Қасымовтардың мәлімдеме хатында 1825 жылы  сол кездегі Қарқаралы округінің сұлтаны Жамантай Бөкеевтің тапсырмасымен, дуанбасы (мұрағат  материалында осылай делінген) Иван Семенович Карбышевтің басшылығымен,Қаракесек руының қазағы Жапалақтың жолбасшылығымен олардың ағалары сұлтан Саржан Қасымовтың  ауылын шапқанын,онда кісі өлімі болғанын, көптеген малдарын алып кеткенін хабарлайды. (Б.Н. «Кенесары және абыралылықтар» тарауы 11-бет.) Бұдан біз мұны Жапалақтың орыс ұлығының бұйрығын орындағаны деп білеміз.

      Ал мұндай Кенесарыға қатысты жайлар Орта жүздің белді деген айтулы аға сұлтандарының да бастарынан өткен. Оған дәлел Мұхтар Әуезовтің «Абайды танып білмек парыз ойлы жасқа» деген кітабының «Абай өмірінің алғашқы нұсқасы (1927-1933)» деген бөлімінде: «Құнанбайдың бұдан соңғы ел есінде қалған бір ісі-орыс ұлығының бұйрығы бойынша Кенесарыны қуғандығы.Тегі Кенесарының Ұлытау, Кіші таудан көшіп, Ұлы жүзді бетке алып бара жатқан кезі.Құнанбай старшын күнінде Кенесарыны қуа шыққан орыс отрядымен бірге қазақтан кісі алып қоса қуысқан.  ... Кейін атыс болғанда Жуантаяқ Төбет деген батыр Кенесарының қолының бір батырын қуып найзаламақшы болған екен,соны Құнанбай сабапты» дейді. (Алматы «Санат» 1997 ж. 109-110-б.)

       Сондай-ақ тарлан тарихшы Е.Бекмұқанов «Қазақ халқының  Кенесары бастаған азаттық қозғалысы» деген тарихи монографиясында «... патша әкімшілігімен тығыз байланысы бар Баянауыл округінің кейбір билері мен сұлтандары көтеріліске қосылуға мәжбүр болды.150 үймен  ірі  феодал  Мұса Шорманов,сұлтан Елемес Жайнақов қосылды.Алайда, қозғалыстың даму барысында олар көтерілісті сатып кетті» дейді.   (Хан  Кене. Алматы  «Жалын»  1993 ж.  314-б.)

       Тағы да Доскей ақын Әлімбаев «Кенесары» поэмасында осы жайтқа байланысты:

 «Наград берем деген соң

Қыпшақтан кетті Ыбырай.

Советник боп Тұрлыбек

Ол да кетті сұмырай.

Басентиін Мәсеке,

Шыдап тұрсын ол қалай ?

Қаз дауысты Қазыбектің

Әруағын аттап,сыйламай,

Ауылынан кетті Шалғынбай.

Жемсауы кеуіп параға,

Тобықтының елінен

Суырыла шықты Құнанбай.

Найманнан шыққан Ерден де

Алды-артына қарамай,

Ол да кетті жарамай.

Мұның бәрі Кенеге

Қасірет болды бір талай», дейді (Хан Кене, Алматы

«Жалын» 1993ж. 199-б.)

    Сөйтіп, біз Жапалақ батыр да екі жақты саясат ұстанған өз заманының саясаткері болған ғой деп ой топшылаймыз.

Ұқсас материалдар