Қандастар Ассамблея

«Ахыска» түрік диаспорасы

01.03.2014 9848
Қазақстанға тағдырдың түрлі жолдарымен келген жүз жиырмадан аса ұлт тұрады. Әр ұлттың өзіне тін тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, тілі мен діні бар.
Қазақстанға тағдырдың түрлі жолдарымен келген жүз жиырмадан аса ұлт тұрады. Әр ұлттың өзіне тін тұрмыс тіршілігі, мәдениеті, тілі мен діні бар. «Өзге ұлтсың» деп бөліп тастамай, қашанда қонақжай атанған қазақ ұлты мен кең байтақ қазақ жері оларды өз құшағына алды. Қазақпен терезесі тең ұлттардың бірі түріктермен таныс болайық. 
 
Түрік мәдени орталығы 1991 жылы ақпан айында Алматы қаласында құрылып, 1996 жылы Қазақстан Республикасының түрік қоғамы деп өзгертілген. Қоғамның филиалдары Қазақстанның оңтүстік аймағы мен оның аудандарында да ашылған. Түрік ұлттық мәдени орталының төрағасы ретінде Курбанов Шамиль Мажилисович тағайындалған. Орталық өз қызметін мәдениет деңгейінің көтерілуіне, әдет-ғұрыптары мен ұлттық сананың сақталып қалуына және өз ұлтының білімін көтеруге бағыттаған. Түріктердің көп шоғырланған Алматы, Тараз, Шымкент қалаларында түрік тілін үйрететін бірнеше оқу орны жұмыс істейді. Түрік диаспорасы өз араларында өкіл кеңесін сайлап отырады. 
 
Республикалық, облыстық, аудандық, ауылдық шараларға белсенді түрде қатысып, атсалысып тұрады. Қоғам филиалдары салауатгы өмip салтын ұстануға, келер ұрпақты төзімділік, адамгершілік рухында тәрбиелеуге ерекше көңіл бөледі. «Ахыска» Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетін өзара байытуға, Қазақстан мен Түркия арасындағы жан-жакты мәдени байланыстарды дамытуға себебін тигізуде. Осы ұлт өкілдерінің ішінен түрік халкының тарихын зерттеумен, тілін, мәдениетін, салт–дәстүрін сақтаумен және дамытумен және мәдени ағарту қызметімен айналысатын патриот азаматтар шыққан. 
 
Түрік ұйымы диаспорада туындаған мәселелерді шешеді, Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердің мемлекеттік және қоғамдык бірлестіктерінде түріктердің мүддесін қорғайды. Қазақстан түріктері арасында “Чичеклер” атты би ансамблі құрылған. Би ұжымы Қазақстан халықтар Ассамблеясы ұйымдастыратын барлық мерекелік іс-шараларда белсенділік танытады. Олар көркемөнерпаздар фестиваліне қатысып, бірнеше мәрте лауреат атағына ие болған.  2001 жылы “Тәтті бұлақ” атты түрік тіліндегі көркем фильм жарық көріп, көрермендердің оң бағасын алған. Бұл көркем фильмнің сюжеті Қазақстандағы түрік диаспорының салт -дәстүрін, өмірі мен мәдениетін көрсетеді. Қазіргі таңда “Парыз” атты екінші  көркем фильмнің түсірілімі болып жатыр. 
2001 жылдан бастау алған гюреш атты түрік ұлттық күресі жыл сайын өткізіліп тұрады. Бұл сайысқа Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстанның спорт  шеберлері қатысады. Бейбітшілік пен ұлт ынтымақтастығын сақтай отырып, Қазақстандағы түрік қоғамының ұлтаралық қызметін ең басты мақсатқа қойып отыр.  
 
«Ахыск» түріктері - 1944 жылдың қараша айында Сталиннің өктемдігі кезінде Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған халықтардың бірі. Оның тарихи Отаны – қазіргі Грузияның оңтүстік-батыс аудандары саналады. Кезінде осы аудандар Осман империясының құрамына еніп, Ахыск патшалығын құраған. 1829 жылғы түрік-орыс соғысынан кейін аталмыш жерлер Ресей империясының қол астына өтіп, Ахалцих уезд атағын алған. Осы кезеңде шекара жабылып, түрік халқымен қарым қатынас үзіліп қалады. Сол уақыттан бастап “Ахыск” түріктері деп аталып, жаңа түріктер тарихы басталды. Олар өздерінің түп тамыры түрік ұлтынан тарағандықтарын мойындайды.. 
 
Дүниежүзі бойынша түркі тілінде сөйлейтін халықтардың ең үлкен тобы – түріктер. Олар түркі тілдес халықтардың оғыз тобына жатады Қазақстан Республикасында  тұратын ұлттар арасындағы саны жағынан көбірек түрік өкілдері болып саналады. 1995 жылғы мәлімет бойынша әлемде түріктер 55 миллионға жуық адамды құраған екен. Түріктер Кіші Азия, араб елдері, Кавказ бен Орта Азия, Қазақстан, Австралия, Оңтүстік Америкада – атап айтқанда, бес алып құрлықтың бесеуінде де тұрады. 
 
Әміршілдік өктем жүйенің озбырлығын тартқан ұлыстың бірі – месхет (Ахысха) түріктері. Осман түріктерінің ата қонысы Месхетия-Жауахетия өңірін 1829 жылы Ресей жаулап алып, жергілікті халықтың өз елімен арасы үзіліп қалды. 
Қазақстандағы месхед түріктерінің коғамы шығарған "Возвращение" газетінің бір санында 1941 жылы Грузияның Түркиямен шекаралас бес ауданын мекендеген месхед түріктерінің жігіттерін майданға аттандырған, осы кезде  40 мың түріктің 26 мыңы қаза тапқан. Түрік ұлтынан жеті адам Кеңес Одағының Батыры атағына ие болса, мыңдаған адам түрлі марапатпен мадақталған. Алайда НКВД жендеттері тылда адал еңбек етіп жүрген 139 мың месхед түркін жанұясымен қоса түгелдей зорлықпен 1944 жылдың салқын күзінде қияндағы Кіндік Азияға жер аудартқан. Олардың 17 мыңы жолда суықтан, аштықтан, ауру-сырқаудан мерт болған. Осындай қатал тағдырдың тәлкегі бір тұтас халықтың өмірін өзгерткен. Қазіргі таңда месхед түркінің көпшілігі Казақстанның онтүстігіне шоғырланған. 
 
XVI ғасырда тайпалардың бір этникалық топқа бірігуінен түрік халқы қалыптасты. Қазіргі түрік халқының құрамында бірнеше этнографиялық топ сақталған. Түріктер арасында Еуропаның солтүстік өңіріне тән көгілдір көзді, ақсары өңдісі де, қалың шашты, қаба сақал қараторысы да кездеседі. XIV ғасырда Кіші Азияда әскери-феодалдық түрік мемлекеті құрылды. Бұл феодалдық хандық алғашқы князінің есімімен Осман мемлекеті деп аталды. XX ғасырдың басында Антанта елдері интервенция ұйымдастырып, Грецияны түріктерге айдақтады. Англия, Франция, Италия және Грецияның біріккен күшіне  тойтара төтеп бере алды. Елде ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Ұлттық буржуазияның өкілі, көрнекті әскери қайраткер, генерал атағы мен паша лауазымына ие болған "Халықтық республика" партиясын ұйымдастырушы Мұстафа Кемал осы аталған азаттық күресінің қолбасшысына айналды. Шетелдік интервенция мен реакцияшыл сұлтандық үкіметке қарсы бағытталған азаттық соғысын «кемальшылар революциясы» деп атады. Түріктердің бірлігі мен жанқиярлық күресінің арқасында ел тәуелсіздігі сақталып қалды. Сұлтандық біржола жойылып, Түркия республика больш жарияланды. Түркияның тұңғыш президенті Мұстафа Кемалға паша лауазымы, маршал және жеңіспаз атағы, ал 1934 жылы ұлттық  мәжіліс ұйымдастырылып Мұстафа Кемалға Ататүрік атағы берілді. Ататүрік өз мемлекеті үшін аянбай еңбек етіп, хұқық пен мәдениет, экономика мен тұрмыс салаларына өзгерістер енгізді. Ішкі және сыртқы саясатты шебер жүргізе отырып, Кеңестер Одағымен достық, туыстық қатынас орнатуға тырысты. 1921 жылы наурыз айында РКФСР мен Түркия арасындағы достық пен ынтымақтастық шартына қол қойылды. 
 
Ататүріктің ізін жалғастырушы, ұлы жетекші саналған елдің сегізінші президенті Тұрғыт Озал болған. Ол басқарудың авторитарлық бағытын ұстанбағаны үшін сұлтан аталып кеткен. Жетпісінші жылдары Түркияда жұмыссыздық пайда болып, халықтың жағдайы нашарлай бастайды. Алайда Тұрғыт Озал өз ісінің шебері, жетік саясаткер ретінде экономикаға реформалар енгізіп, аз уақыт ішінде елді тығырықтан шығарып алады. Шетелден тәжірибе жинақтап, түрлі мамандықтарды игеріп, өз елінің өндіріс қарқынын дамытты. Ауыл шаруашылығындағы жетістіктер Түркияны толықтай азық-түлікпен қамтамасыз ете алды. Соңғы онжыл ішінде әлемдік көштің алдыңғы қатарына шығара алған Тұрғыт Озалды шетелдіктер "Түркиядағы экономикалық ғажайыптар атасы" деп те атайды.
 
Қазақ әуендеріне сабақтас келетін түріктің музыка өнері барынша дамыған. Түрік музыкасыңда хиджаз, зенгуле, курды, гулистан секілді мақам көп. Түрік халық саз аспаптары түрі жағынан аса бай. Шекті аспаптары: мейдан, сарай сазы, бозық, бағлама, тамбур, жура, булгари, чалғы, чеку, чоғыр дабылғы, дамбура, дынғыра, габут, кеманча, кожесан, гумуз, тар, рұзба, чеште, бункар. Би музыкасының тынысы боп есептелетін үрлемелі, ұрмалы аспабына ребаб, тамбур, уд, ковар, дюдюк, зурна, дэф, давул т.б. жатады. Түркия республика боп жарияланғаннан кейін Стамбұл, Анкара, Измир консерваторияларының, сондай-ақ Анкара оператта театрының ашылуы профессионалдық музыканы дамыта түсті. Би өнері де барынша дамыған. 
 
1933 жылы Түркияда Қожа Ахмет Яссауи қоры ұйымдастырылды. Түрік мемлекеті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи мұражайын, Қызылқұм ауданындағы әзірет Сұлтан Арыстанбаб мазарын, Отырар мұражайын жөндеп, қалпына келтіру, безендіру жұмыстарына, білікті мамандар мен шеберлерді оқытып даярлау ісіне көмектерін аямауда. Алматы қаласы мен Ұзынағаш ауылына жаңа мешіттің қабырғасын қалауға көмектесті.  
1944 жылғы қақаған қыстың қараша айында тағдырдың қатал тауқыметімен қасіретті қара күнінде Грузияның Қара теңіз жағалауынан зорлықпен, ұрып соғумен көшірілген мыңдаған түрік қазақ халқының қонақжайлылыға мен бауырмал көмегі және шапағат-мейірімінің арқасында тіршіліктерін одан әрі жалғастырып, өсіп-өнді, дамыды. Қазіргі таңда елімізде 200 мыңнан астам түрік тұрады. 
Түрік тілінде білім беретін мектеп пен лицейлер көп.  Алматы облысының Қаскелең кентінде Сүлейман Демирелі атындағы үлкен ғимаратта және Алматы қаласында «Карьер» университеттерінде қазақ пен түрік студенттері жоғары білім алуда. Қаламыздың кез келген жерінен түріктердің өте тойымды әрі дәмді дөнер орталықтарын кездестіруге болады. Қазақ даласындағы құрылыс саласында да түріктердің атқарып жатқан жұмыстары жеткілікті.  Асханалар мен тойхана, шағын кафелерді де көптеп кездестіруге болады. Түрік диаспорасы азаматтарының көмегімен қазақ, орыс және түрік тілдерінде жарық көретін “Ахыска” атты Республикалық газеті өз оқырмандарын тапқан.
Стамбул қаласында құрылған «Туркуаз» компаниясы 1992 жылы Қазақстанда да ашылды.  Одан кейін Turkuaz International Trade  Company фирмасы еліміздің басқа да қалаларында ашыла бастады.  Сонымен қатар «Туркуаз» компаниясы  Қырғызыстанда, Өзбекстанда, Тәжікстанда да өз қызметін көрсетуде. 1998 жылы “Туркуаз” компаниясының бас офисі Стамбул қаласынан Алматыға ауыстырылып, ашық акционерлік қоғам болып қалыптасты. Штат тізімінде мыңнан аса қызметкері бар бұл компания үш бағытпен жұмыс істейді. Он бір фирма, жиырма екі жергілікті офисі бар.  
Туркауаз топ компаниясы тауарды өткізу мен жұмыстың сапасына көңіл бөледі. Фирма өз ішінде бірнеше топқа бөлінген: Сentral asia trading (cat) – азық-түлік, жеке гигиеналық  және тазалық заттары, Intermarketing company (IMC) – азық-түлік, жеке гигиеналық  және тазалық заттары, туркуаз телеком – GSM ұялы телефондар стандарты және қызметі, Квантум – отомотив  автомашина аккумулятарлары және мотор майлары, Идеал – строй  құрылыс материалдары, Turkuaz dis tícaret -  импорт және экспорт, Turkuaz – yda stroy Мердігерлік  қызметтер, Turkuaz invest – Жер учаскелері бойынша, жоба іздеушілік  ісі, Turkuaz machinery- ауыл-шаруашылық техникаларын сату, Turkuaz  edible oil - өсімдік майларын өндіру, Turkuaz tourism network (TTN) – Туризм.
Қазіргі таңда халықты жұмыспен қамтамасыз етіп отырған түріктердің бұл компаниясының елімізге келтірер пайдасы мол. 
Қазақстандағы түріктердің «Алтынбашак», «Өздилек» және «Туана», «Зуго» текстильдерін қолданып көрмеген жан жоқ шығар. Төсек жабдықтары, жамылғыш, сүлгі, жастық, көрпеше тағы да басқа өнімдерінің сапасы өте жоғары болып саналады. «Атакент» Қазақстанның Іскерлік Ынтымақтастығының Орталығында «Бахче сарай» салтанат үйі бой көтерген. Оның да басшылары түрік ұлтының өкілдері. 
Түрік халқының Қазақстандағы «Ахыска» атты мәдени орталығының төрағасы  Зияддин Исюмханович Касанов: «Тағдыр тәлкегіне ұшырап, кіндік қаны тамған, бабаларының зираты жатқан ата қонысынан көз көрмеген, құлақ естімеген елге күштеп көшірілген бейкүнә жандардың қасіретіне түсіністікпен, аяушылықпен қараған қазақ халқы түрік ағайындарына да көмек қолын созды» деп өз алғысын білдірді.
 

Ұқсас материалдар