Қандастар Ассамблея

Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік сыйлады

10.07.2013 2243
Тараз қаласында «Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты» ММ-нің екі спорт залы ашылды. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиынға «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Аталған спорт залдар құрылысына 300 миллионнан астам теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың 21 тамызында басталған, олардың жалпы көлемі – 1247,32 кв.м, биіктіктері – 10,5 м. Әмбебап спорт залдары ойын спорт түрлері бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуге арналған (волейбол, баскетбол, гандбол, мини-футбол), сондай-ақ, спорт залдарда ойын спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізуге болады. Спорт залға 3 қабатты ғимарат тұрғызылған. Оның бірінші қабатында: техникалық бөлме, жаттығу залы, киім шешетін бөлме, душ бөлмесі, екінші қабатта: әдіскер және медициналық бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі және душ бөлмесі, үшінші қабатта таеквондоға арналған зал орналасқан. Ал «Амир и Д» ЖШС-нің атқарушы директоры Ләззат Айткулова облыс тұрғындары атынан жамбылдық палуанға Тоyota land Cruiser 200 автокөлігінің кілтін тапсырды. Baq.kz

Тараз қаласында «Облыстық мамандандырылған спорттағы дарынды балалар мектеп-интернаты» ММ-нің екі спорт залы ашылды. Жамбыл облысының әкімі Қанат Бозымбаевтың қатысуымен өткен салтанатты жиынға «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы Бейбіт Ыстыбаевқа автокөлік тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Аталған спорт залдар құрылысына 300 миллионнан астам теңге бөлінген. Құрылыс жұмыстары 2012 жылдың 21 тамызында басталған, олардың жалпы көлемі – 1247,32 кв.м, биіктіктері – 10,5 м. Әмбебап спорт залдары ойын спорт түрлері бойынша жаттығу жұмыстарын жүргізуге арналған (волейбол, баскетбол, гандбол, мини-футбол), сондай-ақ, спорт залдарда ойын спорт түрлері бойынша жарыстар да өткізуге болады.
Спорт залға 3 қабатты ғимарат тұрғызылған. Оның бірінші қабатында: техникалық бөлме, жаттығу залы, киім шешетін бөлме, душ бөлмесі, екінші қабатта: әдіскер және медициналық бөлмелер, жаттықтырушылар бөлмесі және душ бөлмесі, үшінші қабатта таеквондоға арналған зал орналасқан.
Ал «Амир и Д» ЖШС-нің атқарушы директоры Ләззат Айткулова облыс тұрғындары атынан жамбылдық палуанға Тоyota land Cruiser 200 автокөлігінің кілтін тапсырды.

Baq.kz

Ұқсас материалдар